Ар және Уақтар бірлігі «Ісра».

Бөлім: Ата жолы кітабы №6 49

Normal 0 false false false RU X-NONE X-NONE /* Style Definitions */ table.MsoNormalTable {mso-style-name:"Обычная таблица"; mso-tstyle-rowband-size:0; mso-tstyle-colband-size:0; mso-style-noshow:yes; mso-style-priority:99; mso-style-qformat:yes; mso-style-parent:""; mso-padding-alt:0cm 5.4pt 0cm 5.4pt; mso-para-margin:0cm; mso-para-margin-bottom:.0001pt; mso-pagination:widow-orphan; font-size:11.0pt; font-family:"Calibri","sans-serif"; mso-ascii-font-family:Calibri; mso-ascii-theme-font:minor-latin; mso-fareast-font-family:"Times New Roman"; mso-fareast-theme-font:minor-fareast; mso-hansi-font-family:Calibri; mso-hansi-theme-font:minor-latin; mso-bidi-font-family:"Times New Roman"; mso-bidi-theme-font:minor-bidi;}

 

       Аруақтың толық 7 күн қуатқа айналуы тек 10 санымен дәрежеленуден кейін ғана пайда болатынын және оны енді адам баласының өрісінің, сыртқы өрістік зейнет киімінің толық бейнелуімен, қалыптасуымен ерекшеленеді де Мұхаммед пайғамбарымыздың осы аруақ қуатының 3 түрлі бірлігін меңгеру  арқылы миғражға көтерілген хикметті насихатынан айқын білуге болады. Ал бұл жағдайдың Құран ғылымының қазіргі  дін ғалымдарының, масһабшылардың да ескермей ұмыт қалдырған бір қағидасы пара заңдылығы мен құран сүресінің сандық мәнімен арадағы құпия қатынасынан туындайды. Сондықтан 17-ші сандық орындағы «Ісра» сүресі құлшылық істерінде 17 параға тәуелді болып; 21-сүре ескертулер мен тылсымнан келетін белгілерді, уахидың шартын меңгеру, жеке жол-жоба кітабына жалғану және оның негізі 22-ші сүре жорықтар кітабы, жер есіктеріне жалғану,  мұғжиза келтіру болып насихатталады да, екінші жұбы сол жаққа қарай өту кітабы 71-сүре «Нұх» пайғамбарымыздың ізгілікті істері мен нұсқауларына жалғанумен 29-шы пара «Мүлік»-67 сүремен 77-сүре «Мүрсәләт» арасындағы 10 сүреден тұратын құранды алумен, 77 буын нәсілдік белгілерді алумен ғана көкке жалғанып, «Мағарыж»-Миғражды яғни 7 көк қуаттарын бейіш, ұжмақ меңгерумен  атқарылған хикметті оқиға екенін және 5 парыз намаздың сыры әлі арап халқына келмей тұрып, бұрынғы Құранға дейінгі түсірілген кітаптардың намаздарын орындап, толықтыру арқылы атқарылғанын дін ғалымдарымыз білгенмен, бірақ ондай жағдайды мойындаудан иман келтіруден мүлде бас тартқандары сөзсіз. Сондықтан хаж сүресіндегі Қағбаны тауап қылу үкімі яғни біздің дін ғалымдарымыздың бес парыздың бірі қылып елді жаңылыстыруы да осы 29-шы парамен яғни көк мүліктері мен қиямет оқиғаларына және жынды меңгеріп, рұхын, нәпсісін толық тазартумен ғана атқару керек екенін де аятта; «…Сақ болыңдар, билік Оған тән. Әрі Ол есепшілердің ең жүйрігі.» (6-62)  деген ескертуді де мойындау үшін де ұлттық, парасаттылық, зайырлық сөзге деген махаббат және намыстылықтың, арлылықтың ғана қолынан келетін шаруа. Негізінен Ол-Алланың ғылымы және Кітабы яғни хикметті істерді меңгеруші Алла тәні, жарық пен қараңғылықтарды меңгеруші аралық нұр Раббымыз болып сипатталады. Сондықтан аятта; «…Барлық мақтау, сондай көктер мен жерді жартқан және қараңғылықтар мен жарықты жасаған Аллаға тән. (баураушы денесі-нұр) Мұның соңында да қарсы болғандар, Раббыларына басқаларды теңейді.» (6-1) (7) Ал Раббымыздың құдірет қолының көздердің Алланың өзі себеп болып, бастапқы «Ман» қуатын меңгеру арқылы дәрежеленетін қарекет орындаушы жаратылыс аралық рұхтың себепшілерін «Уақ», «Ру», «Ақ», «У» періштелер, шеріктер болған қуаттарды меңгерумен, жан негізі «Ару» ды және «Ақ»-ты қалыптастырумен байланысты болады. Енді бұндай аруақ қуатының толық қалыптасып және жүректің тазалығы мен сана қуатының бірлігі рух, жан және тәннің де толық рухани сүн неттелуінің нәтижесі тек кемелдік жасқа келіп, барлық адамгершілік істерді толық меңгерумен және 49-санымен 7-нің екі дәрежесі 7х7-ге тәуелді болып насихатталады. Иманның толық зейнеттелуі де, пайғамбар шапағатымен байланысқа тұрақты тұрып, жол-жоба кітапқа жалғану мен және осы санды мүшелдік жасқа да және осы мәнді аяттармен сүре ғылымына да тәуелді болатынын  жадыңызға тоқып алғаныңыз абзал. Аятта; «Араларыңда (аруақтарыңда) Алланың Елшісі барлығын біліңдер. Егер ол, істің көбінде сендерге бағынса еді, әрине қиыншылыққа ұшырар едіңдер. Бірақ Алла, сендерге иманды жақсы көрсетіп, оны жүректеріңе зейнеттеді. Сондай-ақ сендерге; қарсылықты, бұзақылықты және бас тартуды жек көрсетті. Міне солар тура жолдағылар.» (49-7).

        Арамыздағы дау тудыратын шариғат істерінде әулие-әмбилеріміз арқылы бейнеленіп; «иманды жақсы көрсетіп, бұзақылықты жек көрсетіп» уахи болып келетін пайғамбарымыздың аруағының; «И»-«Ман» (ш(у)-ар) қуатына жүгініп және сол арқылы ғана жүректердің зейнеттелетінін ұмытып, ал пайғамбарымыздың ақиретте де елшілік істерін жалғастырып, уахимен жетелеп, үмметіне жол көрсетуші елшілігіне бой ұсынудан теріс азғырған және тек қияметте ғана кездесетін тозақтық өлілердің қатарына қосқан ізгі құлдарының шейттер қатарында жаннаттық болып өлмейтінін және іс басында аруақтарының атқарушы болып қызметке тұратынын терістейтін және ескі дін білімін ғана дәріптейтін «кинизмдік» масһаб білімін тура жол қылып, ұлттық, үмметтік ерекшелегін де біртекті дін рәсімін орындаумен айырбастап қарсылыққа түскен ислам әлемінің жағдайын тек діннен хабары жоқ, жүрегі жабық, ата аманаты, ана сүтінің сөз, үн қуатынан нәр алмаған «Ақ» пен «Ман» қуаты жетілмеген, аруағы жетілмеген көңіл көзі соқырлар ғана түсінбейтіні хақ. Және бұндай жағдайдың да тәннің нәпсілік, малдық «Уақ»-тық қуатын толық меңгеріп, өнім беруімен және материалдық көрінісімен ғылымда атомның, альфа бөлшегінің және «гелий» атты барлық ақпаратты сақтаушы адам баласының ет пен тері арасындағы және төбеде қалыптасатын парасат қуатын, балшықтың-естің«Ісра» жарығының «Бой»-дың қалыптасуымен пайда болатынын ескерген жөн. 

         Негізінен толық аруақ қуаттары біріншіден Ғиса пайғамбарымыз арқылы келетін Раббымыздың шапағатымен жалғану Оң қолдың-18 және бастың төбенің нұрланып ағаруымен, рухани сүннеттелумен, ал Мұхаммед пайғамбарымызбен жалғану; Сол қолдың-81 аяқтардың ағарып, жанның тазарып, ақ табан болуымен байланысты. Ал екі қолдағы 81-18  сандық мәндердің бірлігі 99 малдың яғни бұлшық еттердің қозғалыстық қуатын көрсетіп және 18+63=81 мәнін беруі пайғамбар жасының неге 63 санымен белгіленген құпия хикметті сырын әшкерелеумен бірге, Мұхаммед пайғамбарымыз да Ғиса пайғамбар мен және 18 ғаламға байланысты барлық түсірген дін нұсқауларынсыз тура жолдың негізі қаланбайтынын ескертеді. Сондықтан Ғиса пайғамбарымыз; «Мен құрылыстарыңның ірге тасымын» деп астарлап ескерткен. Сонымен 81 санына 19 сынақ санын, тозақтық белгілерді меңгеру арқылы ғана  1 бұлшық ет, жүректің тазарып көңіл көзінің ашылуымен ғана Алланың 100-і болып нәтижеленеді. Құранда берілген «Мариям» сүресі діл білімінің негізі және 91-ші сүре «Шәміс» тақуалық қабілеттерді меңгеру, ардың ұрпағы Салих пайғамбарымыз бен және Дәуіт, Сүлеймен пайғамбарларға берілген нұсқаулармен байланысты екенін ескертеді. Әл-Бұхари атамыздың пайғамбарымыздың сүнеттері мен ізгілікті өсиететерін неге 91+1 санымен белгілегені осы хикметті баяндап тұрғаны даусыз. Негізінен 91 санды кітап Адам атадан бері келе жатқан, Мұса пайғамбар нұсқауларымен жазылған Дәуіт, Сүлеймен пайғамбарларымыздың толықтырып, Ғиса пайғамбарымызбен шариғат істері бекіп, Мұхаммед пайғамбарымызға Укаша сахаба бастаған қыпшақ жауынгерлерінің апарып оқытып, оны Құран арқылы толықтырған исламның толық шариғат ісінің кітабы болып табылады. Негізінен інжілге Құдай ісіне байланысты толықтырылып тұру шарт болғандықтан аятта; «Кім дүниені қаласа, Біз де қалаған кісімізге дүниеде қалағанымызды береміз. Сонсоң оны жаһаннамға саламыз. Ол, оған қорланып кіреді.» (17-18) Оң қолдың інжіл құндылықтарын меңгерумен, ақирет несібесін жинаумен, яғни дүниелік зекет, садақа, мал жұмсау, артық хайыр жасау сияқты сауапты істермен байланыстылығын ескертіп тұр және бұл жағдайды баспен толық жалғануға мойынның әйел затынан неке арқылы берілетін діл білімімен, шараппен, көңіл суының қуаттылығы, тазалығымен ғана қалыптасуына тәуелді болады. Ал сол қолдың жағдайын аятта; «Хақиқат келді. Негізсіз нәрселер жойылды. Сөзсіз, бекер нәрселер жойылады» де.» (17-81).

         Бұл аят уахимен және кітапты толық меңгерумен, сөздің қуатын меңгеріп, нәпсіні, жанды толық тазарта білумен және аяқтың тазаруы үшін ақ табан шұбырынды болып, жорықтарға шығып, тау-тасты кезіп, таңбаланып бойдың «Ісра» болып толық жабылуымен де байланысты екенін сандар тағлымы, аяттар ғылымы білдіреді. Ал енді толық «Аруақтың» яғни адам баласының өрістік бейнесінің қалыптасуын (81+18=99) аятта; «Олар шынында көктер мен жерді жаратқан Алланың; өздері сияқтыларды да (аруақтық бейнесін) жаратуға күші жететінін көрмей ме? Алла олар үшін бір белгілі мезгіл (тағдыр кітап-уақ) жасаған, онда әсте шәк жоқ. Сонда да залымдар бас тартып, мүлде қарсы келді.» (17-99) (116) Міне бұл аятпен-ақ біздің мүфтияттық  немесе қазіргі таңдағы бүкіл исламдық ғалымдардың құран насихатына яғни 17-ші параға жалғануға ашықтай қарсы келіп, аруақ заңдылығын, Алланың құдірет қолы періштелік таза ақыл себептің, қолқабыс себепшісін, нығметін, несібесін «шерікке» және арамға айналдырып, кәпір болып, түгелдей діннен шықандарын білдіреді. Енді осы 17-пара тағлымынан ғана қажылық немесе умраның қағидасының 21-ші сүрені, көктік рухани есімдерге жалғанып, ол үшін жердегі киелі есіктерді іздеп таппай және «Аруақ» қуатын 3 жетіні 21-ді толық меңгермей, бойды ұсынуды, көлеңке періштелікті толық қалыптастыру амалын толық меңгермей мүлде болмайтынын 116-санның нәтижесі ескертіп тұрғанынан-ақ масһаб және әлем ислам дін ғалымдарының құранды мүлде теріске алғанына көз жеткізуге болады. Бақара сүресі құран үгітінің, сандар мәнінің толық негізгі белгісі болып есептелетіндіктен аятта; «Олар: «Алла, бала иемденді» деді. Ол, баладан пәк. Дегенмен көктер мен жердегі нәрселер Оныкі. Олар, түгел оған бой ұсынады.» (2-116). Бұл аятпен адам баласының періштелік белгісінің толық қалыптасу белгісін көрсетіп тұрғаны даусыз. Ал бұл жағдайға бой ұсынуға, сыйынуға христиан дініндегілер Құдайдан жәрдем сұрағанда «Во имя отца, сына и святого духа»; Рухани есімдердің (көркем аттардың атынан)- оң, рухани әкеге-сол иық нүктелері мен; адам баласының атынан — кеуде асты шұңқыры және киелі рұхтың атынан деп маңдайды көрсетеді. Ал қазақта ар-маңдай; у-көкірек, кеуде, көңіл-ақ; дау-(төбедегі періште, ой, ақыл, сөз, шабыт қуаты) қолда деп 81-18 сандарын меңзеп құдайға сыйынады.    

        Жоғарыдағы ескерткен тәңірлік бес қуаттың бірлігінен енді негізгі жеті ішкі жел, сөз жолдармен дәрежелену арқылы Адам атамыз бен Хау анамыздың бастапқы жаннаттық періштелік  жаратылысы 35 саны шығып оны екі есеге яғни ішкі екі «Менге» дәрежелесек 70 санды Раббымыздың толық нұрын, яғни бастапқы «Манды» толық меңгереміз. Енді «Ман» деген ұғым осы бастапқы адамзаттың негізгі жаратылыс басы үйінің қалыптасуымен яғни аятта; «Және де:«Ей Адам! Сен де жұбайың да жәннетте тұрыңдар, ерікті түрде қалағаныңша жеңдер де, мына ағашқа жоламаңдар. Онда жазықтылардан боласыңдар» деген едік.» (2-35). Бұл адамзаттың негізгі несібесі жанаттан берілген ризық болып және бұл жағдайды аталарымыз: «Ұлдың жақсы болуы нағашысынан..» деп Хау анамен жалғанудан келетін 5 және 3-тің онға дәрежеленетін пара – нәсілдік қуаттық негізді ескерткен ескерткен. Сондықтан құрандағы 53 саны осы жұбайлық өмірден әйелзаты арқылы келетін жетілген көңіл суы жанаттық несібені насихаттап ғылымын ашады. Әйелзатының еріне беретін көңіл суы да осы санды меңгерумен, арайжап зейнет орындары мен жатыр тазалығы, екі аяқпен жер арасындағы киіз қазық-сәукеле мен төс, кеудеден, қолдың және қолқаның (тамақ, өңеш, мойын) тазалығына байланысты көкіректе пайда болатын жанның қуаты, көңіл суы аруақ қуатының жеті күннің толықтығына байланысты болады. Әйел төсінің, көкірегінің еркектен ерекшелігі де балаға беретін ана сүтімен бірге,кеуде мүшесіндегі 7 түрлі без, көздерінен көкіректе пайда болатын жан суының, жыныс қуаттылығына себепші де болып, еркектің діл білімін тікелей осы көкірек суы арқылы неке төсегімен ер азаматының артқы мишыққа қуат болып және мойынды да қуаттандыруға себепші болады. Сондықтан аруағы қалыптаспаған, қолдары мен кеудесі тазармаған әйелзатының төс сүйегі мен бел сүйегінің арасынан пайда болатын күміс сынап суының (апсын) орнына жетілмеген «У»-уайыммен еректің көңілінің азып, түрлі құмарлықтарының артуына, нәпсісінің азуына ғана себеші болатын жалаңаш, к..тін ашқан әйел заттары киіз қазығының орнына темірдің, жездің буы, жез өкшелігі қалыптасып тектің азып, ұрпақтардың мәңгүрттенуімен қоғамның да бүтіндей бүлінуімен,  бүкіл аруақтық, көктік, нәсілдік ұлттық несібесінің азуына себепші болуы сөзсіз. Сондықтан қолқаның және қолдың тазалығы бастағы бөлінетін иіске, шаш пен ми жұмысының сарайы төбе балшығының иістің майға айналып қалыптасуына тәуелді болады. Ал жаны, рухы, тәні, терісі таза әйелдің де көңіл суының белгісі 53 санымен Құранда белгіленсе бұл санның аяттағы орны 35-санды сүреге бастапқы адамдық негізге тәуелді екенін білдіреді. Абай атамыз 35-ші қара сөзінде өлім, ақирет және құдай алдындағы соттан кейінгі әулиелік дәрежеге жеткендердің шапағат ету құқына жетуі деп ал 35-өлеңмен; «Мынау келген Назар ма, Ақсақалды ауыл азар ма? Сұрағаның бір-ақ тай, Бермейді деп сазарма!» деген астарлы ұғыммен көңіл көзі «назар»-көздер арқылы берілетін несібені ескертеді де, ал 53-ші өлеңмен; «Қор болды жаным, Сенсіз де менің күнім, Бек бітті халім, Тағдырдан келген зұлым, Тағдыр етсе Алла, Не көрмейді пәндә? Сайрай бер тілім, Сарғайған соң бұл дерттен,… Бұл қылған зарым Барса жардың маңына, Ол-қылған дәрім Ғашығымның жанына, Оңалдырып ойды, Түзетпей ме бойды?» деген астарлы сөздермен тағдыр жазуының ана тілі, сүтімен беріліп және «бойдағы-дақтың» жұбайыңнан келетін «сумен-шараппен» түзелетінін баяндаған. Бірақ бұл қуаттарды барлық періштелердің адам тәнінен орын алуы үшін шариғат нұсқаулары мен дін парыздарын толық меңгеру шарт. Және тағдыр арқылы берілген жазудың ана құрсағында 3 қараңғылықта, түнекте тәрбиеленіп 4 сөздің 3-ке көбейуімен 12-ге айналып оның тағы 4 мезгілдік адам өмірінің несібесі 36 санымен, онан басқа әрбір пенденің тәубелік несібесі 9-дың; «Тәубе»- «Мұсыл»- «Бой» жарығының қалыптасуымен және 6 санды рухани негізді мінезді меңгеруден пайда болатын барлығы 15-санды қуат пен жүрек зейнеті деген парасат қуатын қалыптастыруға да тәуелді.

       Енді адам баласының қабілеті, қасиетіне қарай түрлі жағдайлармен дүниеге келіп осындай сансыз берілген нығметтердің бірінде аз, бірінде көп болып оның кімге қаншалықты беріліп толықтырылып тұратын негізгі несібені меңгеру үшін әдет-ғұрып салт-дәстүр негіздерін меңгеру арқылы ғана қалыптасатын  24-ші Нұр» сүресінен (20х4=80) өз несібемізді негізгі зейнетімізді алуымыз керек. (Ар мен Уақ және Ман қуаттары атты 6-кітаптан үзінді). Ата жолы жазбалары мен ата дәстүрінің насихаты, кітаптары және құран теологиясы мен Ясауи діни жолымен, қазақ әулие-әмбилер аманаттарымен танысқыңыз келсе мына сайтқа кіріп көріңіздер;   http://btk.atazholy.local/

 

           Зейнет орындары мен негізгі кісілік ар қуаттары.

 

    «Ай астында төрт тек бар, Астыңа жайған төсектей. Аспанда жалғыз әсер бар, Бір өзі көпке есептей.» деген нақылмен «Төртеу түгел болса төбеден келер» деп адам баласының жанына өсіретін төрт қуатты текті-ар қуаттарын табу арқылы аспандағы жалғыз әсер жұлдызына жалғануды ескерткен екен.  «Адам- кіші ғалым, табиғат дүниесі-үлкен ғалым. Бұл екі ғалым бір-біріне сай келіп, табиғи келісімде болса өмір көркі сонда, сонда ол мәңгілік бақыт. Жаратылыстың өлшеуін білмегендер адасады, әлек болады. Оның өмірі аласұрып атанған жолаушы құрлы болмайды. Әрненің өлшеулі шек-шеңбері бар, белгілі белдеуі (зейнет белгісі) бар. Сонан шығып ешқайда кете алмайды.». «Даналар талай нысан тапқанменен тапқан жоқ тектің тегін әлі бірі.» деп данагөй бабаларымыз толғанған екен. Абай атамыз бұл қуаттарды адамның баласы деп атап; «Бес қуаттың бәрі де өнерге салар бар күшін» деген ескертумен, ол қуаттардың тегін;  «Белгілі сөз; өлді, өлді», Белгісіз оның мекені. Не халатқа (қандай күйге түрленді) әурілді (әуреге түсті), Қайда қандай мекені.» деп адам баласының өлгеннен кейін барлық періштелік қуаттардың белгілі бір жағдайдан келесі бір жағдайға өтіп, кеңістікте өз орнын тауып бейнеленіп және шеріктерге айналып жер бетін кезіп кететінін ескертіпті. Олай болса осы адам баласының жеті негізгі ішкі ағзасына жүрек, бауыр, өкпе, асқазан, бүйрек, ішек, жыныс ағзаларына  және жеті ішекке, сонан қолдағы жеті сүйектерге оң жақтан келетін түрлі сипаттарға бейнеленген 5 қуаттардың зейнеттелуіменен және осы қуаттардың келесі бір дәрежедегі бірлігі  сол жақтан ақирет әлемінен, Алланың қасынан келетін қарсылық қуаттар мен үшінші жер ана рухынан пайда болған, өмірден өткен ата-баба, туған, туыстар арқылы табаннан нәсілдік сөз сипатында зейнеттелетін қуаттар бар. Енді осындай 3 түрлі сипатта адам жаны арқылы бейнеленетін және адам баласының тағдырына өзгерістер еніп, осы арқылы жаратқаннан жақсылық, жаманшылықтардың келіп, маңдайда барлық тәңірлік қуаттардың бірлігі болып және төртінші дәрежелі «Насыр» періштесі болып қалыптасатын жан періштесі арқылы басқарылатын, төбенің «Ақ төбе» (бөрікті, ақ жаулықты) болуына байланысты төбеден келетін періштелік қуатты, тәубені, «мұсылды» қосқанда бес түрлі кісілік қуат бар екені ерте замандардан-ақ белгілі болып, ол қуаттар адам бейнесінде болып, түс, аян арқылы адам жанына зейнеттелетін, ең басты адам баласының ақиреттік азығы және аманаттар болып есептеледі. Бұл туралы құрандағы 4-ші сүре «Ниса» әйел, еркекке де ортақ жаратылыс негізі аманаттар кітабы болып аятта; «Негізінен Алла (Т) сендерге аманаттарды өз лайықты орнына тапсыруларыңды және адамдардың арасына билік қылсаңдар, әділдікпен билік қылуларыңды әмір етеді. Расында Алла сендерге нендей жақсы уағыз (уахи, аян) береді.» (4-58) деген үкімді орындауды парыз қылған. Бұл аяттың сандық мәнімен 85-сүре көктегі Лаухы Махфуздан оқылатын кітаптың екі аралық жер жүзінің кітабы 58-сүремен 7-санына байланысты үкімді зерттейміз; «Мұхаммед көрмедің бе? (Аян, уахимен)  Шәксіз Алла (Т) көктер мен жердегі нәрселерді біледі. 3 кісі сыбырласса; сөз жоқ, 4-шісі, әлбетте 5-тің алтыншысы Алла. Тағы бұлардан аз, я көп тіпті қайда болса да әрине Ол, олармен бірге болады. Сонан кейін қиямет күні, оларға не істегендерін білдіреді. Шүбәсіз Алла, әр нәрсені толық білуші.» (58-7).

        Бұл аятпен адам баласының барлық періштелері негізінен осындай 4;6 санды өзара дәрежеленіп бірлікте болатын (46; 64; 10) кісілерге айналатынын ескертеді де олардың бірлену негізі 3 және 5 болып, тек Алламен қосылу арқылы ғана белгілі бір мұғжизаға айналатынын ескертеді. Енді аяттың мәнінен тағы да 4 түрлі кісілік сипаттар пайда болады. Әрбір періштелер бірлігі яғни кісіліктің ішкі мәні 7 санымен аруақ қуатынан қалыптасатынын ескерсек, онда; 4х7; 6х7; 28 және 42-сандар тағлымы, білім пайда болып сонымен Алланың құдірет қолының (4;6— 46; 64-тен басқа) екінші белгісі; 28 ;82; 42; 24 қуаттық кісі-нұр белгісі шығады. Бұл санда тағы оң, сол белгісімен 82; 24 болуын да естен шығармау керек. Сондықтан да 42-санды  Шура сүресінде; «Алла (Т) бір адам баласымен көкейге салу түрінде немесе перде артынан ғана сөйлеседі: Не бір елші жіберіп, өз бұйрығымен қалағанын уахи етеді. Күдіксіз Ол, өте жоғары, хикмет иесі.» (42-51)  Немесе; «Мұсаның анасына: «Оны еміз де оған бір нәрсе болады деп қорықсаң, онда оны дарияға салып жібер. Қорықпа де күйінбе! Расында оны саған қайтарамыз да оны пайғамбарлардан қыламыз» деп, көкейіне салдық.» (28-7) Енді бір мысал келтірсек; «Егер оларға періштелерді түсірсек те және оларға өліктер сөйлесе де сондай-ақ олардың алдына әр нәрсені жинасақ та олар нанушы емес. Әрине Алла қаласа басқа. Бірақ олардың көбі білмейді.» (6-111; қимасы;116-17) Осындай сандар жүйесі арқылы Алланың құдірет қолы кісі-аруақ арқылы түрлі сипаттарға бейнеленіп, екі аралық істерді атқарушы күрделі қанатты періштелер тобына жататынын білуге болады. Енді ең негізгі масһаб және қазақ дін ғалымдарының қарсылық білдіріп, әлі кезге дейін қасарысып, қартадан ұтылған құмар ойынға түскен пенделер ауруына ұшыраудан, мастықтарының салдарынан алған беттерінен қайтпай, ата-салт дінімізге ашықтай қарсылық білдіріп, тура жолды теріске бұрып, халықты «ширик қосылу» деп азғырып алдап жатқанына дәлелді ұзаққа бармай-ақ Алланың құдірет қолы нұрынан мысал бере кетсек; «..Нұр үстіне нұр. Алла қалаған кісісін өз нұрына бөлейді. Алла адамдарға өстіп мысал береді. Алла әр нәрсені толық білуші. (35) Бұл нұр (аруақ-кісі) Алланың жоғары бағаланып, ішінде өз атының зікір етуіне бұйырылған үйлерде болады. Онда ертелі-кеш Оны дәріптейді.» (24-36) (60) Бұл аяттың қандай жаратылыс нәрселеріне тәуелді екенін анықтағыңыз келсе 60-санымен; «Сол уақытта Мұса қауымы үшін су тіледі. Сонда: «Таяғыңмен тасты ұр» дедік. Сөйтіп, тастан он екі бұлақ жарылып шықты да әр ел өз суатын білген еді. Алланың несібесінен ішіп, жеңдер де жер жүзінде бұзақылық қылып жүрмеңдер.» (2-60). Енді бұл иман зейнетінің Адам ата қауымынан бастап болғанын және негізі тәурат пен Мұса пайғамбарымызға түскен нұсқауларды орындау арқылы болып және әр елдің өз «суаты» яғни хаж орындары, тау-тасы болатынын ескертіп тұр. Сондықтан бұндай нұр-кісі, періштелер Алланың достарының атын атап, құран оқылатын үйлерде, яғни киелі орындағы салынған кесенелер, мазарларда болатын аруақтарды Алланың нұрына бөленген кісілері деп ескертеді. Ал кісілік нұрдың қалыптасу үшін негізінен негізі 4 санды тағдыр несібесімен 5 қуаттың бірлігінен ғана 9-санымен «Тәубе»-«Мұсыл»-нұрға шомылу амалдарын меңгерумен әулие-әмбилік қабілеттік және тазартушы қасиеттерді меңгеру арқылы ғана қалыптасып және бұл жағдайдың құранда 9 бұзықтық қарсылық істерді, шеріктерді Алла жолында соғысу арқылы меңгеріп, яғни жеңу арқылы 3 негізгі қозғалыс қуатына түрлендіріп 9+3=11- санды «Құт-аб» атты меңгеруге тиісті негізгі парасаттылық белгісі бар. Бұл кісілік адам баласының тіршілігіндегі тән, жан, рух періштелерінің өзара байланысумен, белгілі бір сезімдік, түйсіктік қуаттардың бейнеленуімен толық иманға айналмаған жағдайда, бөлек-бөлек ақирет өмірінде бірін-бірі іздеп қаңғырыста болатынын көрсетеді. Ал бұл қуаттар нұрдан өз үлесін алу арқылы біртұтас болып өмір сүру кісілік бейнесін аятта; «Ұжмақтағылар мен тозақтағылардың арасында далда бар. Және «Ағраф» делінген жоғары орында екі жақтағыларды да әлпеттерінен танитын біреулер бар. Бұлар: «Сендерге сәлем» деп жаннаттықтарға айғайлайды. Бұлар әлі жаннатқа кірмеген, үміт ететіндер.» (7-46)Бұл екі арадағы барзақ әлемінде тіршілік ететін кісілерді негізінен діншілер мойындағанмен бірақ пайғамбарымыздың; «Мүмін адамның түсі пайғамбарлықтың 46-дан бірі» деген өсиетінің, адамзаттың өз қауымына, ұлтына тән осындай жаннаттардан, тозақтықтардан және аралық періштелерден өз туғандарына, ағайындарына сәлем, уахи жеткізіп тұрушы түс, аян арқылы оқылатын кісі-кітаптың бар екенін мойындау түгіл құранға қарсылық білдіру масабтық, фиқһ және сопылық ағымдардың негізгі ұстанымы болып табылады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *