Сонымен бірге қияметтік соғыс та басталып, кімде бастан иман байлығы болып ғұрпын ұстап қорғай білсе оған тағы да беріліп, бақ қонып, ал кім иманын шайып алып, тек сеніммен ғана өзін көтеріп дәрежелеп жүрек тақуалығы болмай, атақ, дәреже, білім мақтанның соңында кетсе, түрлі ескертулермен сыналып, ал кім шайтан жамағатына айналып, арсыздықпен дүние боғының соңында кетсе онда үкімделіп, азапталып, арты үрім-бұтағымен тозаққа тасталатын болады. Сондықтан Раббымыздан хикметті белгілердің түсіп, өліктердің тіріліп, қауымына түс болып келіп, әулие аруақтарының аян болып белгіленген, түрлі себептік ескертулерге де мән бермегендерге; «(Мұхаммед пайғамбар) ол сенбей селқостықта болғандарға, олар үшін іс бітіп кететін қасірет күнін ескерт (38) Расында біз жерге де ондағыларға да мұрагер боламыз. Және олар біз жаққа қайтарылады» (Мариям — 39) Және Ғиса пайғамбарымыздың аруағының бейнеленіп әрбір пенденің ішінен өту кезеңі 6 санды келесі жылдың еншісі болып; «Ғымыран қызы Мәриемді мысал көрсетті. Ол ұятты жерін қорғаған. Сондықтан рухымызды үрлеген едік. Сондай-ақ бой ұсынушылардан еді.» (66-12) деген үкімімен келесі жылы ұятсыз, арсыз әйелдерге жаппай үкім азап, өлімнің көбеюімен, арлы абыройын қорғаушы әйелдеріміздің және аққуларымыздың Мариям анамыздың қасиеті қонып, дәрежелері көтерілетін жыл болады.
Енді негізінен жер бетіндегі ислам діні келгеннен кейінгі хижра бойынша қияметтік мезгіл 1946-47 жылдары аяқталып, сонан кейін тыныштық орнап, ал 46 санды үкімнің басталуымен өліктердің тіріліп, жер бетіндегі аруақтық қозғалыстың басталуы 1992-93-ші жылдарға келіп, ал 51 санды Алла тағаланың елші жіберіп бір перденің артынан сөйлесе бастауы және сөз ғылымының ашылуы болып, құран сандар тағлымы бойынша; 51 санды аяттардың, сүренің үкімі болып 1996-97 жылдардың кезеңіне келеді. Негізінен хақиқаттың түсуі алғашқы ескерту 47;74 сандармен байланысты болып, бұл жағдайдың жер бетінде 1993 жылдар кезеңіне келеді, иманның нұрының жер бетіне түсіп соған байланысты сынақтардың да ерекше белгісі 49 санымен, сүремен беріліп 1996-97 жылдарға сәйкес келіп, қазақ еліне түсетін сынықтардың жылдың аяғына қарай үнемі қайталанып, желтоқсан оқиғасына тұспа-тұс келуі де Алланың үкімі екенін әшкере қылып тұрғаны хақ. Және осындай дін сынақтарының, хикметтерінің айқын дәлелдері түсіп толық орындалуы енді 73-ші санмен яғни 7 жылда, құранның жеті үні көктен жеті мөрдің толық ашылуы болып, ата дініміздің тура жол екендігі дәлелденеді. Ал құран үкімінің, Мұхаммед пайғамбар періштелік шапағатының толық бейнеленуі 74-ші санмен, сүремен атқарылып, яғни қиямет мезгілдік сүрдің үріліп, бұзықтықтар жоғалып, жеңіліске ұшырауы 2020-21 жылдарға келіп, яғни енді 9 тәубелік жылда хижраның 1442 (14-42) (56) сандық аяттық мәндерімен ата жолының қазақ дәстүрлі дінінің, аталарымыздың аруақтарының толық жеңісі әлемде үстемдігі орнауы да хақ. Ал жалпы ислам әлеміндегі масхабшылар мен түрлі сопылық т.б. исламдық ағымдағылар да 2019 жылдары жеңіліске ұшырап, ата жолы Ясауи ілімін толық мойындауы да сөзсіз. Бұл аятты Раббымыз; «Хақиқат келді. Негізсіз нәрселер жойылды де, Сөзсіз бекер нәрселер жойылады де» (Ісра-81) «Ахиретке сенбегендер, әлбетте жолдан шығарушылар». (Мүминұн —74).
Өзге діндегілер түгіл, соңғы ақырғы ақирет білімі ислам дініндегілер де Раббымыздың қолы- аруақ-құрандарын да мазаққа айналдырғандығы үшін әуелі Ғайса пайғамбарды Раббымыз жерге түсіруді ұйғарыпты. Және пайғамбарымыздың біріншіден, өз үмметтеріне христиан атты халыққа «Иса масих» құдай дегендерге бірінші кезекте апаттар және ажал келді. Ал аруақты жалғанға балап, адасқан жолдан шыққан қазақ бауырларымызға үлкен сынақ тажал келгені де хақ. Жоғарыдағы інжілдегі ақ боз атқа мінген хақиқаттың, өлім періштесі Арыстанның артынан ерген әскері болып қалған үш түрлі қуаттық періштелік, аруақтық дәрежелерді меңгерген, Алла жолына соғысқа сапқа тұрған, зияратшылардың, құрбандықтардың арқасында аруақтарының бастары, жандары көкке көтерілген өзіміздің өмірден өткен әулие бабаларымыз, аналарымыз, даналарымыздың аруақ жандары болып табылады.
Сеніңіз мейлі сенбеңіз, еркіңіз өзіңізде ағайын, қазақ жерінде ғана емес, бүкіл жер әлемінде енді мылтықсыз майдан басталып кетті. Сондықтан алдағы 9 жыл ішінде Құдай қаласа сенбегендер арғы бетке, иман келтіргендер бергі бетте қазақтың дәстүрлі діні жеңіске жетіп дүние жүзіне әйгілі боламыз. Қарапайым түрде пенде баласына, мейлі дін танушы болсын тыныстары тарылып, сынақтар басталып, көнбегендер өз көзімен көруге ахиретке өтіп те жатыр. Мысалға биылғы жылдың құрбан айының аяғынан бастап, қараша айында үкімдердің нәтижеленіп, осыдан 9 жыл бұрынғы жағдайлардың дәл сондай белгілерімен, бірақ енді ел, көш, дін басшылары мен имамдарының да басына келуімен қайталанып, талай пенделердің азапқа түсіп, арпалысып тозақ деген ұғымды түсіндіретіні де хақиқат. Олардың ішкі сырына үңіліп, ата жолына келіп зерттеп, көрмей-ақ алыстан ой жорып, жалғанға шығарған хикметтердің негізгі таза бұлақ, рухтың ақ бастауы Інжілдің толық ашылу хикметін 15 жыл бұрын сол ақиқаттың «киелі сөз» кілтін, Раббымыздың заман біліміне қарай әрбір пендесіне жеке-жеке аруақтар арқылы оқылуға тиісті аяттарын; «Батаменен ел көгерер» деген қазаққа жаратушымыз Ақ ұлымыз арқылы сыйға жіберіпті. «Сыр ашу»: «Адам ба, періште ме, басқа ма? Әлде … Ақ боз ат мінген дене түсті жерге. Сыр қылған түс аянын баяндайын Адымдап уақыт та келді, міне. «Алыстан келдім саған тыңда, бала! Адамзат баласынан таңдап дара! Аманат арқалайсың тылсым жақтан Алдыңа кілт тастадым, жетпес баға. Бастайсың Ата жолды қазағыңа Тоғыз жыл алдан тосар сынағы да Тазала жынды су мен арам астан Халқыңды байлап алған құрсауына. Айқасып пендешілік қаралықпен, Жол баста биік шыңға даналықпен! Дархан ел қолдай алар кезі болса Еліңнің Бақ жұлдызы жанады, сен! Алтай мен Атыраудың арасында, Ұранда қазағыңның баласына! Адамзат биігіне шығар жолды, Айқындап, құя білгін санасына. Ақиқат жеңе білсе, кең далаңда Қазағың түр биікте, ел аманда! Тоғыз жыл сыр ғып ұста бұл аянды Уақыт келген кезде, сен баянда! Қолдасын сынақ жолда Бабаларың Пендені ниетінен танып алғын. Ақиқат адамзатқа келді, міне Майдан тұр ақ пен қара, жалын – алдың! Берік бол қолындағы кілтке, ұрпақ. Болашақ адамзаттың сында тұрмақ! Биікке адалдықты көтере алсаң Заманға «Алтын ғасыр» жолы тұрмақ 1997 -2006 сынақ жолда Өтіпті содан бері тоғыз жыл да Жеңістің желбіреген туын ұстап, Жетіпті қазағым да биік шыңға! Мойындап уақытпен басқа халық, Ата жол қадірімен бізді танып. Үлгі алар кезеңдері алдан тосар, Төкті Алла қазағына нұрын жарық! Көтеріп Ата жүгін, Баба үмітін, Халқымның аманатын, Ана сүтін, Мақтаныш сезімдері түртпектейді, Қазақ боп тұрғаныма – Жаңа бүгін! (Қыдыралы Момбай ұлы Тарыбаев. Ақпан 2006).
Негізінен бұл хикмет енді Мұхаммед пайғамбарымыздың миғражға көтерілгеннен кейінгі жеті жолдың жеке-жеке кілттері бір тұтас белгіге айналып, бірақ негізгі көк есігі Адам атамыз бен Хау анамыздың аруақтары болған бірінші көк арқылы ғана ашылатынын де білген жөн. Сондықтан осыдан 15 жыл бұрын Адам атамыз хақиқат негізі болып, Ақ ұлға батасын беріп, бірінші көктің есігін ашқан еді. Бірінші көк киелердің есім, атаулар мен барлық діндердің сөз басы болып енді ай астындағы төрт тектен жоғарыдағы берілген; арыстан, бұқа, адам басы және бүркітпен көрсетілген төрт қуаттық негізге жалғануға Ақ ұлға қосымша жүрек көздерін ашудың үш дәрежелі қасиеті де беріліп, қазақ еліндегі рухани тазаруға шақырған үрдістің аяқ астынан пайда болғаны да хақ. Сонымен Құранның көптеген құпия аяттары енді кітаптарға айналып, оқыла бастауы өздерін бәрінен жетік ақылдымыз деген, халықтың өз ақшасына, өздеріне дүние тіршіліктеріне тиімді заң шығарып ақыл сатушы басқарушы қауымға ұнамай мына аятқа ашық соғыс ашқаны да сөзсіз; «Көместің кілттері Оның жанында. Оны Ол, өзі ғана біледі. Және құрлықтағы, теңіздегі нәрселерді біледі. Және жердің қараңғылықтарындағы (қабірлердегі) құрғақ және жас ұрыққа дейін ашық Кітапта бар.» (6-59) (65) Бұл аятпен «Жандар» яғни жанаттықтар, 8 жанатта көместің кілттері болып, қабірдегілермен қоса барлығы тұтас кітап болып саналатынын ескертеді. Олай болса жанаттан жанның келуімен қабірдегі жас және құрғақ сүйектегі ұрықтар қайта тіріліп, ақирет өмірінде тіршілігін бастап, қауыммен арадағы хабаршыға айналып қызмет жасайтынын ескертеді.
Енді масхабтың дін имамдары мен дін ғалымдарымыз мынандай аятқа сүйеніп; «Ғайыптың сырын тек Алла тағала ғана біледі» деп ескерткен сондықтан бақсылық және тағдырдағы сынақтарды ескерту, болжау деген «Серік қосу» деп түсіндіреді. Ал енді біздің дін ғалымдарымыздың осындай аятқа сүйеніп және пайғамбарымызды куәлікке тартумен өтірікшіге айналдырып, Құранға, жаратылыс себептеріне қарсылық білдіргенімен қоймай, Аллаға ортақ қосып тажалға айналғанын білмейді. Енді бұл жағдайдың «Ғайып», «Көмес» және «Көрнеу» болып үш сипаттан тұрып; «Көместің кілтін, сырын қалаған кісісіне білдіреді» деген аяттың бар екенін мүлде жоққа шығарады. Ал «Көрнеу» дегеніміз барлық пенделерге ортақ көрінетін аян екенін, «Көместің» уахи болып оқылатынын және ғайыптың да сыры да пайғамбарымыздың шапағатына жалғану арқылы заман білімі кітап болып берілетінін мүлде білмейді, болмаса әдейі жасырған арамзалық ниеттері бар екені даусыз, сондықтан да тажалдар болып саналады. Сонымен көмес кітаптарға жататын; Биылғы жылдық хижра бойынша түсірілетін үкімге сәйкес 65 санымен және осыдан 9 жыл бұрынғы жағдайға сәйкес 59 санды өліктердің қабірлерден шығу хикметін және көктен періштелердің түсу хикметтерін түсіндірген аяттың, Раббымыздың ашық кітабының бата, аян-уахи болып оқылатынын масхаб дін ғалымдары өтірік және «серік, шерік қосушылар» деп айыптаумен ата жолын ашық соттауға дейін апарғаны да даусыз. Енді өз басым осыдан 2-3 жылдың шамасында әуелі бұлт үстінде келе жатқан ерлі-зайыпты кемпір шалды көрдім. Сонан кейін 63-ші сүре мен санға пайғамбарымыздың ірі белгісіне сәйкес, мұнафықтарға ажал әкелетін Раббымыздың үкімі болып, көктен яғни бұлтпен келіп жайылулы дастарханға келіп қосылған үстінде сауыты бар, түрі түркі тектес қуатты батыр бейнелі адамның келген хикметі болды. Бұл Ғиса пайғамбар аруағының өзі деп түсіндім. Сонымен қазақ жеріндегі мұнафық, екі жүзді пенделердің Құдай алдында есепке алынып, кітаптарының көрсетіле бастағанына да екі жылдай болып қалды. Ендігі алдағы хижраның 1434 жылымен, яғни Ғиса пайғамбарымыздың аруағының көктен түсіп, үш жыл мерзімде нәтижеленіп, көптеген ағайындарымыздың кітаптарының оқылып нәтижеленуімен Құдайдың әділ сотынан үкім жетіп, ажалдың да үстемдігі жүретіні хақ. Сонымен бірге христиан әлемінде де шошқалардың жаппай қырылып, түрлі азапты хикметтердің көрінісі болатыны да хақ. Ескертуі де биылғы жылы беріліп және құрбан айында негізгі белгісінің түсуімен, ал жыл аяғында қазақ елінде үлкен ескерту сынақтың болатыны да сөзсіз. Бұрын арамыздан елші шығарып көптеген нығметтер арқылы жақсылықпен жетелегенге көнбеген еліміздің тұрғындарына енді періштелердің елші болып, әрбір екіжүзді пендеге шақ салынатыны да хақиқат. Сондықтан аятта; «Құраннан мүміндерге, шипа және рахмет түсіреміз, ол залымдардың зиянын тым арттыра түседі» ( Ісра –82) «Тағы біз әрқандай кентке елші жіберсек, олар жалбарынсын деп, ол жердің тұрғындарын таршылық, қиыншылыққа ұшыраттық (94) Сонан соң жаманшылықты жақсылыққа ауыстырдық. Тіпті артылып та кетеді. «Аталарымыздың басына да таршылық, кеңшілік келген екен» десті. Сондықтан оларды кенеттен қолға алғанымызда өздері де білмей қалды» (Ағраф; 7 -95).
Бұл аяттың сан тағлымына жүгінсек, қазіргі жағдайдағы тек хижралық үкімдермен ғана есептеп көрсек енді 30 жыл осындай қиямет мезгілдік тылсым соғысы жүріп, жобамен есептегенде 2042-43 жылдардан бастап жер әлемінде үлкен апаттардың 7 жылға созылып көптеген мемлекеттер халқының жер бетінен мүлде жоғалу көрінісі де болатынын ескертіп тұрғаны хақ. Бұндай ірі хикметті белгіні, тұтас мемлекеттерге келетін апат сынақтарды өз басым аян, уахимен көрдім, бірақ оны нақты қай елдерге түсетінін жазуға да болмайды. Ал қазақ еліне, әсіресе ел, дін басшыларына үлкен сынақ келді деп ашық жариялайтын мезгіл де жетті! Баюға жанталас, баққа талас, ойын-сауық сайран құр, бірақ бәрінің белгілі бір шегі мезгіл, өлім есебі бар. Қазіргі қарнымыз тойып, өзге елдерден несібеміз артық болғанына масаттанумен бірге, мұндай кенеттен келген жақсылық пен несібелерді көктен түсіріп жерден өндірген Құдайдың келген нығметінен емес, керісінше білімділігімізбен, ерекше қабілет кемеңгерлік ақылдылығымызбен байып, өркендеп жатырмыз, енді бәрінен асамыз деп көкірек кере бастағандар табылып жатыр. Сондықтан биылғы жыл жаңбырмен, су апаттарымен сынап еді, енді неге кемеңгерлеріміз миллиондаған гектар жерді ақшамен суғара алмады? Жоқ, қазақ елінің бұл жеткен жетістіктері де негізінен арамыздан аз да болса ол иманға келіп, басын иіп, тура жолын тауып жатқан және болашақтың саналы ұрпақтарын өсіріп, діл байлығын жетілдіруге тырысқан халыққа беріп жатқан Алланың несібесі! Және де бұл нығметтің егесі Алланың өзі екенін білдіруге, тәубеге келуге шақырған сынақтардың да көрсетілуімен, яғни қайта-қайта пенделер өлімімен, ел шаруашылығына да ашық ескертулер беріліп, үкімдері хикметтермен көрсетіліп, Раббымыздың аян-аяттары да түсіп, халыққа жаппай оқылып та жатыр. Ал, екі жүзді пенделерге, ел басшыларына да түсінікті болу үшін мұндай сынақтар 2 рет тоғыз айдан ескерту болса, 3 ретте үлкен сынақ қиындық 4-ші ретте ескертпей-ақ ажал үкімі болып түсетінін де білген жөн.
Бірақ мұндай уақытша берілген жеңілдікті нығметтерді пайдаланып, тек намаз оқып, мешіттерге садақа беріп; «Тура жолымызды таптық» деп, ата дәстүрлік, ғұмырлық намаз амалдарына мән бермей, уақытша сынақ жүзінде берілген жеңілдікке үйреніп алып, дүние қызығына түсіп кетіп жатқандар қаншама. Бұл жеке пенделерге берілген тағдырлық сынақ. Сондықтан аятта; «Тура жолды түсіндіру Аллаға тән. Ол жолдың қисығы да бар, егер Алла қаласа барлығыңды тура жолға салар еді». Ал арамызда «Тура жол» тек зияраттау мен сәжде жасау, яғни намаз оқу деп Алла жолында мал-жанымен соғысып, артық хайыр жасау үшін қасиеттілікті меңгеруді, рухани жетілуді тастап қойған, берілген үкімдерді жасырып орта жолда жүргендеріміз де баршылық. «Негізінен біз ап-ашық үкімдерді әрі тура жолды кітапты адамдарға баян еткеннен кейін жасырғандар соларға Алла лағнет етеді, әрі барлық лағнет етушілер лағнет етеді» (159) «Расында сондай қарсы келгендер және қарсы болған күйде өлгендер, міне соларға Алланың лағнеті әрі періштелердің және бір тұтас адамдардың лағнеті болады» (Бақара -161) «Міне солардың жазалары: Шәксіз оларға Алланың періштелердің әрі біртұтас адамдардың қарғысы болады». (Әли Ғымыран — 87).
Мұндай жағдай ел басқарушылар мен жазушы, заңгер, қоғам арасындағы адамдар арасында ата жолының нығметтерін біліп, көріп, аруақтардан түрлі жағдайда тапсырма аяндар алумен, бірақ өз басын, тағын, дәреже қызметін сақтауға тырысып және қоғамда қалыптасқан жалған пәтуа пікірлерге, шеттен келген қызылбастық тәпсір, шариғаттық әдеттеріне қарсы тұрудан бой тасалап қара басын баққандар да мейлі қандай дәрежеде болсын, екі жүзділер болып саналады. Ал, көрсе де көрмеген, естісе де естімеген болып, өз біліміне мардымсып, заманға қарай түлкі болғандарымыз бұл топтың басым көпшілігін құрап, мұндай жағдайда жоғарғы аяттың үкімімен; «аруақтың назына қалма!» деп ескерткен және қатты күйінгенде «аруағым атсын» деген қолында билігі жоқ шарасыз қалған төменгі бұқара халық өкілдері. Сондықтан мұндай Алла жолында қиындыққа тап болып, амал жоқ ауыздан шыққанда тез қабылданатын және тез орындалатын қарғыс болып есептеледі. Мұндай жағдайға себепші болғандар негізінен дін имамдары мен білімді аталған қоғам басшыларының құран аяттарын есепсіз бір аят негізінде тәпсірлеп және сөз мағынасына мән бермей, тек арапша оқып барып керемет боласың деп, дін ғұламаларының надандыққа өздері де белшесінен батқанымен тұрмай, бірлесуге бұйырған, несібе нығметтерін «шерік»-арам деп азғырумен ұлттық ғасырлар бойы қалыптасқан тарихи тәжірибе ғұмырлық дінімізді бөлшектеумен және халықты да өздеріне ертіп күнәға белшесінен батуға үгіттеп жатыр. Бұл жағдайды Раббымыз алдын-ала ескертіп; «Сондай Аллаға берген серттерін (бекіген дінін, ділін, тарихи ғұмырын) және Алланың бірлесуін бұйырған нәрселерін (аруақтық қуаттарды; Ар; Уақ; Ман) бөлгендер әрі жер жүзінде бұзақылық істегендер (арап көктемі, бүлікшілер), міне лағнет осыларға. Сондай-ақ мекеннің жаманы солардікі.» (13-25) (38).
Қазақ жеріне де құрғақшылық, су, от апаттарымен т.б. ауру, азаптармен жер бетіндегі мекеніміздің тозаққа айналуына да, өзіміздің ата-анамыздың аманаттарына қиянат жасап, екіжүзді қылықтарымыздың себебінен пайда болатынын қатаң ескертеді жаратушымыз. Мемлекет басшыларынан бастап екі жүздіге айналып; Ата-жолын «секта» шариғат ісін «Тура жол», яғни «Біздерге» тікелей жалғанған жаннаттан хабар алушымыз дегендердің өтірікші екендігіне түсірген сынақтарды, хабарлардың жоғарыдағыдай әлем таба алмай жатқан ілім жетістіктерін осындай шайтан жамағаттарынан тығылып жүріп, ата-дәстүрін меңгеру арқылы жинаған тәжірибелерді, түсірген ашық кітаптардың бір парақтары екенін де мойындап тәубеге келген де жөн. Мүмкін аруақтар араша түсіп, осындай жоғалуға айналған ағайындарымыздың сынақтары да жеңілдеу болар деген үмітіміз де бар. Сондықтан керісінше «сектаға», яғни ата жолына осындай жолмен берілген, көрсетілген хикметті нығметтерді, пайғамбарымыздың кітабына айналған «Бір» перденің (47;74=11-он бір бірліктің), яғни Мұса пайғамбарымыздың Раббымызбен тікелей сөйлескен хикметіне, «Біріне» яғни жан негізі болған жаннаттық 21 санды «Біздерге» көптеген пайғамбарлар, әулиелер бірліктеріне, перделеріне жалғану арқылы және пайғамбарымыздың сүннеттерін орындау арқылы шапағатына жалғанумен, Раббымыздың рахметінен Құран аяттарынан белгілі бір сандық мәнмен сүренің көретін перденің үкімі түсіп, аққуларымыздың да тақуалығы қалыптасуымен жалғану арқылы болатын күрделі хикмет екенін де білгеніңіз жөн. Сондықтан басылым бетінде «Біз» деген сөзді көп пайдаланудың да сыры; Алла тағала мен арадағы 130 перде (Ыбырайым жолы, тәубенің көкке шығар 13 сатысы), Ясауи бабамыздың толық меңгерген ілімін қалыптастырып, түркі ұрпағына тура жолын салып берген, тақуалықты меңгерген әулие бабаларымыздың барлық елшілер, пайғамбарлар арқылы түсіріп көрсеткен бірлік амалдарды меңгеріп, бір-пірге айналып, ақирет сапындағы жаннаттық жүректердің «Бірліктерге» қосыла білген «Біздер» арқылы Алланың біздерге уахи, аяндарымен, хикметтерімен білдіретін патшалық, халифалық сипаттары екенін де жадыңызға тоқып алғаныңыз жөн. Ал енді адамзатқа келетін мұндай ақпараттық тазарудың жоғарыда есеп жүйесін көрсеткен үш түрлі белгіден заманның қиямет мезгілдік ақпараттық қозғалыс бейнесі туындайды.
Біз бұл жазбаның бетінде тек сынақтық, қияметтік исламдық белгісінен, яғни мұсылдық, рухани шомылып тазаруға негізделген, яғни хижра жыл санаумен ғана көрсетіп отырмыз. Ал енді григориан жыл санауымен барлық жер бетіне келетін және ғылым, білім, малдық қуаттармен ақты меңгеру және әрбір үмметтік, діл-жандық ерекшелікке байланысты 11 сандық мезгілдік жандық, қандық жетілу сияқты жеке тағдырлық та аруақтық белгісі болады. Және масхаб білімімен Ақ арыстық сипат пайда болса, қалған Жанарыстық, Бекарыстық рухани жетілуді де меңгеруді тарихат, мағрипат, ақиқат деп әулие бабаларымыздың сатыларға бөліп намаздарын орындап көрсеткенін де естен шығармаңыз.
Бұндай тарихи ғұмырлық дініміздің тура жолдың терең сырын, еліміздің атақты дін ғалымдары мен халыққа жол сілтеуге тағайындалған ел басшыларымыздың имандылықтарының ар айнасы болған, дін істерінің басшылары есептеп халыққа таныстырар қияметтік мезгілін де, себептік негіздерін де көрсетер деген үміттеміз. Ал енді мұндай әлемдік ақпараттардың аруақтардың судың буы болып көрінуімен ақ бұлақ, яғни аянның бұлағы болып түркі елінен басталатынын бабаларымыз болжап, хақиқат білімінен хабар беріп кеткен екен.
Normal
0
false
false
false
RU
X-NONE
X-NONE
/* Style Definitions */
table.MsoNormalTable
{mso-style-name:»Обычная таблица»;
mso-tstyle-rowband-size:0;
mso-tstyle-colband-size:0;
mso-style-noshow:yes;
mso-style-priority:99;
mso-style-parent:»»;
mso-padding-alt:0cm 5.4pt 0cm 5.4pt;
mso-para-margin-top:0cm;
mso-para-margin-right:0cm;
mso-para-margin-bottom:10.0pt;
mso-para-margin-left:0cm;
line-height:115%;
mso-pagination:widow-orphan;
font-size:11.0pt;
font-family:»Calibri»,»sans-serif»;
mso-ascii-font-family:Calibri;
mso-ascii-theme-font:minor-latin;
mso-hansi-font-family:Calibri;
mso-hansi-theme-font:minor-latin;
mso-bidi-font-family:»Times New Roman»;
mso-bidi-theme-font:minor-bidi;
mso-fareast-language:EN-US;}
Normal
0
false
false
false
RU
X-NONE
X-NONE
/* Style Definitions */
table.MsoNormalTable
{mso-style-name:»Обычная таблица»;
mso-tstyle-rowband-size:0;
mso-tstyle-colband-size:0;
mso-style-noshow:yes;
mso-style-priority:99;
mso-style-qformat:yes;
mso-style-parent:»»;
mso-padding-alt:0cm 5.4pt 0cm 5.4pt;
mso-para-margin-top:0cm;
mso-para-margin-right:0cm;
mso-para-margin-bottom:10.0pt;
mso-para-margin-left:0cm;
line-height:115%;
mso-pagination:widow-orphan;
font-size:11.0pt;
font-family:»Calibri»,»sans-serif»;
mso-ascii-font-family:Calibri;
mso-ascii-theme-font:minor-latin;
mso-hansi-font-family:Calibri;
mso-hansi-theme-font:minor-latin;
mso-fareast-language:EN-US;}