«Ар» мен «Ман» және ерік қуаттары-шеріктер туралы.

Бөлім: Ата жолы кітабы №6 125

Normal 0 false false false RU X-NONE X-NONE /* Style Definitions */ table.MsoNormalTable {mso-style-name:"Обычная таблица"; mso-tstyle-rowband-size:0; mso-tstyle-colband-size:0; mso-style-noshow:yes; mso-style-priority:99; mso-style-qformat:yes; mso-style-parent:""; mso-padding-alt:0cm 5.4pt 0cm 5.4pt; mso-para-margin:0cm; mso-para-margin-bottom:.0001pt; mso-pagination:widow-orphan; font-size:11.0pt; font-family:"Calibri","sans-serif"; mso-ascii-font-family:Calibri; mso-ascii-theme-font:minor-latin; mso-fareast-font-family:"Times New Roman"; mso-fareast-theme-font:minor-fareast; mso-hansi-font-family:Calibri; mso-hansi-theme-font:minor-latin; mso-bidi-font-family:"Times New Roman"; mso-bidi-theme-font:minor-bidi;}

      Әлемдегі діни жоралығылардың, ырымдардың, шоқыну және түрлі жағдайға адам баласына көрінетін, бейнеленетін жаратылыс себептері мен осыған байланысты түрлі жалған тәңірлерге, пұттарға табынушылықтардың пайда болу негіздері де осы адам баласының «Ман» қуаттарының негізінде пайда болған. Және осы қуаттарға қосылу үшін  қазіргі таңда әлемдегі болып жатқан түрлі азғындық, арсыздық көріністер осы «Пұттарға» табыну әсерінің заман жетістіктерімен, біліммен түрленген екінші бір түрлі амалдарының бейнеленуі деп түсінген жөн. Осындай европа жұртынан алған әдет, салттарымыз әйелдеріміздің шексіз еркіндігі мен жалаңаш қыздарымызды «Ару» деп, тән сұлулығына тамсанып, жалаңаштап билетіп қол шапалақтап, көше түгіл лауызымды орындарда арсыз қылықтырын еркіндік, теңдікке жету деп,  еркектердің жалаң бас, жалаң аяқ, шайтан дамбалмен көшеде жүру дағдыға айналып, осыдан рухының, жанының зейнет киімінсіз жалаңаштануымен түрлі жыныстық, жындылық, құмарлық, құштарлық, айуандық та әдеттерді ашық дәріптеумен, көмес сыры яғни жан қуатының қалыптасу нәтижесі шерікке айналған, бейнеленген қылықтарға айналған «пұттарға» табынып, жанымызға шерік қосылумен бұрынғы жер бетінен түрлі жағдайлармен жоғалған нәсілдерді қайта тірілтумен айналысып жатқанымызды яғни бүкіл халқымыз болып жалған тәңірлерге табынушы, дүниелік байлыққа, қызыққа ғана шоқынушы елге айналғанымызды біле бермейміз.

       Енді осы адам жанына дінін тазалап, арлылығы мен ұяттылығын, мұсылманшылығын сақтаған жағдайда ғана және құлшылығын жүйелі орындаған пендесіне несібе, нығмет қылып жаратқан, ақирет тіршілігі арасындағы көпір болып жалғанып, белгілі амалдармен зейнеттелетін, «Ру», «У», «Қу», «Су», «Ел» болып, түрлі нәсіптік, қылықтық азықтар болып енетін қуаттардың, ислам дін ғалымдарының  «шерік қосу» деп атаған, халықты осындай көмес күштердің құпиясымен қорқытып, бірақ  бұл жағдайдың негізгі себебі мен ғылымын, өлшемін түсіндіре алмайтын жаратылыс себепшілерінің сырын аятта; Және олар; «Тәңірімізді тастамаңдар; Уад, Суағ, Яғұс, Яғұқ және Насырды әсте тастамаңдар» деседі. (23) Расында олар көпшілікті адастырады. Раббым! Сен де залымдардың адасуларын ғана арттыр». (Нұх; 71-24) Тәпсір бойынша бес пұт деп Нұх қауымының осы жеке-жеке ар қуаттарына табынғанын ескертеді. Ал негізінен бұл қойылған аттар 5 тәңірлік қуаттарға яғни 5 түрлі жағдай және бес түрлі қуаттың негізі адам жандарының ақиреттік тазармаған денелік сипаттарына, аруақтарына жеке-жеке қосылу арқылы түрлі қылықтық әсер беруші күштерге айналып және адам бейнесінде түсінде оқиғаларға айналып оқылатын, көрінетін кісілік қуаттардың сипаттарын бейнелеп, ағаштан мүсіндерін жасап, жеке-жеке жар-тәңірге айналдырып, бұрынғы заманда кейбір нәсілдегі аталарымыздың «осылар біздерді жаратқанға апарады» деп жеке-жеке шоқынғандарын білдіреді. Ал енді қазіргі таңда бұндай жар-«пұттарды» әйелдеріміз өз тәндерін жалаңаштап, түрлі бейнелерін әуретті жерлерін әсемдеп, тесіп көрсету арқылы және еркектеріміз де әртүрлі мұсылманға жат шет елдің салттарын, әдеттерін қайталау арқылы табынып, шоқыну арқылы «шерік қосу» амалдарын бұрынғы замандардан әлде қайда білім арқылы жетілдіргенімізді аңғармаймыз.

      Ал негізінен қандай да бір әдет, қылық, салттардың белгілі бір білімі мен оған байланысты құпия бейнеленетін қуаттар тағлымы бар. Енді құранда бірде-бір бос сөз болмайтынын жадыңызға мықты тоқып алсаңыз, бұл мысалдағы  аяттың 24-ші белгідегі санның нұр-мәні арқылы берілуінің өзінде осы адам бейнесіндегі денесі бар күрделі рухани жаратылыс өз еркімен қозғалыста болатын белгілі бір жетілмеген ақыл егелері адам рухы, қан-жан, ар өнімдерімен байланысты «қан» және белгілі бір «аты» бар, «қанатты» періштелер тобына жататынын білдіреді. Себебі 71-ші сүре жоғары дәрежедегі аруақ қуаттарының жетілген және періштелік тұтастыққа (Ақтың 10-мен дәрежеленуі) бірленумен адам баласының дүниелік ақылымен нәтижеленген қылық, әдеттердің қауымдық бейнесін де көрсетеді. Сондықтан бұндай бастапқы жаратылыс еріктілікті және ойлау қабілетіне әсер беретін«Ар»,«Ман», «Уақ» сипатты періштелерінде немесе адам өнімдері періштелерімен және кейбір жағдайларда жоғарғы ақылға біріккен осындай еріктердің дәрежеленуінен пайда болған кісі періштелердің де ерекшеліктері, қарама-қайшылық түстері, түрлері, иістері және қуаттық өлшемдері болады. Енді адамзаттың тіршілігіне қатысты тәнінде қуаттық, қылықтық шамалары болып, мал болып жанға зейнеттелу үшін тәннен белгілі бір орын алып, жаратылыстан бейнеленетін бастапқы періштелік сипаттарының зейнеттік белгілеріне яғни әуреттік-арлық сипаттарына тоқталсақ:

      1)Уад— төбедегі ет пен тері жене ми қабатымен арадағы бүкіл адам терісінің және ми жұмысының жетілуі жағдайына тәуелді балшықтың (гельдің, гелийдің, альфа сәулесінің) қалыптасуынан бөлінетін қуат. Бұл қуатты басты жылы ұстап сақтаумен шаштан бөлінетін ферменттермен әрекеттесу арқасында нұр жарық болып, әйел затында басты қоршап тұратын қорған нұрға (жаулық, ор-амалға) айналса, еркектерде дуылға және басында айналып тұратын қауырсын тәріздес қанаттар пайда болады. Бұл қуаттардың толық періштелігінің қалыптасуымен адам баласының ақыл-ойының көкпен, ақирет өмірімен байланысын (антенна) қызметін де атқаратынын ескерген жөн

       .2). Суағ – көкіректен екі емшек ұштарының арасына сызықтық белгі жүргізсе осы қуаттың шамасы, өлшемі шығады. Бұл негізінен адам баласының таразы, мизан өлшем қуаты болып саналады. Еркектерде бұл қуаттың шамасы төсінің өлшемі мен иықтың арасының теңдігінен байқалады. Ал әйел затында емшек көлемі мен оның арақашықтықтарының қатынасына байланысты және төс көлемі құйрық көлемінің 4\1 болып, кеуде арақашықтығы таразы ортасы кең және қашық болып, төсі өте үлкен болмай, шағын бір қалыпты болған сайын өмірге қасиетті ұрпақ әкелу мүмкіндігі мол болмақ. Бұл қуаттың көңілдегі (шайтан) жан  нәпсісін қалыптастырумен де байланысты болып әйел заттарының көкірегін төсіне дейін ашып және төсі үлкен болып, екі емшек арасының жабылуынан жанында шайтандық, нәпсілік, қызғаншақтық, көре алмастық сияқты түрлі жаман қылықтар мен мінездерінің пайда болуымен және көңіл суының бұзықтығын көрсетеді. Бұл жағдай бұрынғы өткен нәсілдердің шоқыну әдетінің көрінісі болып есептеледі. Сондықтан Раббымыз; «Бүркеншіктермен (орамал ұшымен) кеуделеріңді жауып жүріңдер» деп қатаң ескерткен, яғни адам көзімен әйелдің ішкі сыры төсінің, кеудесінің сипатына байланысты оқылып, білінетінін астарлы түрде білімін білдірген. Сол сияқты әйел затының шалбар киіп барлық зейнет сызықтарын көрсетуі де осындай тылсымнан шерік қуаттарының бой өрісіне еніп мінез, қылықтарының азғындығы мен жыныс тазалығына кері әсер беретінін де білген жөн.

        3).Яғұс— 2 беттен жалын болып бөлініп тұрады. Бұл бой және жыныс қуатының жетілуімен ар-ұят, сана қуаты қалыптасып «бойжеткен» аталып, жетілген қыз балдарында ұялған кезде қызарып көрінетін нұр болады. Жалпы бұл жыныстық бездермен және адам баласының ұяттылығымен, парасаттылығымен байланысты. Ал әйел затының жыныстық алдыңғы белгілері «арай жап» зейнет сызықтарымен және жатыр мүшесінің (ағашының), құйрық майларының тазалығымен де, балтырмен жалпы 40 түрлі жан үйлері, бездерімен негізгі зейнеттелетін орны сан болып және табанмен де байланысты болып әйел беті нұрланып тұрады. Сондықтан аталарымыз келін таңдағанда; «Келіннің аяғынан» деп, жүріс-тұрысының жеңілдігімен, жамбас, құйрық майларының қалыптылығымен, бетіндегі нұрына қарап баға береген. Қыз баланың періштелік нұры осы қуаттың тазалығына тәуелді болып бет жүзінен нұр шығып тұрады. Сондықтан әйел затын беттен ұруға болмайды деп ескерткен. Ал бұл қуаттың арлылықтың әлсіреуінен қазіргі таңдағы қыздарымыздың да, қатындарымыздың да беттері жара-жара немесе қара-сұр болып, тәндерінен зәр иісі шығып, тәнінің кенелеп, бүршіктеніп тұруынан жатыр, жыныс мүшелерінің улануын, қандарының азуын, сан, балтыр еттерінің иістеніп, тұз қышқылдарының өзгеруімен 40 үй (домен) бездерінің шайтан орнына айналып (кене) иістеніп, шіруін де білдіреді.

        4).Яғұқ – екі иықтағы қол мен қоспасының арасындағы шұңқырлар арасына түзу сызық жүргізсек  ұштарын көкірек асты шұңқырымен қоссақ үш бұрыш ішінен шығатын қуат. Бұл үш бұрыш алғашқы 3 қозғалыстың негізін жын қуатының, ішкі бой ағашының тектілік шамасын да белгілейді. Қол бұлшық еттеріне және некелік тазалыққа да байланысты қуат періште және бұл негізінен еркектерде ана сүтімен келетін «нағашы» болса, ал әйелдерде екі аяқ және балтырмен, табанмен байланысты болатын киіз қазықтық сәукелесінің қалыптасуымен және жер ана рухымен, жермен қуаттарымен байланысты   жыныстық қуаттың өнімділігін, ана сүтінің тазалығын да белгілейді. Әйелдерде бұл жатырдың көрінісін, үш бұрышты «станды» бейнелесе, еркектер бұл қуатты неке арқылы әйел кеудесінен бөлінетін алатын көңіл суымен зейнелеттеледі. Сондықтан аталарымыз: «Сұлулығына су құйып ішесің бе?» деп ескертуі осы қуаттың (шарап ішетін) тостаған болып жетілгендігіне байланысты несібе екенін ескерткен. Бұл жағдайдың ғылымын інжілде Ғиса пайғамбарымыз әйелдердің қанын үш түрлі шарап деп астарласа, ал ғылымда «Винный уксус» деп атайды. Бұндай қуат әйел затының да еркектің де балтыр сан мүшелерінің де сұқ көздерден қорғалып, сұқтанбағанына және неке арқылы жыныстық қатынас арқылы 5-пен 6-ның алмасу қуаттарына көңіл суына да, тамақтану және зат алмасу әрекеттеріне де тәуелді болмақ. Әйел затының балаға беретін сүті де негізінен 4-ші және 2-ші қуаттарға тәуелді. Ал бала көтеру мейірімділік, махаббат сияқты ізгі сезімдер 1-ші және 3-ші қуаттардың толысу нәтижесі болып табылады.

       5). Насыр; 2-көз бен маңдай ортасымен үш бұрыш белгі болып қалыптасатын, жүрек қан санауыштарымен миды жалғап тұратын тағдыр жазуын басқарушы  жандық қуат көзі. Кейде оны «үшінші көз» деп те атайды. Негізінен адам баласына көктен жаратқан тарапынан басқарылуда тұратын, аспан мүліктермен байланыста тұратын, барлық белгілерді, білімдерді жеткізуші жан қуаты. Тағдырда маңдайына жазылған жаратқанға қайтарып беруге тиісті негізгі аманат бастапқы үш қаракеттің ақылмен бейнеленуі болып, бастапқы «Ман» қуатының  «Тәубе»-9-бен, «Мұсыл»-шомылудан, нұрмен жетілген, адам баласы періште болып түрленген «Мен»-нің негізі. Негізінен ішкі 3 кісіні басқарушы көктен келетін рұх егесі. «Төртеу түгел болса төбеден келер» деп алғашқы төртеудің түгелдігіне тәуелді түрде адам баласының естілік қуатын қалыптастыратын білім көзі болып табылады. Енді осы бес қуат ошағы 3 ішкі негізгі (жан, қайрат, ақыл) арлылық, кісілік қуатпен аяқ арқылы жер бетіндегі  қырық белгі шілтен арқылы араласып, қырық ырыс және бір кісі белгісін құрайды, яғни негізгі жер ана рухынан келетін 40+1 бес қуаттың негізін құрайды да 7 күн, жарықты атқарушы қарекет иесі қолды яғни аруақты қалыптастырады. Ал бұған енді көктен келетін 3 қуаттың 10-мен дәрежесін қосаңыз негізінен 8;80 санды періштелік белгінің бір ақылмен, сана қуатымен басқарылуын сол қолыңыздағы 81 саны әшкере қылып тұр. Ал жеке-жеке періште саусақтарға жіктесек әр қолда 19 буыннан 38 саны шықса қалған екеуі тілдік, жыныстық мінез болып қырық ырысты құрайды. Екі аралық әлемде осы қуаттардың жеке-жеке бейнеленген, бейнеленбеген түрде сыңарлары шеріктері болады. Ол шеріктер құстармен, жан-жануарлар табиғатымен байланысты түрде тіршілік етеді. Көк және жер аралық үш қуаттың бейнеленуін аятта; «Жолдастарың Мұхаммед адаспады да ауытқымады. (2) Ол өз ойынан сөйлемейді.» (53-3) Уахи арқылы оқылатын құранды ескертумен және пайғамбарымыздың шапағатын, кісі-нұрдың аруақтың зейнеттелуін білдіреді. Ал бұл қуаттар көк пен жердің арасында адам өмірі, жаны, рухы арқылы бейнеленгенде:«Сүлейменнің жыннан, адамдардан, құстардан әскерлері жиналды. Сонда олар толық басқарылуда еді.» (27-17) 17-санымен «Ісра» немесе 71-сүре жоғарыдағы аяттағы жағдайлармен байланыстылығын білдіріп тұр.

        Және бұл кезінде әулие аталарымыз меңгерген түрлі тылсым табиғат, жаратылыс әлемімен байланысты жындар мен түнек қуаттары мен күштерін басқару тәсіліне байланысты меңгерген бақсылық амалдарының, көрсеткен түрлі хикметті істердің масһаб ғалымдары түсіндіргендей «серік қосу, шерік қосу», дінсіздік немесе тәңірге табынушылық, шаманизм, т.б. емес, керісінше  ислам дінінің негізгі сопы дәуріштік пайғамбарлық қасиеттерінің дәрежесі болғанын және тура жолдың көрінісі болғанын Құран растап, ақиқатын сан ғылымымен ап-ашық аяттармен білдіреді. Сондықтан бұрынғы білімсіздік, сауатсыздық және кітаптардың түсіп, пайғамбарлар жіберіліп кең насихатталмай тұрған кезеңдерде де ислам діні тәңірлік сипаттарда болып және осындай тәңірлік қуаттармен аян арқылы немесе басқалай «транс» қара бақсылық істермен осы «Ар», «Ман», «Уақ» қуаттарды жеке-жеке шақырып және негізгі түп негізінің сырын білмегендіктен бейнелер жасап, табыну амалдарымен құлшылық жасаған. Кейіннен адамзаттың көбейіп өсіп-өніп, білімнің жетілуімен араларына елшілер жіберіп, осы пұттардың бәрі негізінен «бір-ақ тәңір» болып, тек бір ғана тәңірге табынуды яғни қуаттарды бірлеуді және олардың бір-ақ тәңір егесі бар екенін ескерткен пайғамбарлар да болғанын құран, киелі кітаптар шежіресі растайды. Сондықтан; Құран ғылымы дегеніміз жаратылыстың барлық сырын қамтитын 7 үнмен арап тілі арқылы құпияланып, басқа әлем тілдерінде де сөз насихаты жасырылған барлық діндердің негізі болып, діндердің бірлігін қалыптастыру үшін түсірген барлық тылсым кітаптардың оқылатын жер бетіндегі үндік нұры.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *