Батаның қадірі

Бөлім: Ата-дәстүр өлеңдері №4 43

Жау жаңбыр жеріме жауа берші,

Көктемде жанның демін жерге әкелші.

Көгерткен жер ананы күннен шуақ,

Тіршілік дәнін жыл сайын себе берші.

Жаңбырмен жер, батамен ер көгерер,

Қазақта бата алу да болған өнер.

Жас кезде су құйып үлкендерге,

Алғанмын; «Өсіп өн, меңгер өнер»

Баталы ер арзымас дәстүр білген,

Бұл сырды жасымнан ойға түйгем.

Ер жетіп өсіп өніп, келдім ер жасына,

Батасын кім берер деп іздеп жүргем.

Қолым бос қалам ұстап кітап жазып,

Насихат сөз айттым құраннан шабыт алып.

Кездесіп бір күн Мұхамедия ағама,

Сын айтып, әзілмен даналық сөзін бағып.

Мұндай қудан тезірек қашып құтылмаққа,

Бердім саған жолымды деп, берді бата.

Өлеңмен ақындықтың жолына сара,

Дегенді; Дәстүріңді шаршамай насихатта.

Салт еді Жақып пайғамбар жолы салған,

Ысқақтай әкесінен батасын алдап алған.

Әкесі үлкен ұлын бермекке бар батасын,

Берейін үлкен ұлға пісіріп асын дайындасын.

Есау мен Жақып бірге туған егіз еді,

Ағасы Есау  туғаннан күшті батыр еді.

Қолы да, мойны да түгел жүн болғаннан,

Қосымша аты «Түкті» деген есім берді.

Рабиға анасы егіздердің  болжай білген,

Кішісін Жақыпты ерекше жақсы көрген.

Ысқақтай пайғамбардан батасын алып,

Білген-ді осы ұлдан тегіміз де көбейетін.

Ысқақтай жары қартайған көзі көрмей,

Сөзі естіп анамыз іс қылған білдірмей.

Сойғызып жас лақты, терісін алып алды,

Жақыптың қолына, мойнына орай салды.

Ас дайындап дәмдеп беріп кәрі шалына,

Мен Есау деп сипалат деп қолын алда.

Осылай Есау келмей алдап бата алып,

Пайғамбарлық әкеден қонды кіші ұлға.

Естіген ағасы Есау қайғырып қапаланған,

Маған да бата бер деп әкесіне жалбарынған.

Мендегі бір –ақ бата болған еді,

Деді оған ол киені інің сенен тартып алған.

Мен де осылай атам Жақып жолын таптым,

Мұқа ағамды сөзбен түйреп арандаттым.

Әумин дедім батасын Құдай қабыл қылғай,

Осылай батамен ақындыққа ат байлаттым.

Үлкендер тегі мықты қазақта көп,

Ұстай алмай тегін көбі таба алған жоқ.

Киесі дари алмай, құдайдан сұрай алмай,

Батасын енді күткен өзгеден қоныс іздеп.

Татарлар түркі жұрты мақалы бар,

Өлмей тұрып кәрілерді жұмсап сен қал.

Астары бұл мақалдың қашық емес,

Өлмей тұрып сен үлкеннен батасын ал.

Үлкендер білімді, ілімнен алмай киесін,

Бата алсаң берермек тегін өнер иесін.

Өлмей тұрып, риза қыл батасын ал,

Қыдыры дарып сен де енді киелісің.

(ақпан 2014 жыл)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *