Ажал берме Құдайым!

Бөлім: Ата-дәстүр өлеңдері №4 95

Бүгінгі күнгі бұл дұғаларым,

Үлкендерге өмірді сұрағаным.

Дәстүрін тастап, тегі азған,

Үлкендерге берме деп жазаларын.

Қазақта бұл топты зиялы деп,

Үлкендер ақсақалдық жасына кеп.

Жалаңбас басын күтпей суық милар,

Қазақта бұрын мұндай болған емес.

Гүл қойып, мазақ қылған әулиені,

Діннен бөлек заңымен ел билігі.

Ақсақал жасында ғалымдардың,

Дәстүрге жат істері естілігі.

Тізсем жындылығы үлкеннің таусыла ма?

Шоқынған дүние қызық байлығына.

Білмейді сұрақ барын алдарында,

Не пайда тірісінде келмей тәубасына.

Алты жыл қазақ елі түсіп сынағына,

Құдайдың құрығынан қашуға амал бар ма?

Жандарын алма әзір деп сұраймын,

Үлкендер келсе екен ертерек тәубасына.

Ел басшы өлмесінші көзі көрсін,

Нені ұмытты, ұтылды неден, өзі білсін.

Құдай- ісін  аруағынан түсін біліп,

Түзеуге елдің көшін жәрдем берсін.

Өлмесінші әзір философ, ғалымдар да,

Абай-Шәкәрімін түсінбеген ақындар да.

Қазақтың ой мен тілін қоса алмай,

Білсінші аздырғанын елді дінші имамдар да.

Кешірім сұрап Құдай және аруағынан,

Өз қолымен түзесін шатпақ жазғандарын.

Зияраттап әулие-әмбиге құрбан шалып,

Көрсетсін үлгісін намазды орындаудың.

Өлтіре көрме құдай барлық діншілерді,

Өздері адасып, елді аздырғанын білсін енді.

Тәубеге түгел келіп орындап намаздарын,

Хикметсіз жол болмайтынын көрсін енді.

Жындарын мазақ қылған дінші мастар,

Түсінсін Құдай растығын аруағы-Бар.

Ата жолын дәріптеп әлемге жариялайтын,

Өлмесін әзір дінші, ғалым, теологтар.

Құдайға күнде осылай жалынамын,

Хикметпен рухын өлтіріп қайта оятқанын.

Бүгінгі тағдыр болашақ ұрпаққа сын,

Тегі азған, жаны жоғалар деп зиялылардың.

Құдайым мен өзіңе жалбарынамын,

Табынып Алла досына ақылыңа сыйынамын.

Күнәлі рұқын өлтір, жанын қалдыр,

Оятшы деп қазаққа тән ар-тегін, намыстарын.

(ақпан 2014 жыл)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *