Аруақтың бейнелену себептері және қолқабыстық негізгі сипаттары.

Бөлім: Ата жолы кітабы №6 48

Normal 0 false false false RU X-NONE X-NONE /* Style Definitions */ table.MsoNormalTable {mso-style-name:"Обычная таблица"; mso-tstyle-rowband-size:0; mso-tstyle-colband-size:0; mso-style-noshow:yes; mso-style-priority:99; mso-style-qformat:yes; mso-style-parent:""; mso-padding-alt:0cm 5.4pt 0cm 5.4pt; mso-para-margin:0cm; mso-para-margin-bottom:.0001pt; mso-pagination:widow-orphan; font-size:11.0pt; font-family:"Calibri","sans-serif"; mso-ascii-font-family:Calibri; mso-ascii-theme-font:minor-latin; mso-fareast-font-family:"Times New Roman"; mso-fareast-theme-font:minor-fareast; mso-hansi-font-family:Calibri; mso-hansi-theme-font:minor-latin; mso-bidi-font-family:"Times New Roman"; mso-bidi-theme-font:minor-bidi;}

          Жалпы барлық адамзатқа берілген періштелік қуаттардың барлық негізінің адам арқылы, іс қимылы арқылы белгілі бір қылықтық, істік, қарекеттік әрекетік қасиетке, сапаға айналуын адам өнімі яғни «Аруағы» деп атаймыз. Енді бұндай жоғарғы дәрежелі сапалы қуаттың қалыптасуының негізгі жоғарғы үлгісі Мұхаммед пайғамбарымыз болып аятта; «Мұхаммед саған осылайша әмірімізден бір «Рух» уахи еттік. Сен Кітап не? Иман не? Білмейтін едің. Бірақ Құранды нұр қылып, онымен құлдарымызды кімді қаласақ, тура жолға саламыз. Расында сен тура жолға бастайсың.» (42-52) (94)-13 Енді бұл аяттың сандарын бірлесек; 6-7 аяттың мәнін немесе 13;11-санды Құт-Аб белгісін көрсетіп тұр. Онда бұл аяттың құпия сыры ғылымы аятта; «Мұхаммед егер саған қағазда жазулы бір Кітап жіберсек те, оны олар қолдарымен ұстаса еді. Әрине қарсы болғандар: «Бұл ап-ашық сиқырдан басқа емес» дер еді.» (6-7) деген аятпен пайғамбарымызға кітаптың аруақ періштелігі арқылы жазылғанын және оның көрінісі қолда бейнелетінін ескертеді. Енді аталарымыздан қалған салтымыз өлгендер артынан құран бағыштағанда «Атамыздың, анамыздың аруағына немесе рухына бағыштадық. Осы оқылған құран нұрымен аруағының жанын жаннатта ете көр!» деп тілейміз.

        Олай болса аталарымыз жан ғылымын терең меңгергендігі құран аяттарының әрбір өлген кісінің аруағына, рухына кітап болып, жарыққа айналып нұрлану арқылы түп негізді берілген аманат жанға қарай өтетін періштелік қуаттарға айналатынын білгендіктен және бүкіл киелі кітаптардың жиынтық жан, рух білімінің насихаты, ғылымы осындай жағдайды ескертеді. Жан аруақпен қатысты негізінен бір денесі болып саналғанмен ал, ақирет өмірінде өз орны, мекені бар болып табылады да, ал аруақ оның (жанның) кітабы, қолы, қарекет ету мүшесі болып табылады. Олай болса жан әрбір аруақтың көктен қарап хабар беріп тұратын, басқарушы басы, көктің мүлкі, Алланың қасындағы құлдары періштесі және серіктер әлеміндегілер болып табылады. Ал, аруақ-кісі-кітап-рух-ақыл-иман яғни әрбір адам баласының иманмен нәтижелеген тағдыр кітабы және өмірден тіршілік әрекеті арқылы бейнелеп алған несібе құраны. Сондықтан құранның қанша аят және құпия сырлары болса және олар 10 сүремен құранға айналып отыратын болса, әрбір адам баласының тағдырмен берілген міндетті түрде рухымен үрленіп берілетін Алланың бастапқы 3 негізді қарекет басы, 8 сипатты (3х8=24) Құдайлық нұр және «Ман» қуаты қалыптасу керек. Енді Құран тек оң аяттардан ғана емес теріс әсер беретін аяттардан тұратынын, түнек күштерінің де сипаттарын ғылымын ескерсек, онда зұлымдыққа түсіп кәпір болғандарда теріс мәнді осындай 10 кітаптан теріс құраны (үні, сөзі) болу шарт. Ең таза аруақ қуатын 7 күнді яғни 7 кітап пен 7 үн құпиясын меңгерген белгіні көрсеткен  жоғарыдағы аяттағы пайғамбарымыздың аруағы құран және иманнан, рухтан яғни «Ман»-«Насыр» қуатынан тұратынын ескертеді.

     Осындай жан сырының берген несібесі сөзді зерттемей, тек арап тіліне ғана табынушылықтан ислам әлемі өзге елдерге түсірілген кітаптар мен сөздердің құпиялары арқылы берілген рух негізі мен жан сырының ғылымын меңгеруден мүлде бас тартып, тәкаппарлаққа түсуден және бұрынғы зерттеген ислам ғалымдарының еңбектерін «дінсіздікке» жорып, берген нығметтерді жоғалтып шатасудан, ал бұл сырды толық меңгерген қазақ елінде өз ішімізден шыққан намыссыз, мақтанға, дәрежеге еліктегіш дүниеге шоқынған ел, дін басшыларының кесірінен бүкіл халықты да өз бағытынан бұрумен, тура жолдан тайдырып және кері қарай орта үмметке айналдыру үшін «Масһаб» шариғат білімінің қорасына қамап және бұл салада уақытша жеңіске де жеткені оған себепші ар-намысын Абай атамыз көрсеткен 39 санды діл білімін, жеке діндерін жоғарыдағы шеріктерге табынуға айырбастап алған ел басшыларымыз бен ғалымдарымыз басты қызметті атқарғаны хақ. Бұндай жағдайдағы адасушылық себебінің негізін Шәкәрім атамыз: «Молдалар: «Жан денеден шыққанда қатты қайғырады»,-дейді. Өтірік айтады, неге десеңіз: жан ақылмен бірге шығатын болса, дене тұтқынынан құтылғанына қуанса керек. Егер жоғалатын болса, қайғыруды білмесе керек.» Міне осы қысқа ғана насихаттан жан мен ақылдың ақирет өміріндегі жағдайын білуге болады. Сондықтан аруақ қуаты, яғни ақыл, рухы адам өлгеннен кейін тәннің шіріп, сүйектердің толық ағарып немесе аруақ қуатының құмға, тасқа, т.б.  және осы періштелік қуаттардың көптеген жаратылыстағы қаракет нәрселері арқылы тазарып, қуаттанып сол адам жерлегеннен қабір басында құран нұры арқылы қайта бейнеленіп барып, өлілердің тірілу қиямет мезгілінің кезеңін құрап, жанды яғни жарықты іздеп табады. Сондықтан осындай әлем діндерін ғылым арқылы бастарын біріктіретін Құран ғылымының, жаратқанның негізгі философиялық насихатын, «рекинкарнация» заңдылығын «серік қосу» деп азғырған бүкіл ислам ғалымдарының зұлымдығын әшкерелейтін, алдағы басылымдарда арнаулы қалам тартып дәлелденетін белгілерден аятта; «Мұхаммед оларға: «Тас болыңдар, немесе темір болыңдар» де. (50) «Әлде тіпті ойларыңдағы ең зор жаратылыс болыңдар. Қайта тірілесіңдер.» Сонда олар: «Бізді кім қайта тірілтеді?»,-дейді. «Сендерді әуелгі рет жаратқан Алла» де. Сонда олар, саған бастарын шайқап: «Ол қашан?»,-дейді. «Жақында болатын шығар де» де.» (17-51)Дін ислам имамдары түсіндіргендей «қиямет-қайымда ғана тірілісіңдер» деген ұғымды «жақында болатын қиямет мезгілінде қайта тірілесіңдер, оған дейін тіпті тас, темір болған тәңірлік қуаттарың және түрлі бейнеге түсетін рухани қуаттар кейпінде боласыңдар»-деп ескертеді.

       Егер Құран аяттарында бірде-бір бос сөздің болмайтынын ескерсек және сан ғылымының құран сырының негізгі тылсым сырын білдіретінін білген дінші, ғалым ислам дінін зұлымдыққа түсіргендердің кімдер екенін айқын түсінер еді. Бұл жағдайға қиямет мезгілінің әрбір аруақ қуатының өсіп-өніп өркендеуін қиямет мезгілінің уақытын да қысқартуға, сынақтарын жеңілдетіп, аруақтың басын (жанын) көтеруге Алла жолында осы жағдаймен соғысу, артық хайыр жасау, тозақтардағы түрлі жағдайларда болатын құлдарды құрбандық қанымен азат ету де тура жолдың басты шарты болып саналады. Ал оған негізгі  себепшісі де артындағы қалған игілік істері мен ұрпақтарының жасаған сауаптары арқылы аруақтың жетіліп түрленуі, дәрежеленумен тозақтық мезгілін қысқартуға немесе арсыздық істермен «Ман»-ұлттық намыс қуаттарын аздыру арқылы керісінше ақиреттік ата-аналарының ұзақ уақыт тозақ жағдайында қалуға себепші болуы да сөзсіз.

      Енді түрлену сапаларына тоқталып кетсек; Бұл періштелік ішкі қуаттардың адам өмірінде құлшылық істерін орындау арқылы бір қуат негізіне Ар-ға бірленіп;  «Ар+уақ» атты күрделі періштелік бейнеге ену керек, Бірақ бұндай парасаттылыққа, кемелдікке, зайырлыққа екінің бірі жетуі мүмкін емес болғандықтан, адам өлімінен кейін бұл қуаттар шеріктерге сосын руларға, елдік белгілерге және түрлі уақтарға айналуымен тозақ өмірінің тазару сатысынан өтіп, бір негізге кісіге яғни бейнеленген денеге айналу шарт. Сондықтан бұл шеріктер тобы адам баласына жеке-жеке жағдайда жауап бере алмайды, себебі онда рұхпен байланыс ақыл, нұр яғни кісілік бейнесі толық қалыптасып болмайды. Және соңғы тазару сатысы да, періштелік бірлігінің қалыптасуы да тірі дүниелік адам баласы арқылы бейнеленіп, өз жанынан орнын табуы шарт. Сондықтан  адам баласы қажет етсе де, етпесе де түрлі жағдайда күш- қуаттарының сарқылуымен немесе белгілі бір қарекет, қасиет сапасын, білімін меңгеру үшін де тіпті қиындықтарға, қайғыға ұшырап, ауырғанда да немесе түрлі басқалай рухани қайратты қажет ететін жағдайға түскенде бұл күш, қуат, қайраттардан жәрдем алмаса (У-ды шарап қылып ішпесе) өз ішкі қуаттары ондай тосын жағдайлардан, қайғы-қасіреттерден басын аман алып шығуы мүмкін емес. Бұл жағдайдың таңбасын медицина ғылымында жыланның ағашқа немесе шарап құятын тостағанға оралып тұрған бейнесі діннің негізгі шартын әшкере қылып тұрғанына тек ақымақ, надан пенде ғана қарсылық білдіруі сөзсіз. Бірақ жылан, ағаш уын «Уақ»-ты, «Ру», «Ел –ді» яғни тозақта қарғалған шырша ағашынан пайда болған жыныстық қуаттарын қалай және қандай жағдайда пайда, немесе зиян екенін білу үшін тұрақты адамзатқа ортақ дін ісін ғана насихаттайтын масһаб шариғат білімі жеткіліксіз. Бұл жағдайда аталарымыз меңгерген тарихат, мағрипат амалдарын  Құдай ісін меңгеру яғни уахи заңдылығымен әрбір пенде жеке-жеке жол-жобасын алып, яғни өз ізін, жол-соқпағын айқындап отыру керек. Бұл жағдайды; «Аяз би әліңді біл, Құмырсқа би жолыңды біл» деп астарлап ескерткен аталарымыз. Сондықтан енді адам баласының ақыл қуатына, шариғат амалдарына, тазару істеріне байланысты ғана кісіге-аруаққа-нұрға, иманның өлшемі, зейнетіне айналдырып; «иман келтіру» яғни қуаттарды жаратқанмен саудаласып сатып алу үшін осы қуаттардың сыртқы бейнесі тағы төрт періштесі болу керек. Бұл жағдайды кейде дүниеден озған пенденің артынан «иманы жолдас болсын» деп жатамыз. Осы адам баласының мейлі кәпір немесе мұсылман болсын, тағдырға жазылған несібе нұрына ризықтық өмір жасына тәуелді төрт періште тағдыр-сөзі кітабы бар. Екеуін әзірше екі иыққа жалғанған қолдың көлеңкесі кәлиман жазушы періштелер деп атаймыз. Ал екеуі адам баласының алды-артында болады. Сонымен аруақтық белгінің 4 және 6-сипаттағы негізгі иманға байланысты рухани бейне, денелері «көздері»-шарлары болатынын естен шығармағаныңыз абзал. Алда жеке-жеке құран аяттары арқылы болашақта талқылаймыз.

        Енді тәңірлік бес қуатты тіршілік қамымен ақыл қуатымен, өнер ғылыммен байланысты түрде  бірінен аз, бірінен көп пайдаланып өзіміз өсіруге тиісті болсақ, сол ішкі қуаттардың нәтиже бейнесі сыртқы періштелер тек дінді яғни уахиды құдай ісін меңгеруге байланысты болады. Яғни «Алтау араз болса ауыздағы кетеді» дейтін көктік несібемізге және өлім тағдыр жазуға тікелей қатысты.  Діннің де басты мақсаты осы қуаттарды меңгеріп, бір жүйеде таза ақылға, рухқа қызмет жасатуға үйрету керек. Негізінен ішкі тәндік қуаттарды «шерік» періштелерді біртұтас ақылмен басқарылып бірленуді; «Төртеу түгел болса, төбеден келеді» деп атаймыз. Төрт періште қайта адам тәні арқылы өтіп нұрланып, екі-екіге айналса, бесінші «насыр» жүрекпен бірігу арқылы төбеден келетін «қан—атты» періштеге айналады. Ал қанатты қалыптастыратын тағы екі періште бар. Оны жазушы періштелер «Лат» және «Ғұзза»  және «Үшінші Меннат», «Мәуа» жаннаты деген атаулармен, бесіншіден төбеден келетін «Шұғара» жұлдызына бағынатындығын 53-сүремен насихаттайды, оған алда жеке тоқталамыз. Ислам әлемінің діншілері кезінде сахабалар меңгерген тек осы тәңірлік қуат бірліктегі (71-24 аят) бес періштені төрт — ар және ман қуаты арқылы бірлеп «Тәубе»-«Мұсыл»- 9-ды меңгеруді ғана қарастырып, сондықтан бес парызды негізгі дін ұстанымы етіп, ал тура жолды жалғастырушы «Сана» -«И» (баураушы шар-бой) және «Ман» қуатын,  періштелік парасаттылықты меңгеруді тек шариғат білім аясындағы 30-60 бұтағын қалыптастырып қана жетілдірумен, тек кітапқа куә және дін қазығы; орта топ болып есептеледі. Ал тура жолды табу үшін алтауды араздастырмау қауымдық, ұлттық, нәсілдік белгілерден үлес алумен, қылықтарын тазартып, періштелік қуаттарға бірлеумен және оған ақылмен есті біріктіріп жұмсаумен іске, амалға бірленумен ғана іске асады. Ол үшін кісілікті яғни Әл-Фараби атамыздың көрсетіп Абай атамыздың қара сөзге айналдырып кеткен 4 пен 5-тің ара қатынасын меңгеріп Ясауи бабамыздың көрсеткен хикметті 13 сатысынан өту керек. Ал негізінен 35-сүремен уахимен кітап, ғылым берілу арқылы 45 аятты толық меңгерумен Абай атамыздың 45-қара сөзі осы белгіні дәлелдеп, Ясауи бабамыздың толық тура жолдың негізін қалап кеткен ата салт-дәстүрлі дініміздің негізгі шарттары шығады. Бұл жолдың басты шарты пайғамбарымызға ескертілген және берілген нығмет (42-52)-(94) санды тура жолдың басын табу керек. Бұл жағдайды аятта: «Мұхаммед: «Егер Алланың қасындағы ахирет жұрты, елден ерекше нағыз сендер үшін ғана болса, өлім тілеңдерші! Шыншыл болсаңдар» де» (2-94) Бұл насихатпен інжіл насихатына байланысты рухани өлімнен өтіп барып, ақирет жұртынан уахи, нығмет, шындық кітабын алуды ескерткен.Сондықтан осы сипаттарды бірлеуді меңгеру үшін де; 35 санды негізгі періштелік қуаттарды меңгеріп, жан үйін-28-ді қалыптастырып пайғамбарымыздың 35+28=63; (9) санды жанды «Мұсыл»-нұрға шомылдырып, «Тәубасын» алып, ал онан кейінгі   белгісін жаратушымыз аянмен, түспен, уахимен білдірмесе, адам баласы ақылмен болжап, оймен таба алмайды. Тек қана белгілі дін заңдылықтарын сақтап, парыздарды орындап, шариғат білімінен кітаптардан ғана бағдар алып отырады. Ал қандай білімнің де заманына қарай жетілдіріп, жаңалап, тозғанын жамап отырмаса, адамзатқа керісінше зиянға айналуы даусыз.

         Әрбір сөз ғылымының жетілумен, жаңадан атаулардың пайда болуымен әрбір 100 жылдықта құпия сыры ашылған аяттардың және пайда болған ғылымның жетістігіне байланысты, түнек күштерінің де жетілуімен, қарсылық заңдылық пайда болып, сол білімді енді ібіліс те пайдаланып, керісінше білімге ғана сүйенген адам баласына өз білімін қарсы қойып күнә жасауға қызмет жасатуы әбден мүмкін. Бұрынғы дін жетістігі енді ислам әлемінде негізгі араздық пен дінді бөлшектеуге және надандық, топастық жағдайға түсіретін білімге айналғанын, тозғанын білмеуден осындай әлемдегі ең жетік діннің атасы болып табылатын исламдық ұстанымдар өзге халыққа бұзықтықтың бастауы мен жек көрінішті етіп көрсетумен ғана арап әлемі түгіл, түркі әлемі де осындай зұлымдыққа және бұл салада өз ықпалын жетілдіруге күш салып жатқаны даусыз. Бұндай қарсылық жағдайдың туындау себебі діндегі бұрынғы надандық замандардағы амалсыздан дін рәсімдерін жетілдіру арқылы ғана заманына қарай жеңілдік беріліп меңгерген, білімі жетілмеген, тарихатпен бұрынғы сахабалар және пайғамбарлар, ғалымдар сөздерін зерттеп тарихат ісіне ғана айналдырған сопылық амалдармен, ал жеке кітап алып, ғылымын жетілдіріп, мағрипатқа айналмаған сопылық істерін сол қалпымен көшіріп алып қайталанудан діндегі парасаттылық, хикметті істермен үлгі болатын кемел адамдарды қалыптастыру істерін, білім-ғылыммен негіздей алмаудан және өзіміздегі бар мағрипат білімі және хикметтердің амалдары ақиқат құндылықтарды өзге елдің жыртығы мен жамау шапанына айырбастап алуымыздан болды.

      Бұндай кемелдікті жетілдіретін негізінен 8 теріс естік қуат адамзатқа берілген «малы» болып есептеледі. Осы сегіз қуатты 8 түрлі рухани қуатпен, аруақтармен дәрежелеу арқылы  толық меңгерген, оңға айналдырып ақылға көндірген 16 (61)-санды дінші тақуаны «Лама» (Қайрат) деп атайды. Бұл қабілеттік шама болса, енді қасиеттік рұхтық 3 түрлі  5 қуат та бар. Бұл қуаттарды періштелерді енді көркем сөзге, мінезге, қылыққа айналдырып тәрбиелеуді яғни алтыншысын тауып Рахманға біріктіруіміз керек. Ал бес парыз құлшылығымызбен алтыншы ішкі 45-тің жұбын тауып сүрелерге айналдырып намаздарын орындауды кітапқа бірлену яғни кітаптарға иман келтіру «қожалық» (Шәріп) болып табылады. Ал өзіне-өзі яғни сөзіне қожа бола алмаған жағдайда  аталарымыз; «Алтау араз болса ауыздағы кетеді.» деп ескертеді. «Денесінің  барша қуаты Өнерге салар бар күшін, Жүректің ақыл суаты, Махаббат қылса тәңір үшін» (Абай ата). «Табиғат әр бір адам бойына не дәнді дақыл болып, не арам шөп болып өсіп шығады, тәрбиешісі; Біріншісін уақытымен суғарып, екіншісін отап отырсын». (Ф. Бекон.) Әрбір пендеге Алла тағала көрінбейтін көркем бақша сыйлаған,  оның жемісі тәнде, бұтағы, жапырағы жан сарайында. Күт, мәпеле жемісін көр, пайдалан! Сондықтан әрбір пенде өзінің жан бақшасының бағбаны, «Не ексең соны орасың» деген аталарымыз.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *