Тәңірдің Құдайлық болмысы.

Бөлім: Ата жолы кітабы №4 57

    «Жаралыс басы — қозғалыс, қозғалысқа керек қолқабыс..» (Шәкәрім ата) Бүкіл жанды жаратылыс сөзден бастап жаратылды десек, онда осы жаратылыс басын, қозғалыс қуатын Тәңір деп атаймыз. Қозғалыс бар жерде сол қозғалыс егелерінің де сипаты айқын болмақ. Аятта; «Алла бар. Одан басқа ешбір тәңір жоқ. Сондықтан мүміндер, Аллаға тәуекел етсін.» (64-13) Бұл аяттан Алланың барлығы, қандай да бір сипатта болмасын жарық, қараңғылық, ыстық, суық, қатты, жұмсақ, ақ, қара, көрнеу, көмес, т.б. мейлі бір қандай бейнеде болсын барлық сипаты яғни бүкіл жаратылыс қозғалысын тәңір деп тәуекел етіп яғни нануымыз керек.

Абай атамыз; «Алланың өзі де рас, сөзі де рас, Рас сөз ешуақытта жалған болмас. Көп кітап келді алладан, соның төрті Алланы танытуға сөз айырмас.»

      Олай болса Алланың барлығы Тәңірлік белгісі рас сөзбен анықталып, оны 4 кітаптан толық ұғына аламыз. Адамзат баста Алланың барлығына яғни Тәңірге жалбарынып, бірақ жаратылыс егелерінің ішкі сипаттарын білмегендіктен барлық көмес қозғалыс егелерін тәңір деп атап, оны қайсысы шапағатты қайсысы кесапатты екенінің ғылымын толық түсінбенуден және оймен бағалап құлшылық етіп жаңылысудан түрлі діндерге бөлшектену пайда болды. Сондықтан жаратушымыз әрбір елдерге жеке-жеке пайғамбарлар, елшілер жіберіп түрлі қағида шариғаттар түсіріп отырды. «Замана, шаруа, мінез күнде өзгерді, Оларға кез-кезімен нәби келді. Қағида шариғаты өзгерсе де, Тағриф (рас сөзі) алла еш жерде өзгермеді.» Олай болса өзгермейтін Тағриф алла – Алланың өзі, яғни Бір Алла ешқашанда өзгермейді, өзгерту мүмкін емес. Енді онда Алланың рас сөзі яғни өзі дегеніміз Адам атаны жаратқандағы періштелерді жинап алып берген үкімімен және ібіліс періштемен бірге жаннаттан қуылып, ал кім тура жолын тауып, Алланың жарық нұрынан үлес алып, сөздері растыққа – ақиқатқа айналып жаннатына кіретін болса, сол жаратқан жанаттарын және жаннаттық сипат бүкіл жаратылыс егелерін Бір Алла немесе Алланың өзі деп атаймыз.

      Енді осы Алланың рахмет сипатын Құдай деп атаймыз. Шәкәрім атамыз; «Шыннан өзге құдай жоқ, Анық құдай-шын құдай. Ұқпай қалма алаң боп, Шын болмаса, кім құдай?» Олай болса Құдай-ақиқат өзгермейді, сондықтан Алланың бізге білінетін-ӨЗІ! Құлшылықта құдайшыл болу дегеніміз шындықпен өмір сүруді ескертеді. Олай болса, Құдайды қалай сезіп біліміз? Оның белгісі; әрбір ақылды адам баласының ішкі «Мені»- таза рухы мен жаны! Жаралыс басы қозғалыс! Тәңіріміздің ішінде барлық жаратылыс егелері қамтылады да онда тозақ та, жаннат та, түнек те, жарық та бар. Сондықтан тәңірлерің бір-ақ тәңір немесе Құдайға-Бір Аллаға, яғни Алланың бірлігіне және «Соған» сендерге көрсеткен, білдірген хикметті, мұғжизалы дәлелдеріне яғни өздеріңде тұрған Құдайдың 8 сипаты «Маған» құлшылық етіңдер»- деп бұйырады. Әрбір жаратылыс нәрселерінің адам баласына қызмет етіп, оның зиянды пайдалысы және зияны мен пайдасы қатар болатын сипаттары да бар. Адамзат сол нәрселердің білімін анықтап, зиянынан сақтанып, пайдалысына табыну керек яғни соған ұқсап еліктеп, қайталап үлгі ғибрат алу керек.

      Табыну дегеніміз ғибрат, үлгі алып ұқсауға тырысу, «Менге» айналуға тырысу болмасаң да ұқсап бағу. Абай атамыз; «Мен боламын демеңдер, Аяқты алшаң басқанға. Екі көзің аларып, Құр қарайсың аспанға. Бір ғылымнан басқаның, Бәрі кесел асқанға. Өйткен адам жолығар Кешікпей-ақ тосқанға.» Әрбір нәрсенің құлшылық қылып, табыну үшін ғылымын біліп, құр аспанға қарап намаз оқи бергенмен түбінде ібіліс-тосқанға, алдарыңда тура жолда отырып алушы, азғырушы ағайыныңа тап боласың, сақ бол деп ескертеді. Адам баласының білімінің жетілмеуінен және иманының, ата-бабадан келе жатқан әдет-ғұрып, салт-дәстүрінің сақталмауынан заман, шаруа өзгеруіне қарай шариғат амалдары өзгеріп, ақырында жаратқанға жеткізеді деген ниетпен әр түрлі тәңірлік жеке белгілерді немесе адам ойынан шыққан түрлі заң, білімдерге жүгініп, кейбір қасиетті, қабілетті, дәрежелі пенделерді пір тұтып, құдайдай көріп табынудан жалған тәңірге табыну, яғни шоқынушылық амалдары пайда болады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *