Діл-жан сыйы мен тән сыйы.

Бөлім: Ата жолы кітабы №4 74

     Атымдайдай жомарт болып, нәпсінің жомарттығына қалай жету мен жуандық пен зұлымдықты өлтіретін кереметті әулиенің қалай батасын алуға болатынын алдағы басылымға қалдырып, енді пайғамбарымыздың; «барлық құлшылықтың ортасын табыңдар» деген өсиетін үлгіге алып иман гүлінің ортасы махаббатың негізі — сөз сұлулығы мен үн сұлулығына жеке тоқтала кетейік.

Сөз сұлулығынан айрылған қандай да бір еркекті-жынды, ал әйел затын-шайтан деп атайды. Оған себеп шайтан негізі судан пайда болғандықтан, судан қорықпайды оттан қорқады және шайтаны өскен қандай да адам баласының дауысы жіңішке және жіңішке нәзік үнді болып келеді, негізінен әйел затына тән қасиет. Ал жын жуан дауысты адамдар тобына жататын қуаттың, күштің белгісі болып, хайуандарға тән қасиет болғандықтан, жынның патшасы арыстан болып табылады. Аталарымыз: «Қатын дауысты еркекте қуат болмас, еркек дауысты қатында ұят болмас» деп ескерткен екен. Сөз — тәннің сыйы еркектің тазалығынан пайда болса, үн — жанның сыйы әйелзатының ар-ұяттылығынан қалыптасады. Үн судың буы болып, әйел затының бойын қалыптастыратын өріс негізін құрап, ал сөзден от шығып еркектің зейнет киімін қалыптастырады. От пен судың өнімі зейнеті әуелі неке арқылы жұбайлық өмірде өзара махаббатпен алмасу болып, бір-біріне зейнет киімін сыйлап, ал үшінші рухани киімді жер бетін кезіп 40 шілтенді тауып алуды ескертеді жаратушымыз.

       Енді осы зейнет киімінің ар-ұяттың қағидасын сақтамаған зина жасаушы немесе әурет, ұятты жерін қорғамаған әрбір әйелдің зейнет киімі, өрісі бұзылып, оның орнына сөз қуаты шеріктер қосылып тәні де, жаны да арамданады. Көкірегін жаппайтын, басы, мойны жалаңаш әйелдің қолы арасы, аналық бездері арамданып яғни қол арасынан жала жабушы, ауру таратушы болып табылады. Сондықтан аталарымыз: «Ауру — астан, дау — қарындастан» деп ескерткен. Екінші, әйел затының алдыңғы жыныс зейнет сызығын «арай жап» деп атап, етекті қыздың, әйелдің жыныс мүшесімен басталып жерге дейін екі аяқтың арасы су буымен, күміс өріспен жабылып оның толық жетілуін бой жеткен деп атаған. Ал еркек затында ондай өрістің болуы мүмкін емес, сондықтан шалбар киіп аяқ арасы ашық болғасын «бойдақ» болып аталады. Тек неке арқылы әйелге от киімін беріп, орнына екі аяқ арасындағы өрісін алып және 40-тан кейін ғана «бой-дағы» толық жабыла бастайды. Сондықтан қазақта 40-тан асқан ер азаматтар бұрын үнемі шапан киген. «Жүбайыр; «Маған, сенде тәкаппарлық бар дейсіңдер. Негізінде мен есекке міндім, шекпен кидім және қой саудым». Сонда пайғамбарымыз; «Бір адам бұларды істесе, онда тәкаппарлықтан әсте бір нәрсе болмайды»-деді.» (Термизиден) Етекті әйелде ғана болатын бұл жан киімін «киіз қазық» деп атап «Тоқпағы мықты болса киіз қазық жерге кіреді» деп, яғни еркек 70 метал-металлоидтан тұрғандықтан жерге, топыраққа жатады. Әйел аяғының арасындағы киіз қазықтың қандай тазалығына байланысты еркектің жаны да солай өседі. Ал оны аталарымыз; «мама ағаш», «байтал» деп атаған немесе «адал бақан» деп үйдің шаңырағын тірейтін бақанмен салыстырған. Сондықтан: «Байтал шауып бәйге алмас» деген мақалдың жыныстық кәсіпті ескерткен және қазіргі «транссексуалдық» азғындықты да ескерткен. Осындай екі аша ағаштың үстіне көлденең ағаш қойып оған ат байлаған. Бұл негізінен әйел затының негізгі әурет жерінің адамзаттың алғашқы үйінің бейнесін көрсетеді. Сондықтан еркектің жыныстық әуретін «ат» де атап, «Үш ағашқа атын байлай алмаған еркек еркек емес»деп ескерткен. Ал аналарымыздан; «Ат айналып қазығын табар, қазығы менде, қайда барар дейсің» деген сөзді бала кезде көп естідік. Осындай адал бақанын қалыптастыра алмаған қандай қыз да, әйел де бақытсыз, екі аяқтың арасынан жала жабушы және су орнына у беретін «Сұлулығына су құйып ішесің бе?» деген атқа лайық емес азбаған әйел заты қазақта саусақпен санайтындай дәрежеге жетіп, енді ділдің соғысы яғни әйелдердің өзара соғысы жүріп, оған енді жын-шайтанға айналған еркектер бір бөлек, екінші дінші аталған еркектер бір бөлек ақырында адам қаны төгілуге әкелген сынақтар басталып та кетті.

      Егер өздерін жуан санаған, қатыны түгіл өзінің басын қалай қорғауды білмеген еркектердің шайтанын жын-шайтаннан тазарту үшін жоғарыдағы әулие мысалындай бата алуға жеткізсе саналары ашылып, ақ пен қараны ажырататын құлақ көздері ашылып, жүрекпен таразылайтын дәрежеге жетсе, қоғамда үлкен өзгеріс басталып, бұндай сынақтардан аман өтер едік. Құдайдың берген үкімдерін толық орындап Алла достары, әулиелеріміздің бастарынан өткізген халдерін жүрекпен түсініп дінді меңгеру үшін міндетті түрде 40 шілтен жаратылыс әулиесіне жалғану шарт. Және онымен қоса 7 әулиені де меңгеру керек. Бұл әулиелерді аталарымыз; 1. Әулие-дем. 2.Әулие-ат көлік. 3. Әулие-тұз. 4. Әулие-қыз. 5.Әулие-күн. 6.Әулие-жер, ел. 7. Әулие-ит. Енді сөз махаббатын меңгермеген оқушы бұл әулиелікті материалды түрде түсініп мән бермеуі сөзсіз. Бұл әулиеліктің және алдағы талқыланатын тағы 40 әулие шілтеннің негізгі жан сырын теолог, хазіреттер, философтардан сұрап іздеп көрейік те, әзірше болашақта баяндалатын жан сырының құпиясынан аз ғана мағлұмат берейік. Әулие қыз-үн-діл жемісі. Әулие тұз-еркек ұрығы хлормен, әйел жыныс қуаты натрий екеуінің қосылуынан пайда болатын етті тазартушы «імүн», «креоцеген» «ақ уыз» тұзы — ақ жаулықтың байлығы. Әйел азып екі қолы мен аяғының арасынан жала (шала) жапса; «Еңбегің еш, тұзың сор» болғаны. Оны сопылар мақамында шарап ішу деп атаған. Сол шараптың бар екенін түйсінген еркектер өз жарынан таба алмай, талай төсектерге қырау тұрып, ажырасу саны көбеюдің мәнісі де осы қазаққа тән әулиелігімізден айырылғаннан деп біліңіз. Әулие — ит-жын-мінез, күзетшің. «Күшік асырап ит қылдым, ол балтырымды қанатты!» Әулие-дем… жер кезіп дем алып және иман гүлін алып пайғамбарымыз Мұхаммед деміне қосыл! Сондықтанда «дем-..алыс..» және «алыста» көкте болады. Әулие-күн, бес күн жалған да өзіңдегімен қосып 10 күнге толтыр. Өнер ғылым ізденсең; «Он күнде 100 қой аласың» деп ескертеді Шәкәрім атамыз. Жер мен елдің әулиелігінің әсерін таза ақылы бар оқушы құраннан іздеп өзің тауып көр! Ал оны теріске алғандарды баяндап көрейік;

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *