Жын-шайтанның патшалығы — мастар елі.

Бөлім: Жын-шайтан және перілік 183

Normal 0 false false false RU X-NONE X-NONE /* Style Definitions */ table.MsoNormalTable {mso-style-name:"Обычная таблица"; mso-tstyle-rowband-size:0; mso-tstyle-colband-size:0; mso-style-noshow:yes; mso-style-priority:99; mso-style-parent:""; mso-padding-alt:0cm 5.4pt 0cm 5.4pt; mso-para-margin-top:0cm; mso-para-margin-right:0cm; mso-para-margin-bottom:10.0pt; mso-para-margin-left:0cm; line-height:115%; mso-pagination:widow-orphan; font-size:11.0pt; font-family:"Calibri","sans-serif"; mso-ascii-font-family:Calibri; mso-ascii-theme-font:minor-latin; mso-hansi-font-family:Calibri; mso-hansi-theme-font:minor-latin; mso-bidi-font-family:"Times New Roman"; mso-bidi-theme-font:minor-bidi; mso-fareast-language:EN-US;}

Сыртқы сансыз адам баласының қажетін өтеу үшін қызметке тұрған жаратылыс нәрселерінің біздерге өз заманымызға сай ғана белгілерінен аз ғана хабарды дінімізді жетілдіру барысында Раббымыздың көрсетуімен, пайғамбарлар өсиеттері және кітаптарымен салыстырып қана мағлұмат аламыз. Сондықтан екі аралықтағы, көктегі сыртқы жаратылыс егелерінің адам тәніне, жанына әсерлерін зерттеу бүкіл әлем ғалымдарының ортақ ісі және өзара пікір таластар арқылы ғылыммен жүйелейтін де уақыт жеткен сияқты.

Әзірге біздің білетініміз өзіміздің көзбен көріп, қолмен ұстағандай ауруларды, рухани дерттенгендерді емдеу барысында жинаған аздаған тәжірибелер ғана. Сонда да болса аз да болса мағлұмат бере кетейік. 17-ғасыр мен 18-ғасырдың бас жағында ағылшын ғалымдары адам асқазаны, ішектерінде болатын; «хлористий натрий», «натрий хлориді» деген қышқылдардың адам іш құрылысында көбік және түсі күйдірген кірпіш түрінде болып, адам баласына теріс ақпарат беретін, мінез-құлқын өзгертетінін ескертіп, оны болашақта ислам ғалымдары себебін табатынын, емдеу жолдарын ашатынын ескерткенін, сопылық кітаптарды зерттеу барысында оқыдым.

Қазіргі таңдағы жалпы әлем халқының есі кетіп, мас адамдай сөз түсінуден қалып жындану себебі де осы іш-құрлыстағы өмір сүру ережесін бұзудан пайда болған құбылыс. Оны аталарымыз кезінде «жын-шайтанға» (шизофрения) айналған адамдарда болатын іштегі жылан деп атаған. Бұндай дыбыс беруші  жыландар адам асқазанында, іш құрылысында 40-қа дейін  болатынын, оны қалай тазарту амалдарынан да аздап тәжірибе жинадық. Ондай кеселге түскен әйел-еркектің мінезі бүгінгі таңда көпшіліктен ажырату қиынның қиыны, тек құран аяттарын оқу барысында және сұхбат барысында анықтауға болады. Ең оңай жолы аруақпен байланысып сұрау арқылы тез нәтиже береді. Бұған енді «белорус» ғалымдары егеуқұйрықтың ішегінің сыртқы сілекей қабығына дәрі егу арқылы жынданып, еш нәрседен қорықпай кететінін тапты. Осы сілекей қабығына іштен ас арқылы немесе зина жасаудан кірген теріс ақпараттар, шеріктер ішек құрттарына айналып ішек сыртының кілегей ақпарат жүйесіне жалғанып, енді өңеш арқылы тамақтан миға жалғану үзілгенде адам сол сәтте жындардың басқаруына көшеді, яғни жынды адамға айналады. Бұл әйелдердің жалаңбас басын күтпеуінен  және ішімдіктерді пайдалануынан тамақ сілекейі кеуіп, ми ажырап, ойлану қабілеті жойылып, азғындаған сайын азғындыққа түсе бастайды. Еркектерде сол сияқты, әсіресе шылым тартатындар арасында осындай жындылық қылықтар көп кездеседі. Қазақта «Ішек-сілесі қатып күлу» деген сөз бар. Ішектегі осы ішкі сілекей қабатын және ет пен тері ішек сырты «гель» жын үйін «сіле» деп атап «сілесі қатып» науқасқа шалдығатынын ескерткен. Яғни, осындай рухани дерттердің дүние қайғысын ғана ойлайтын, ақиреттен, өлім заңдылығынан қайғысыздан пайда болатынын «Қайғысыз қара суға семіреді», «Көп күлген бір жылайды» деп осы заманға жастардың шектен шыққан мастығына қоса мас болып жынданған үлкендеріміздің де тәнінде «сілесі қатып», асқазандарында жыландар ұя салғанынан болады.

 Енді «дін апиын» дегеннің астарында да дінді тек намаз оқу және түрлі «мұсылмандық шарт» деген және құраннан тыс арапша аяттарды пайдаланып, екі тілде ысылдап сөйлеп, құранды бас аяғына дейін жаттап, тән тазалығын сақтамайтындар арасында да осындай ордалы жыландар пайда болып, бір сәл нәрсеге ашуланғанда немесе жаратқаннан сынақ келгенде өзін-өзі өлімге байлау немесе бүлікшіге айналу осындай діни надандықтан пайда болатын кесел. Бұл мақаланы қозғап отырған себептің өзі алда осындай қазақ еліне үлкен қасірет төніп тұрғаны даусыз. Оған енді мазһабшыл имамдарымыз, молдаларымыз, намазхан жастарымыз жаппай науқастана бастағанда үкіметтің ойдан шығарған заңы түкке де аспай қалатыны даусыз. Және оған енді ең басты себеп – шаруашылық әдістерінің дамығыны соншалықты, адам баласы бәрін өзіне пайдалы деп есептеп, тәнді өзінің еркіне беріп қойғандай аздырғандықтан жас, күйеуге тимеген қыздарымыз да сасып, шіріп, ауру иістерді кетіру үшін түрлі иіс сулармен жын-шайтанның иісімен араласып, енді оны тамақпен қоса жеп, хайуан сияқты кез-келген жерден, кез-келген ыдыстан тамақтанғасын  дәретін, киімін, етегін қалыптастырмаған әйел затының арасынан іш құрылысында жыланы жоғын табу мүмкін емес.

 Бұндай жағдай енді етегін жауып, басына орамал байлағандар арасында тек намаз оқып тазарасың деген қызылбастық намазға жүгінгендер және зікірші, түрлі сопылық ағымдар арасында да жеткілікті. Жын-шайтаннан құтылатын амал – киелі жерлерден, бұлақтардан суға шомылу және қамшымен емделу ғана. Бірақ бұған жын-шайтанға көмекке тұрған діншілеріміз де, ел басындағы, сөз басындағы бастықтар да қарсы соғыс ашып, енді өздерінің жанұяларына, бастарына түскен азап, түнектердің оралып жатқанын сезер де емес. Бұл жағдайда дәрігерлер қауымы да, заң және сақшы қызметіндегілер де қашып құтыла алмайтын  от бастарына да сынақ келіп тұр.Енді бұндай пенделерді үш топқа бөліп қарауға болады. Шайтаны басым, жыны басым және жын-шайтаны қатар, яғни іштегі жыланы өскендер. Негізгі ортақ белгісі сөздің бұзылуынан және екі тілді, екіжүзділік істерінен байқауға болады. «Пайғамбарымыздан: «Дүниеде екі тілді болған, екі түрлі сөйлеген кісіге қиямет күнінде Алла тағала оттан (шайтаннан) екі тіл береді.» (Әнестен 9-өсиет) Екінші белгісі күншілдік, іштегі сіленің қатуынан пайда болатын іштарлық, қызғаншақтық. Бар жақсылықты теріске бағалап, дүниемен ақшамен есептеп, артын тексеріп, үнемі күмәнданып, болмаса түзетуші болып байбаламға басып жүру қалыптасады.

Бұндай жағдайды пайғамбарлар өсиеті философиясына жүгінсек; Алла тағала тағдырына қол сұғу, құлдарына берген нығметін қызғану, не рухани бағын көре алмай, ол игіліктер одан кетіп, маған болса екен деп ойлаудан, сондай-ақ мансап, дәрежесін басқалардан көрген құрметін қызғану, біреулердің ілгерілеуін, рухани өсуін де қаламау, яғни қара түнектің қақпанына түскен мұндай пенделер шындықты көрмейді. Сондықтан жүректері жабылып жаратқаннан келетін аян, уахилар тоқтап зұлымдықтар істеп, өтірік айтып, тіптен дүние үшін кісі өлтіруден де тайынбайды. Тағы ерекше белгісі; еркек пенденің әйел мінезді болып, иіс сумен, түрлі жылтырақтарға құмар және қазан-ошаққа араласып, іші тар дүние қоңызға айналуымен, керісінше әйел адамының еркекке еліктеп, мінезінің іріленіп, боқтықпен аузын былғап және атақ, дәреже құмар, тәкаппар, қатігез, аналық мейірімнен, әйелдік жіңішке мінезінен жұрдай болуынан айқын болады. Бұндай адамдар ғалымдардың да, сопылардың да, әкім ел басшылардың да, ақын-жазушылардың да арасынан көптеп кездесіп, бұлар толық мұсылман болып табылмайды. «Пайғамбарымыз сахабаларына: Сендерге сендерден бұрынғылардың күншілдік, дұшпандық ауруы жүктелді. Бұл тақырлап шашты қырған демеймін, бірақ дінді тақырлап жояды. Басқаша айтқанда, сендерден бұрынғылар бірін-бірі көре алмастық, қастандықпен діндерін жойған еді. Соларша сендер де бір-біріңе қызғаныштық, көре алмастық істеп, діндеріңді жоймаңдар.» (4-ші өсиет).

Осындай жағдай муфтият діншілері арасынан  белең алып, көре алмастықпен жақсылыққа тыйым салып, құдайдың атын жамылған, ойдан шығарған өтірік тәпсір сөздермен ел басын да, заң орындарын да алдап соғып, ақыры ата-салт дінімізді қудалаумен енді елді жаппай қасіретке тіреп, діннің жоғалуына әкеліп соқтырған себепті қанша дәлелдегенімізбен, оны түсінетін халқымыздың философия, теология, психология даналық мектебі де жалған тәңірге табынып, бастарын күте білмегендіктен милары сасып, күзетші кісілерін өздері қолдарымен өлтіргендер қатарынан болып табылады.

«Пайғамбарымыз: Әр адамның басында бір жағы періштенің қолында болған тізгін бар. Адам кішілік қылса, тізгінді тарт делінеді. Тәкаппарлық етсе «тізгінді қоя бер» делінеді.» (19-өсиет) Демек, бұл қауым өздерін төмендегі біздермен салыстырып мақтанға, тәкаппарлыққа түскесін тізгінін шайтанға ұстатқандар болашақта атақ-абыройдан жұрдай болатынын сезер де емес. Жаратушымыз осындай жынданған елге қиямет мезгілін түсіріп; «Мұхаммед: әрбір көп ант ішкен ынжықтарға бой ұсынба (10) Өте айыптағышқа да, (11) Жақсылыққа тыйым салушы, шектен шығушы күнәкарға да, (12) Сотқар, сондай-ақ тексізге де,(13) Бұлар малды, балалы болса да. (14) Оған аяттарымыз оқылған сәтте: (өліктерден түс, аян көрсетіліп бата, уахи оқылғанда) «Бұрынғылардың ертегісі» (аруақтар сөйлемейді) деді. (15) Жуырда оның мұрнына дақ саламыз. (16) Бұларға бақша иелеріне пәле бергендей пәле бердік...» (68-17) .

Мұрынға дақ түсу дегеніміз мұрынның үстіңгі жағындағы екі қас аралығындағы (индиялықтардың бояу жағатын, балаларға күйе жағып ырымдайтын орны) жоғарғы жүйке орталығынан теріс қуаттардың – шеріктердің, тіл көздердің еніп, іштегі құрттардың жыландарға айналып өсуімен,  адам баласының түрлі індет, тымау ауруы мен есінен айырылу, жындану, тәні шіріп, терілердің іру дертіне ұшырауын туындатады. Енді бұлардың негізгі себептеріне тоқтала кетейік:

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *