V- «Терроризм»-мәжбүрлеу және экстремистік пиғылдар мен ел биліктің дін саясаты

Бөлім: Ел билігі және экстрмизм мен тероризм себептері 50

          Пайғамбарымыздың; «Әрбір жүз жылда сөз атаулары мен ұғымдары өзгеріске ұшырап отырады» деген әулиелігі де дінде жиі қолданылатын «Тажалдар» деген сөздің сыры да осы өсиетке байланысты екенін біле бермейміз. Қазіргі таңда жалпы әлем бойынша «экстремизм» атты білімнің пайда болуымен, онымен күресу жолын таба алмай заң жүзінде қудалаудың арты «терроризмге», бүлікшілдікке және ең бейбіт дін исламның әлемге жек көрінішті қауіпті ағымдарға бөлшектенуіне әкеп де осы сөз ұғымдардың зерттелмеуі мен әлем философия мектебінің рухани дағдарысқа ұшырауынан болды десек қате емес.
Мұндай дағдарысқа ұшырауға басты себепші дін ғылымының тұралап қалып, жалпы өркениеттің қозғаушы күші де, оның алға болашаққа сүйреуші «локомотиві» болатын исламдық жолдың «кинизм» бағытын ұстанумен тікелей байланысты да болмақ. Әлемдік әлеуметтік даму жолына кеңес үкіметінің барлық елдері де кеш келіп қосылып әр ел өзінің бұрынғы қалпын іздеумен ұлттық ерекшелігімен бөлініп өзара жарысқа түсіп, бұл жарыста қазақ елінің мәртебесі де үстем болғаны да хақ. Міне осы мақтанның буымен дүние ісін жетілдірумен бәрінен артық болмақ талаппен біз де көппен бірге «экстремизмнің» дертін қоса алғанымызды аз ғана тегін жоғалта қоймаған адамдар білгені болмаса, жалпы қазақ елі рухани ұйықтап кетті десек қате емес. Неге біз әлем елінің тәндік те, рухани да, бар сырқатымен ауырып жатырмыз деп ойланатын билік өкілдерінің шаруадан қолы босамайды, ал шаруашылықты меңгеріп дүниені бөлуге халыққа үлестіруге таққа отырғандар өзінен ақылды адам болуы мүмкін емес деген аурумен ауырғандықтан, енді ойдан сандар мен пайыздармен өздерін-өздері алдап жатқанын қарапайым халықтың да сырттай аңғаратын дәрежесіне жеттік. Олай болса бұл жақындап қалған дауыл мен төбеден шелектеп құятын жауынның иісін сездірмей ме? Сіз қалай ойлайсыз?
Ал, онда мен енді аз ғана жақында болған халыққа көгілдір арна арқылы мәлім болған сұқбаттарды талқылау арқылы бұл «экстремистік» білімді тажалдық білім деп дәлелдеп көрейін. Алысқа бармай-ақ жаңадан тағайындалған дін істерінің басшысының; «қазақтың бүгінгі рухани жетекшісі Масһабтық ұстанымның халықтың 90 пайызы қолдайды», осындай сауалнама жүргіздік деген сенімді сөзі жоғарғы орыннан баяндама болып оқылды. Сонымен 90 пайыз масһабтық дін ұстанымды дұрыс деген кімдер екен? Қазақ халқы деген 130-дай ұлттық белгілерден тұрып оның ішінде бес нәсілдік сипатта болып ал енді орыс пен қазақ ең көп ұлт өкілі болмақ. Егер жалпы халық деген ұғымды пайдалансақ біздің орыс ағайындарымыз өздерінің шіркеуінен гөрі бес парыз орындауды дұрыс деп санайды екен. Неге десеңіз онда 90 пайыз дегенге олар міндетті түрде кіру керек. Қош енді жаңа маман байқамай сөзден жаңылып халық деген мүмкін қазақ ұлты немесе қазақ елі деген ұғымды яғни тек қазақ ұлтын ғана айтқан шыған деп әзірге сіз сол жағына жақ бола қойыңыз. Ал онда мен өз басымды былай қойғанда ауылда тұратын қазақтың 40 пайызы масһабты дұрыс дін деп таныды деген жалған деп дау айтамын. Ата жолын соттап, әулиесін мазақтап, дәстүріне тиым салған миллионға жуық немесе астам аруағын қадірлейтін қазақ баласы маған қосылатыны да хақ масһабты жол деп есепмейтіні де сөзсіз. Ал, қалғаны кімдер онда, қазақтық дәстүрін аруағын тастап қойды ма деп сұраңыз. Ақылсыз жастар бес парызды жол деген Ханафилік масһаб құдай дегендер әрине басшысының сөзін де өзін де қолдайды. Бірақ олар енді негізгі халықтың 10-ақ пайызын құрау керек. Неге десеңіз Ясауи тобын қалай болғанын және оның құрамына қаншама халық кіргенін, басшысын үлкен шалды шырылдатып жала жауып соттағанын олар ұмытып масһабшыға айнала қалды деген ақылға да сыймайды. Ал енді оған түрлі сопылық ағымдарды былай қойғанда ең ірі және Ясауилік ілімнен шыққан Нахышпандиліктерді қалай сопылық амалдарын, намазын тастап бес парызға қайта жүгініп кетті деп айта аласыз. Онда 90 түгіл 20 пайыз дегеннің өзі күмән тудыра бастайды. Ал енді біздерден жастар; «Ел билік, заңгерлер неге орыстың қатынынан діннен сабақ алды, сонда олар исламның қарапайым қағидасын да білмей, орыстың қатыны муфтият имамдарынан артық білімді болғаны ма?» деген жастарға тән аңқаулықпен сұрақтарды әлі кезге дейін естіп жүрміз.
Енді мұнан философияны жоғалған, өлген деп есептегенде қатындық жіңішке әрі қысқа ақылмен логика жүзінде қарастырғанда, сондай халыққа ақыл айтып заң шығарушылар өздері масһаб білімін де мүлде білмей отырып халық 90 пайыздық санын толтырып масһабты меңгеріп қуанып жатыр деген «экстремизм» бе әлде жындылық «максимализм» бе? Шындығына, яғни көрініп тұрған дін білімі шынға емес діни сауатқа-шындыққа жүгінсек, осы дін ісінің басшыларының діни сауатының барына мен күмән келтіріп қана қоймай бір залға жинап алып мақтанған барлық діншілер мен парламент, ел билік, философтарды бір жерге сыйғызып жинаса онда бәрінің діни сауаты жоғын дәлелдеп бере аламын. Ондай жағдайда масһаб білімінің өзі бүкіл әлемдегі барлық топтары да жол болудан өзінен-өзі шығып қалу керек. Қалай деген сұрақ қойыңыз. Тура жолға түсу деген құран философиясы бойынша ғылым беріліп, ол құдайдың ерекше құлына, яғни жақын досына әулие-әмбиіне айналу деген ұғымды білдіреді. Сондықтан дін ісінің басшысынан бастап бас имам мен барлық дін ғалымдарының көрсететін хикметі, алған кітабы болу шарт. Олай болса, ел басшыдан бастап масһаб тура дегендер Астанаға жиналып алып Алладан дұға жасап халық куә болтындай құдайдың барлығына, растығына мойын ұсынатындай хикметті сұрап алу керек. Ал оған қарсы мен бір өзім ғана солардың сұрап ала алмаған белгісін Алматыда отырып-ақ сұрап ала алсам онда не болмақ? Әрине ондай масқараға олар өлсе де барар. Онан халықты осылай алдап тақтарын бір күн болса да сақтап отыра тұрғаны әлде қайда артық. Ар, аманат, құдайдан қорқу деген адамдық сақтау деген не сөз? Әлемнің бізден шаруасы мықты елдер құдайсыз да керемет болып, еркек еркекпен шағылысып, баланы шынында-ақ өндіріп жатқанда менікі де әшейін жындылық сөз, бұл өзімнің ғана жалғыздың шаңы шықпастық амалым еді.
Бірақ мен пікірімді қайта алмаймын. Себебі оларды Раббым жуықта түгел жазаға тартамын дегесін, мен де ара ағайындықпен мүмкін арасынан бір пендені де болса құтқара алсам, құдай оны сауабыма жазып, өсіп келе жатқан ұрпақтарымның тағдырындағы сынақтарын алып тастаса деген ішкі пайданы ойлаған қулығы деп түсініңіз. Енді менің масһабшы ағайындарды тажал деп айыптауға қандай айқын дәлел бар деп тергеп көріңіз. Жақын арада ел арнадан дін сарапшылары мен көптеген психологтар, құқық қорғау өкілдері, тілші қауымы қатысқан сұқбат болды. Сондағы қатысқан бір-екі пенденің сөзін ғана талқылап көрсек. Мұхиден Иса ұлы жоғарғы дәрежелі дін ғалымының қатарынан деп саналатыны да даусыз. Сонымен Мұхиден мырза сұқбат соңында; «Ханафилік дініміз, Масһабтық дәстүріміз..» деген сөзді пайдаланды. Бұл сөзге көктер шытынап періштелер лағнет айтты десем сенесіз бе? Ал осындай Аллаға жала жапқаннан орталық базарда өрт тұтанды десем де әрине мұнда ешқандай байланыс жоқ дейсіз. Сонымен ислам діні деп аталғанда барлық 7 жол яғни негізгі діндер ислам біздер үшін сегізінші, араптық орта топтар үшін бесінші болып біртұтасқа айналып кетеді. Олай болса исламнан кейін Ханафи діні, Ясауи діні деген Аллаға ортақ қосып исламнан шығу болмақ. Ясауи ілімі, Ханафи ілімі немесе жолы дегеннің өзі білімге лайық болар еді. Ал енді Мұхиден мырзаның масһаб пен дәстүрді бір атап қазақтың масһаб білімінен талай ғасыр өткеннен кейін тарихат, мағрипат, ақиқатты меңгеруден дін ісіне айналған дәстүрлік ұстанымынан шежіресіз, тарихсыз тарихат болмайтынын есептемегенде де масһабтық білімді жоғары санау білімсіздік болса, ал «Ханафилік дін» Алланы дұрыстау бұл діни «терроризмнің» сөз жүзінде тажалдардың ашық әрекетке баруы деп түсінуден басқа не хал бар? Және бір сұқбатқа қатысушының; « білім болса дін мүлде керек емес» дегенде мен орнымнан тұрып кеттім. Қасымдағылар; «Неге тұрдыңыз?» дегенде, «Өтірік сөз бойға жұқпай табанымнан шығып кетсін» деп жауап бердім. Яғни мәңгілік өлмейтін дінсіз елге айналып алдық-ау деймін сөз жүзінде. Ал енді сөз жүзінде «экстремизмдік» білімді білгіңіз келсе онда құраннан қазақша білім алсаңыз пайғамбарымыздың өсиеттерімен таныс болсаңыз болғаны мешітке жұма намазға барып имамдардың уағызын тыңдаңыз. Жастардың да арасынан имам уағызынан жиіркенетін, жүрегі тітіркеніп, жұмаға тек намаз басталар алдында баруды да әдетке айналдыра бастағандар да жеткілікті.
Әрине менің бұл шатпағыма 90 пайыз халық сенбейді деп мен де ойдан санды шығарып көрейін. Себебі масһаб білімін керемет бүкіл халық орысқа дейін түсініп алса, құдай неге қияметтік сынақты онан сайын үдетіп, ақпан аяғының ортасына әрі қарай жаңбырмен, сәуір айында жаппай ауру өліммен сынаймын деп хабар жіберді. Ал онда енді бәріміз жүз пайыз болып мұны тексеріп көрейік. Егер құдайдың бұл қаһары расталмаса мен 90 пайыздық (мейлі жүз десе де келісемін) суайт болғаным, ал жартылай болса да халық әбігерге түссе, онда дін ісінің бастығымен қоса бұл ел билігіміз, масһабшы діншілерміз түгелдей 90 пайыз келіскен халықпен бірге жалғаншы яғни тажалға қызметке тұрған шайтан жамағаттары болмақ. Келісесіз бе келіспейсіз бе, патша көңіліңіз білсін.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *