Жол-иманның мөрі, Құран үні.

Бөлім: Қиямет мезгілі рухани сынақтар 78

«Жолдары бар аспанға серт! (7)  Күмәнсіз сендер талас-тартыс сөздесіңдер (8) шындықтан  бұрылған бұрылады. (9) Ой жорушылар құрысын (10) Міне солар  білімсіздік ішінде жаңылысуда». (Зарят; 51-11) (62)  Қазақтың ғұмырлық дін салты болған түстерді теріс жорумен, аяндарға амал қылумен ілімнің ішкі сыры білімін меңгеруді жолдарға жалғану, яғни қазіргі таңдағы сопылық жол, тура жол деп өздерін уахи, аян алып амал қылушы қылып көрсететін дін топтарының жалғандығын да әшкерелейді. Және мұндай ілімнің білімін қазақ аталарымыз қой бағып жүріп-ақ орындай білгенінен исламдық тура жолдың негізі біздің әдет-ғұрып, салт-дәстүріміз екенін де растайды. Енді бұл аяттың ғылымдық сипатына үңілсек жолдар 7 санымен тылсымнан келетін дыбыссыз үнін Мұхаммед пайғамбарымыздың меңгерген 7 құранды ескертіп, ал сөздің аяттағы 8 санға байланысты болып, шындық аян, уахидың 9 санымен, яғни тәубамен байланысты, ойды толық меңгеру қуаты 10 санымен, ал білім 62 тамырға және қандағы 11 жұлдыздық белгіге тәуелді болатынын сандар тағлымымен ескертіп тұрғаны хақ. Ал енді бұл аяттардың негізгі сүрелік мәндері де өзара қосындылардан пайда болатын; 51+7=58;85 сандық белгілермен құран үндік сипатын 7 мақамды меңгеру шарттары да пайда болады. Ал 58-сүре де 85-сүре де бұл жолдарға жалғану ішкі аяттар саны  22 санымен белгіленгендіктен, хажды айқын белгіліп және жер ана, су ана және ана тілі, ана рухына жалғану арқылы ғана қандық сипатпен мүмкін болатынын ескертеді.

Енді масхаб имамдарының, арапшыл дін ғалымдардың құранды тек арап тілінен оқып, жаттап алумен ғана меңгеруге болады деген пәтуалары осы 7 үндік құранды ана тілімен қосып қана 8-ші сөзге айналумен тұтас мақам пайда болатын ғылымдық сипатын ой жорумен пайымдап, өз ұлтын мәңгүрттікке  азғырған тажалға айналумен бірге құранның ғылым сырын, ілімдік беделін әлем алдында, өзге діндер алдында маңызын, құндылығын жоғалтуға дейін  апарған әрекеттері ислам дініне тікелей қастандық және шайтан жамағаты болғандықтарын да толық растайды. Ал жер анаға және әрбір үмметтердің өз ата-аналары арқылы рухтарына, тарихи шежіресіне жалғану арқылы яғни тарихат, мағрипат дегенімізді ғұрыптық намаз орындау болып, аятта; «Егер олар Тәурат, Інжілді және Раббылары тарапынан өздеріне түсіндірілгендерді толық орындаса еді, әрине олар үстіңгі жақтарынан әрі аяқтарының астынан жейтін еді. Олардың бір орташа тобы бар. Дегенмен олардың көбінің істеген істері жаман еді» (Мәйда 5-66)+ (51). Негізгі құпия сандық мәні тағы да жоғарыдағы аяттың сандық мәнін беріп 7 үндік мақамды меңгеру  сырын әшкере жария қылып,  масхаб ғалымдарының 5 парызбен сенімді меңгеріп артық хайыр жасамай-ақ, шығынданып ақша жұмсамай-ақ, мешіттерді жағалап жүріп, иман өзі сені іздеп келіп, ғылым болып еніп тура жолда боласыңдар деген өтіріктерін де айқындап тұр. Ал бұл намаз орындаудың сырын толық меңгеруге тиісті болған; Тәурат пен Інжіл кітап егелерінің адасып, іштерінде тек орта топтың ғана қалатынын және олардың Раббылары тарапынан түскен (аяндар) нұсқауларды мойындамайтынын да құран аяттары арқылы ескертеді. Сонымен бірге мұндай намаздарды және кейінгі Мұхаммед пайғамбарымыз көрсеткен сүннеттерге қосып орындай алмағандар, тура жолынан адасқан халықтар болып, жердің бетінде ғана тіршілік ететіндер болып, жоғарғы әлемге де өте алмайтынын ескерткен.

Інжілді көшіріп жазумен сан білімін меңгермей және ілім, білім ортасы аян, уахи кітабын, жан ғылымының жібін үзіп, дін ортасын ұстай алмағандықтан христиан халқы да адасты да дін ғалымдары өзінен-өзі тажалға айналып шыға келді. Тәураттан да сондай адасқан елдер бар. Бірақ бұл дін ұстанымдарының ішінде тақуалық пен білім жолын ұстанып, іргелі ғылымдар мен ілім арасын жалғап, сопылықтарын жетілдіруші топтар да бар екені де даусыз.

Негізінен, қиямет мезгілінде жалпы адамзаттың аяғы арамданып; «Балтыр ашылады» деп ескерткен жаратушымыз. Әйел затына жаратылыстан балтырын ашуға, көздермен сұқтандыруға мүлде болмайтын болса, ал еркектердің балтыр ашылуынан 10 күндік, яғни аспан несібесі, ой қуаты мүлде жоғалады. Ал әйелдердің көкіректерін жалаңаштауы мен осындай еркектерден жыныстық қатынас арқылы шауқаттарымен улануымен көкірек несібесі тоқтап, түрлі төс обырына тап болуы да сөзсіз.  Мұндай адам баласына келген тажалдық әдетпен, яғни европа аяқ киімімен келген жеңіл киім, жалаң аяқтық және балтырды да ашық ұстау, ислам әлемінде де салтқа айналуымен, ал қазақ елінде соңғы жылдарда тұрақты салтымызға айналып, ер кісілердің жаппай шайтан дамбалмен көше кезіп кетуінен, қияметтік мезгілдің тууымен шайтанның үстемдігі орнағанын білдіреді. Және осындай діннен, адамдық ар-ұятынан алшақтаған елдердің ішінде жаратушыдан келетін рахмет жан үлесінен айырылып, әйел заты ұрпақ өсіріп бала туу қасиетінің жоғалтатынын ескертеді. Бар қасірет осы «балтыр ашылу» деген сөздің ғылыми негізінде жатыр, келесі кітапта қыр-сырын жетілдіріп талқылаймыз. Бірақ сызықтық ғылымдық маңызды бейнесін көрсетуге әзір мүмкіндігіміз аз.

Осындай қияметтік мезгілдің де құран сандар жүйесіне, Раббымыздың негізгі біздерге көрсетіп қойған жер әлемінің қозғалыстық себебі, аруақтық біліміне, яғни үннің есебі хижра жыл санауы бойынша 114 жыл сайын әлемдік қозғалыстардың «Бір» фатихасымен тоғысы болып, 115-ші санмен кітабы ашылып заман шеңберін, дәуірлік мезгілін қалыптастырады. Екі сипаттағы уақыт есебінің үшінші қазақ аталарымыздың мезгілдік, райлық есебі 11 айлық үркер жұлдызымен тоғысы сияқты заманның да, яғни үлкен уақиғалардың да мезгілдік осындай құран сүрелерімін тоғысы есебі бар. Енді 2012, яғни хижраның 1433 жылы осындай мезгілдің қияметтік кезеңімен сәйкес келген ислам діні бойынша 12-ші кезеңдік белгі болып саналады. Бұл 12 санының ертегілердегі 12 жаратылыс егелермен жер уақиғаларының патшалығының мезгілдік сипаты болып белгілеуінің өзі осы құранның ішкі сырынан пайда болған және исламға дейін де құранның Адам атадан бері кітаптар болып оқылып келе жатқанын растайды. Және жоғарыдағы аяттағы; 65;56 санды үкім сүрелерге сәйкес Раббымыздың ескертуі, несібе сыйлықтары аяттарының белгілері жүзеге асады. Мысалға биылғы жылдың тәубелік сипаты; «Егер олардан сұрасаң: «Әрине біз әншейін сөзге кірісіп ойнап едік» дейді. Оларға: «Алламен, аяттарымен, Елшісімен қылжақтаған болдыңдар ма?»,-де» (9-65).

 Америка елінде Мұхаммед пайғамбарымызды мазаққа алған бейнебаянның түсірілуі мен біздердің мұнафықтық дін ғалымдарымыздың да сөз, тәпсір жүзінде дінді мазаққа алған, масхаб тура жол деген сияқты еңбектерінің де биыл нәтижеленіп шешімі, үкімі түсетін жыл болмақ. Және бұл аятқа сәйкес төменде мысалдармен көрсететін ел басшыларымыздың дінді қылжаққа алуының белгісі болған; «Дін мемлекеттен бөлек» деген заңның шығумен де осы белгіні сынақ қылып жаратқаннан түскенін көрсетеді. Ал, негізінен түркі елдеріне; «Саліх: «Жұрттарыңда үш күн бой жасай тұрыңдар. Бұл өтіріксінулеріңе болмайтын бір уәде» деді.» (11-65) деген аяттың үкімі жүріп үлкен хикметті ескерту беріледі және көптеген белгісі берілді де. Ал қазақ жерінде болатын жағдайды аятта; «Мұхаммед кәпірлердің сөзі сені кейтпесін, Расында бүкіл үстемдік Аллаға тән. Ол әр нәрсені естуші, білуші» (10-65) деген кәпірлерге айналған  көптеген тажалға жәрдемге тұрған отандастарымыздың құдайлық сотқа ұсынылып шешімі түсетін жыл болып; «Ол тірілтеді, өлтіреді. Сондай-ақ Оның алдына қайтарыласыңдар» (10-56) деген үкіммен көптеген тірілердің жандарына өлім үкімі мен өлі жандардың ұйқыдан тұратын жыл мезгілі болып, жаппай аруақтар үстемдігі басталмақ. Ал алдымыздағы хижраның 1434-жылы (12-санмен) христиандық елдерге жалпы әлемге келетін үлкен сынақтар мен 66 санның үкімі түсіп, Мариям анамызға келген хикметті рухтың көрінісі болып, Ғиса пайғамбарымыздың аруағы да өмірге келіп, жас балалардың үлкендерге адасқандықтарын білдірген ақыл беретін хикметтері қазақ елінде де көрінісін беруі хақ. Ал енді ислам әлеміне ортақ тәубе сынағы болып; «Желеуретпеңдер! Сендер иман келтіргеннен кейін қарсы шықтыңдар. Сендерден бір топты кешірсек те, бір бөлімін күнәкар болғандықтарыңның салдарынан азапқа ұшыратамыз.» (9-66)  деген үкіммен иманның ғұрыппен, шежіремен ата-бабамыздың меңгерген дін-жанмен байланысты және діл білімі болып, ал сенімнің, ниеттің өзгеруіне байланысты өз ұлттық ділінің өркендеуіне қарсы өзге елдің дін салтын және ислам дамуының бастапқы негізіне қайта оралған қазақ еліндегі; «масхаб тура жол және тарихатшы» болған топтағыларға 66-санға сәйкес үкімнің түсуімен азаптың келетін жылы болмақ. Ал пайғамбарымыздың ескерткен; «30.Кәпірлер үшін келген аяттар мұсылмандарды жамандау үшін дәлел ретінде қолданылады. 31.Сүннет биғат сияқты «жаман» деп саналып, биғат сүннет деп саналады. Сүннетке бағынған адам жалғыз қалады. Биғатқа бағынған адам көп көмекші табады 32.Мешіттерде мыңнан астам адам намаз оқиды, іштерінде бірде-бір мүмін болмайды. 33.Кейін келгендер бұрынғы ғалымдарды надандықпен айыптайды. 34.Дін ғылымы қалмайды, дін адамдарының орнына әкелінген надандар білместікпен пәтуа берді. Халалды харам, харамды халал дейді. Дінді сауданың (дүние табудың) жеке бас пайдасының құралы етеді.» деген әулиелік пәтуасы негізгі қызылбастық, араптық жолды ұстанушылар болып және әрбір осындай исламдық үмметтерге өздеріне ғана арналған сүрелердің бар екенін, 8-ші сүре арап елдерінің мүміндік қасиетті меңгеру сүресі болып, бірақ оны меңгере алмай тек бес парыздың соңына түсіп, мұсылман болғандар үшін аятта; «Егер олар Тәурат, Інжілді және Раббылары тарапынан өздеріне түсірілгенді (аян, уахиларды) толық орындаса еді, әрине олар үстіңгі жақтарынан, әрі аяқтарының астарынан жейтін еді. Олардың бір орташа тобы бар. Дегенмен олардың істеген істері жаман еді.» (5-66) деген аяттың үкімімен жамандықтары әшкереленіп, масқараға ұшырап және жазалануға үкім түсетін жыл болады.

Бұл үкімнің қазақтың түркілік дін дәстүрін аралас орындап, бірақ масхабшыл болғандар орта топ болып саналып, дінді бөлшектеген білімсіздіктері де халық алдында жария болатын, дәлелденетін келесі жыл болады. Енді осындай есеппен алдағы 49 жылдық уақиғаларды Құран арқылы қазақ тіліндегі Халифа Алтай атамыздың аудармасынан сандар жүйесімен тізіп, негізгі құран насихаты, Раббымыздың философия нұсқауларымен танысуға болады. Ал, бұндай ашық белгілерге де түсінбей надандықпен өз білімділігіне шексіз сенген елдер үшін; Нұх пайғамбарымыздың кезіндегідей үкімнің түсуі, орындалуы 2017 жылдарға келіп әлемде үлкен апаттар мен ескертулер, халықтың  әлем халқының қорқынышы басталып, әлем ғалымдары мен біздің еліміздегідей «дін мемлекеттен бөлек» дейтін надан ел басқарушыларының ажалдан, азаптан аруақтары арашалап аман қалса, онда бәрі де құдайдың құдіретіне бас иіп, құран ғылымына жүгінуге тура келеді. Ал мұндай қиямет мезгілінің, ақ пен қараның, жақсы мен жаманның, білімді мен наданның, мүмін мен мұсылман және кәпір араларының ажыратылып көрсететін қияметтік әлемдік ақпарат өзгерісін туындататын даналарымыз ислам діні келмей-ақ жан ғылымын меңгеріп, өсиеттер қалдырған екен. Аталарымыздың; «Мәді жерден шығады, Ғиса көктен түседі» деген астарлы нақылдың шындыққа айналып, аруақтардың үстемдігі жүріп, кәпір мен мұсылман арасын ажырататын жыл келеді. Осылай құран аяттарымен алдағы 114-65=49 жылдың ішінде болатын уақиғаны тізіп шығуға және барлық заман себептік қозғалысы құран деген Алланың құдіретті жаратқан аруағына, кітабына тәуелді екенін қарапайым мектептік біліммен түсініп, құранның әлем тілдерінде ғана насихат, яғни нас-сан арқылы берілетін «И»-ман хаты (нас-и-хат) екенін білуге болады. Бірақ барлық нәрсені жұбымен және парымен жаратқан жаратушымыздың тұрақты біліміне жүгінсек, онда бұл уақытты бір параға айналдыру үшін әуелі жұбын сосын үшінші парын табу керек. Сондықтан енді әлем уақиғалары григориан жыл санауымен де құран аяттары арқылы есебін шығаруға болады. Және тағы да ішкі мезгілдік 11 санына байланысты да үшінші есептік заман уақиғаларының есебі де бар.

Осындай үш уақыттық қозғалысынан ғана жұбы қарсылық жағы да пайда болып 6 санды әлемдік «Уақ» қозғалысын табу керек. Және құранда ескерткен  пайғамбарымыздың меңгерген аруақтық сипаттағы 47 құранның да есептік, қуаттық жүйесін таба алмаса, онда қалған есептік жүйе 114 сүремен шықпайтынын да білгеніңіз жөн. Арап тілінде түсірген құранның да жұбы бар екенін Раббымыздың аяттармен ескерткенін ұмытпаңыз. Ал ол Құран қайда және сандық мәні қандай? Демек, арап тілінде ғана түсірілген құранды ғана жаттап немесе тікелей оқып, хазірет аталуға болатын болса, онда араптардың тіршілік сөздік пайымдауларында нахыл, мақалдар түрінде хазіреттік ерекшелік, жан сырын меңгерген құпия сөз білімі де болу керек. Ал құранда мұндай жан сырының сөз жүзінде арап тілінде аз мәлімет берілді деп ескертілген. Сондықтан арап елі үшін барлық нахыл да, мақал да, жан ғылымы да тек пайғамбарымыздың өсиеттерінен және құранның заманға қарай ашылған аят сырларынан ғана пайда болу керек. Ал негізінде құранда сан тағлымымен барлық жер бетіне түсірілген кітаптар білімі қамтылғаны да даусыз. Егер жан ғылымы құранда ашық түрде баяндалатын болса, онда оның мыңдаған кітаптарға айналуымен және бұл кітаптарды қара күштер оңай меңгеріп, әлемде азбаған адамзат қалмас та еді. Сондықтан да құпия сырлы сандық жүйені пара-арап-аруақ қуаттар білімі болып; 30 түрлі бұрынғы түсірілген кітаптармен байланыстық сыры, құрандағы сандық кітап мәндері көрсетіліп, бұрынғы замандағы көптеген сопы-ғалымдар құпия сырын шешуге тырысып еңбектер де жазып қалдырғаны хақ. Енді осы 30 пара кітаптар санымен және құранның арап тіліндегі үгіті бір кітап болып, пайғамбарымыздың өсиеттері бір кітап болып, барлығы 30+1+1=32 cанды белгімен, яғни сәжде білімімен оқылғанын ескертеді. Енді осындай есептік жүйемен Інжілдің 18; Тәураттың 23; Зәбурдың 27 санды кітап болып оқылғанын құран арқылы тауып көріңіз, бомаса дін ғалымдары мен хазіреттерден сұрап көріңіз. Егер бұл білімге қарсы не білмесе онда өздерінің тажалдық білімін растайтыны даусыз.

 Енді біздің еліміздің дінді жетік меңгердім деген дін ғалымдарымыз, ақылшы ел басшыларымыз да мұндай құранның қарапайым есеп жүйесін шығару арқылы негізгі кітаптарға айналдырып, түсірілген кітаптармен салыстыра отыра кейбір кемшілік, қателіктерін түзетіп, насихатын меңгеру түгіл, ондай түсірілген кітап — «парақтарды» үкімін жойған деген тажалдық пәтуамен жалпы құран философиясын жоғалтумен ғана айналысатыны да хақ. Ал мұндай ескі тәпсірлерге ғана сүйеніп, заманға қарай түрленген күрделенген сөз атауларының құпия сырлары және аудармашылық білімі де жетілмесе, әрбір ұлттың өзіне тән логикалық сөз білімі, философиялық көзқарасы да ескірген біліммен өлшеніп, онда мұндай дін ғалымдарының берген пәтуалары жалған және діни сауаттылығы да тажалдық болып; « … Сақ болыңдар, билік Оған тән. Әрі Ол есепшілердің ең жүйрігі.» (6-62)(68) Ол –«Қалам» сендердің тағдырларыңды есептеп жазушылар деп ескертеді де; Өздерін дін ғалымы, кітап алушы атап, яғни «Кітаптарды алып меңгере алмағандар, кітап арқалаған есек тәрізді» деген ескертуі тағы да бар екенін жадыңызға тоқып алыңыз. Олай болса тажалға айналған пенделердің негізгі сипаты есек сияқты, ойсыз, ақылсыз тек жұмыс істеп дүние тасумен, жинаумен, яғни кітаптарды жинап алып жаттап алумен, тіл-көзге айналып арқалап, жүктеліп тасумен ғана айналысатын болады екен.

Бұл мысалға дәлел масхабымыздың егемендік алғаннан бері шығарған кітаптары 2 миллионға жетіп, бірақ бәрінің насихатын қосқанда Абай атамыздың еңбегін ашып көрсетуге жарамайтынын, таразының екінші басына салуға да келмейтінін көз алдыңызға елестетіп, осындай дәлелсіз, ой жорыған ақпараттарды енді ақиретте осыны жазған пенделерге арқалатып тазартқызатынын білсеңіз, бір кітапты ұстап жүрген дұрыс па әлде күнде жүздеген немесе құран аяттарын есептесеңіз түсініксіз жаттағаннан бәрібір параға айналатын тылсымнан ашылатын мыңдаған түсінігі беймәлім, түсіңізде оқиғаларға айналып, ұйқыңызды бұзатын кітаптарды арқалап, көтеріп жүрген дұрыс па, өзіңіз шешіңіз. Және енді осындай жағдайда жас балалардың тағдырдан берілген жан қуаты иманын жою үшін құран жаттатып жарыстырып қоюшыларды руханиятымызға қастық жасаушы тажалдар демей кім деп айтасыз?

 Енді біздің бұл пайымдауларымызға аз ғана мысал бере кетсек және масхабтың дін ғалымдарымыздың ғасырлар бойы жалғасты келе жатқан өтірік «шайтандық» пәтуаларын да жалғанға шығарып, негізінен бұрынғы кітаптардың да болашақ ислам діні болып тұжырымданып түсетін діннің қарапайым түсінік парақтары-паралары екенін білгіңіз келсе; онда Інжілден және киелі кітаптан христиандар уағызынан мағлұмат келтірсек; «Жуырда Құдай адамдарға өзінің ізгі  билігін жүргізе бастайды» (11:2; 19; 37 Елшілер істері 1:6 Библия) Жоханның хаты деген (киелі кітап) үндеуді оқысақ: «Сол кезде Жохан елші Түркиядағы батыс Анадолудың теңіз жағалауындағы Ефес қаласының сенушілер қауымында қызмет етті. Алла тағаладан аян алып «ізгі хабар» деп болашақта болатын ерекше құбылысты хат қылып қалдырыпты.»;  «Осыдан кейін қарап қалсам, көкте ашылған есікті көрдім! Мен бұдан да бұрын естіген, керней үніне ұқсайтын қатты дауыс маған «Мұнда көтеріл, соған осыдан кейін не болуға тиіс екенін көрсетемін»-деді. Мен дереу Киелі Рухқа ерекше бөлініп, аян көрдім: көкте бір тақ тұрды, үстінде біреу отыр екен. Отырғанның сырт көрінісі яспис, карнеол іспетті асыл тастардай сәуле шашып, ал тақтың айналасын зубәржаттай жалтыраған кемпірқосақ қоршап тұрды. Тақты айналдыра жиырма төрт ақсақал отырады. Тақтың тұсынан найзағайдың жарқылы, гүрсілі және күркірі шықты. Ал тақтың алдында жеті шырағдан жалындап жанып тұрды, олар құдайдың жеті Рухының белгісі. Тақтың алды мөлдір кристалл іспетті шыны теңізге ұқсады. Тақты қоршай, оның ортаңғы баспалдағында, денелерінің алды-артында көптеген көздері бар төрт нөкер бар еді. Алғашқысы арыстанға, екіншісі бұқаға, үшіншісінің беті адамның бетіне, ал төртіншісі ұшып бара жатқан бүркітке ұқсас екен. Әрбіреуінің алты қанаты болатын және тұла бойлары толған көздер еді. Олар күні – түні тоқтамастан «Бүкіл әлемнің иесі  әрдайым болып келген, мәңгі бар және болашақта Құдай қасиетті, қастерлі, киелі!»- деп сыйынумен болды. Төрт нөкер тақта отырған, мәңгілік өмір сүретін Құдайға даңқ құрмет көрсетіп, шүкіршілік еткен сайын, жиырма төрт ақсақал оның алдына бас ұра жығылып, мәңгі тірі оған тағзым етіп, тәждерін тақтың алдына ұсынады да:  «Құдай иеміз! Сен ұлықсың, құрмет пен билікке лайықсың,Өйткені бүкіл әлемді жаратқан өзіңсің: Сенің еркіңмен ол жаратылды және бола да береді» ,-деп дауыстады. (Аян. 4:I-II Киелі кітап)  Христиан дініндегілердің мойындап, уағыздап жүргені, осы Құранда ескертілген жеті жолдың, яғни жеті құранның және төрт кітаптың сипаттарының белгісі болады. Сондықтан адамзаттың тілегінің қабыл болуы және Құт-абтың қызыр болып енуде 7 жол+4 кітаппен 11 санымен құран сандар тағлымын ескертіп баяндайды. Бұл жеті жолдың негізі Мұхаммед пайғамбарымызды «Адамзатқа шырақ қылып жібердім» деген аяттың үкімімен жеті шырағданды білімін бірлеуші, яғни арап тіліндегі 7 үн құранды толық меңгерген соңғы пайғамбар болып саналады. Сондықтан әрбір шырағданның өз күзетшілері болып, пайғамбарымыздың миғраж оқиғасында әрбір көктің кілтін, ұлықсатын алғанын баяндаған өсиет, ғибратты насихат хадис бар. Ал әр қайсысының алты қанаты бар періштелер болса, адамзат баласына берілген, толық меңгерген жағдайда осындай 6 қанатты періштеге айналатын қасиеттердің, рухани жетіліп және жанды жетілдірудің де соңғы шегі болып, әлем жаратылысының қозғалыс себебі; алты мезгілге, күнге тәуелділікті көрсетеді. Ал 24 ақсақал 24 мың лам қуаты немесе 24 пайғамбарлық қасиеттердің және құран сүресіндегі Нұр-24; Шура-42 көктер мен жердегі Алланың жолының атқарылу қозғалыс себебі болып табылады. Және барлық сағаттың жиынтығы қияметтік мезгілдермен де байланысты болуы керек. Арыстан Зәбурлік белгі, бұқа Тәураттық белгі, ал адам басы Інжіл белгісі болса, бүркіт Құранның жаратылыс басынан бастап түсірілген жан ғылымының негізгі қуаттық белгісі болады. Немесе әлем жаратылыс қозғалысының 4 періштелік қуаттардың адам баласы және жаратылыс арқылы бейнелену сипатын да білдіреді. Ал қазақ туындағы самғап ұшқан бүркіттің белгісі құранның негізгі мұрагері болғандығымыздың, ислам дінінің тура жолын салған ел екеніміздің белгісі және оны да аянмен беріп ескерткенін білгеңіз жөн.

Енді Жоханның мына аянындағы ерекше көріністі оқысақ: «Мұнан соң қарағанымда, көктің ашылғанын және сонда тұрған ақ боз атты көрдім; оның үстінде отырған «Адал да Ақиқат» деп аталады. Оның көздері оттай жалындап, басына киген әлденеше патшалық тәждері болды. Киімінде өзінен басқа ешкім де мағынасын білмейтін бір Есім жазылған еді, ал жамылғысы қанға батқан еді. Оның бір атағы «Құдай сөзі» Ақ боз атқа мініп, кіршіксіз таза ақ бәтес жамылғы киген көктің әскерлері оның соңынан еріп жүрді. Алдынан шыққан халықтарды шауып тастайтын өткір семсері бар екен. «Ол халықтарға қатаңдықпен билік жүргізетін болады» Ол құдіретті шексіз Құдайдың қаһары ашуын оған бағынбағандардың үстеріне төккізеді…» Бұл 2000 жыл бұрын уахи-аянмен берілген хикметті жағдайдың негізінде Мұхаммед пайғамбарымыз құран арқылы толық меңгеріп және Інжілде баяндалған қиямет мезгілдік уақиғалар ислам дінінің түсумен толық орындалғаны да растық. Бірақ бұл хикметтің онан кейінгі мезгілдерде де жер бетінде қайталанып талай апат, азап, адамдардың аштықтардан, індетті аурулардан қырылған дін сынағының қаншама қиямет мезгілдік сынақтары болып және бұл хикметтердің әрбір үмметтерге, елдерге өз мезгілдері де болғаны хақ. «Мағынасын білмейтін бір Есім жазылған еді, ал жамылғысы қанға батқан еді» дене ұғымға келсек қан-қызыл аруақтық белгі болып, ал бір Есім дегенімізде құрандағы «Бір Алла» деген ұғымды білдіріп, Алланың бірлігі адам аттарымен, негізінен бір есімге, яғни пайғамбарлар аттарына бірленетін жан сырының құпиясы бар. Негізгі бір есім аятта; «Ол Рахман, ғаршыны меңгерді. (5) Көктердегі, жердегі әрі екі арасындағы нәрселермен топырақтың астындағы нәрсе (өліктер) Оған тән.» (20-6) Барлық аруақтар да, өліктер де Алланың Рахман сипатының тәні, яғни денесі болса, онда қазақша Құдайға құлшылық, ата жолының құдайшыл болу қағидасын осы аятпен-ақ жүрегінде қышадай иман дәні болғандарға түсінікті болуы да хақ. Ал өзінің біліміне ғана сеніп, тура оймен қалаған даңғыл тура жолдағы «намазхандарға», дін ғалымдарына, имамдарға Алланың өзі де, яғни осындай астарлы сөзі жалған болары да даусыз. 

Енді осындай заман сөз атауларының жетіліп қазақ тілінің тынысының ашылуымен бұрын құпия болған әулие, даналарымыз ғана түсінген аяттардың қарапайым түрде ашық баяндалуымен бірге қазіргі замандағы әлемдік деңгейде бұл хикметтердің ашылуы жоғарыдағы ескертілген 12 санды жаратылыстық басқару мезгілдік белгісінің көктік дәрежесі, яғни ғайыптық-7; көместік-7; анықтық, жерлік 7-әулие белгілерінің жиынтығы болған 21 санымен Айша ана ақ туының белгісімен, алдымен қазақ елінде басталып, сонау 1995-96 жылдары жоғарыдағы ескертілген құранның 51-санына сәйкес үкім болып, қазақтың қара домалақ баласы болған Қыдыралы Момбай ұлына аянмен көрсетіліп ғайыптың сыры «рахметі», пайғамбарымыздың Ахметтігі, тазартушы хикметтігі ашылған еді. Яғни бұл құбылыстар адамзаттың құпия сырлы өмірінде аян арқылы ақирет өмірінде жүретін мылтықсыз майдан, сөз ақпараттар, дін істеріндегі өзгерістермен бірге жақсылық пен жаманшылық, күнә мен Құдайлық нұр-сөз арасында көрінісін табатынын да інжіл философиясы да ескертеді. Мысалға; «Иса айналасына қарап, байлардың құдайы сыйлықтарын арнайы сандықтарға салып жатқандарына назар аударды. Сондай-ақ бейшара жесір әйелдің жалпы құны 4 теңгелік екі бақырды салғанын көріп, былай деді. «Сендерге шындығын айтайын; мына бейшара жесір бәрінен де көп салды. Себебі басқалардың бәрі өздерінен артылғанын ғана садақа етсе, бұл әйел өзі бейшара бола тұра күнелтетін нәрсесін бәрін аямастан берді.» (Лұқа 21-тарау) Осы 21-ші санға байланысты қазақ елінде садақа туралы үлкен даумен аяғы қудалаумен аяқталатын сынақтың негізгі оқиғасын Ғиса пайғамбарымыз астарлы түрде ескерткен екен; «Кейбіреулер ғибадатханаға (мешіттерге) нұсқап оның әдемі тастармен салынып, арнайы сый-тартулармен тамаша әшекейленгенін айтқанда, Иса былай деп жауап берді; «Сендер көріп тұрған мына ғимараттардың қаланған бірде-бір тасының қалмай, бәрінің де күл-талқаны шығатын күндер туады!»  (21-тарау).

Ата жолының да әуелі мешіттердің өтіріктерін ашып, сонан кейін бүкіл христиандық әлемге қауіп төніп, бүкіл дін секталары өзінен-өзі қирайтын жағдай болатынын сезген тажалдар бір-біріне жәрдемге келіп, ислам дін ғалымдарының қолымен қудаланған ата жолының ісіне шеттен келген өзге діндегілердің де үлесі бар екенін ұмытпаңыз. Енді мұндай жағдайдың әрбір үммет үшін өз ерекшеліктері және жер әлемінен де ортақ уақиғалардан пайда болатын ескертулерді, Інжілден Лұқа жазған ізгі хабардың 17-ші «Ісра» тарауынан үзінді келтірсек: «Парызшылдар Құдай патшалығының қашан орнайтынын сұрағанда, Иса оларға былай жауап берді: «Адамдар Құдай патшалығының қашан орнайтынын алдын-ала білмейді (Матай 23:26 Жохан 18:36) Сондай-ақ оны «міне мұнда!»»немесе анда!» деуге болмайды. Себебі, Құдай патшалығы сендердің жан дүниелеріңде деді».

Құдай патшалығы адамзаттың рухани қарама-қайшылықтарға түсумен, ақыл-біліммен, естілік тәрбие арасында пайда болатын ақпараттық жетімсіздіктен, адамзаттың түрлі жағдайдағы кедергілерге ұшырап, өз жанын түсінуге, өлім себептерімен, аурулармен, азаптармен, жол байлану сияқты кедергілермен күресу барысында ішкі құдайлық сипаттарының оянуымен көрінісін беретінін ескертеді. Яғни рухани жетілуге, дінді меңгеруге деген ел, жер тұрғындары ортақ қажеттілігі  ояну керек. Сонымен  Иса шәкірттеріне тағы былай деді: «Көктен келген Мені бір күн болса да көрсек деп аңсайтын уақыттарың келеді, бірақ сол кезде Мені көрмейсіңдер. Кісілер  сендерге: «Міне, ол мұнда!», я «Әне, ол онда!» дейтін болады. Оларға бармаңдар, арттарынан ермеңдердер де!. Өйткені найзағайдың жарқ етіп, аспанды о шетінен бұ шетіне дейін жарқыратып жіберетіндей, уақыты болғанда (аяндардың жалпыға бірдей беріліп, түстердің көрсетіліп, уахи баталар оқыла бастағанда) менің билеуші ретінде көктен қайтып келуім де ап-айқын болады. Бірақ алдымен қазіргі ұрпақ менен бас тартып, көп азап шегуге тиіспін. Нух пайғамбардың заманында жағдай қалай болған болса, менің билеуші ретінде көктен қайтіп келетін кезімде де солай болады». (Жаратылыс баст. 6:1 7:6=23) Бұл сандар сыры да құран аяттары, сүрелерінің философиялық сырымен сәйкес келіп және 23-сан мүміндік белгі 18-ші пара-парақ кітапты, яғни құранда да сандар тағлымымен інжілді қоса оқы деп ескертіп тұр. «Нұх кемеге мінгенге дейін адамдар (Құдайға мойынсынбай) ішіп-жеп, тек ойын-сауық құрып, арсыздық істер жасап, дүние мастықта өмір сүруде еді. Ұзақ уақыт ескертулер келіп халық бәрібір үгітке мойын ұсынбады. Сол уақытта топан су баспастан бұрын әртүрлі ескертулер апаттар болған еді. Лұттың заманында да солай болған: адамдар ішіп-жеп, сауда-саттық жасап, егін егіп, үй салып, молшылық өмір кешуде еді. Бірақ нәпсі қуып азғындық жолға түскен еді. Лұт Соддом қаласынан шыққан күні көктен от пен күкірт жауып, бәрін қырып салды. Мен билеуші ретінде көктен келіп, ашық түрде көрінетін күні де солай болады! Сол күні төбесіндегі адамның заттары іште болса ол төмен түсіп үйге кіріп алып шықпай-ақ дереу қашып құтылсын! Сондай-ақ кім далада болса, үйіне қайтып келмей-ақ, қашып кете берсін! Лұттың әйелімен болған жайтты естеріңе түсіріңдер! (Көктен пәле жауып қалаларды жер жұту) Өмірін өзі үшін сақтауға тырысқан әркім одан айырылады, ал өмірін Құдай үшін қиған әркім оны мәңгі аман сақтап қалады. Сендерге шын айтамын: сол заманда түнде төсекте жатқан екеудің (некесіз жыныстық қатынасқа түсушілерді) біреуін періштелер қабыл алып, екіншісін (некелісін) қалдырып кетеді. Бірге диірмен тартып отырған екі әйелдің де біреуін қабыл алып, екіншісін тастап кетеді. (Түрлі ауру індеттер пайда болып жер әлеміндегі адамзат саны 2 есеге қысқарады, екі әйелдің бірі өліп отырады, адамдар жүректері тоқтап кенеттен қайтыс болады.) Шәкірттері: Мырза, бұл қай жерде болады? –деп сұрағанда Иса астарлап жауап берді:  «Жемтік қайда болса, құзғындар сонда жиылар».

Енді жаратушымыз мұндай хикметті сынақ алдында адамзатқа ақыл-ойына еркіндік беріп, әлемдегі барлық нығметтің есігін ашып қойғаны да хақ. Сонымен адамзат өз білімінің шексіз қуаттылығына және барлық жаратылыс себептерін білім арқылы меңгере алатынына шексіз сенумен, ал біздің еліміз сияқты мұндай жолға енді қадам басқан ел басшыларымыз құдайлық себепшілерін мүлде естен шығарып және  дінді мемлекеттен бөлек деген саясат ұстанудан елімізге барлық әлемнің ақылшыларын жинап алдық. Сондықтан мұндай жағдайдағы тарихи естілік дін тәжірибемізді ескілік, азған, адасқан деп танумен, рухани таразымыз тарихи білімімізді жоғалтып алумен, сырттан келген ақылшылардың қайсысы дін, қайсысы секта екенін де ажырата алмайтын еліміздің білімді аталған қауымының өздеріне Алланың берген нығметтері асыл діні тажалға айналып, қудалап, 4000 мыңдай сектаға есігін ашып, төрден орын берген, өзіндегісін тарихи жадын есікке лақтырып, құзғындарға дастарханын жайып, жем шашып шақырып отырған әлемде қазақтан басқа ел бар ма? Осындай ұрпақтарының ұсақталып, надан өзге елдің салтын, дінін ұстанатын ел басқарушыларының болатынын, сонан қиямет мезгілі келетінін алдын-ала  Майқы би бабамыз бұдан 2000 жыл бұрын ұрпақтарға болжам жасап өсиет қалдырыпты: «Әлі заман өзгерер Өзгергенін көз көрер, Мінгенің арба болар, Бар құс қарға болар,  Жансыз арба ат болар Өз балаң өзіңе жат болар Темірден құс болады Ұрпағымның көргені сұс болады, Адам басы ауырып дақ шытылар Базарында сұйылып сүт сатылар Еркек билік тұл болар, Сиыр пұл болар, Еркек жасып и болар, Қатын тұлданып би болар Алғанның ғарабы болар Құттың қорабы болар  Төсекке есеппен жатасың Жыныс зарпын ақшаға сатасың Иекке тиер аз болар, Адам шаштан айырылып таз болар, Он бесте азуыңды аршырсың (тіске құрт түсу) Тумасынан тамаққа тарышысың (қомағайлық, дүниеқоңыздық, арамдық) Баққаның өсек, сөз болар Тастан таяқ болар Жұрт пақыр болар, Осындай қилы заман болар, Енді төрт мың жылда Дүние тамам болар.» Бабамыз қазіргі заман салтын толық сүгіреттеп және «Иекке тиер аз болар» деген астарлы ұғыммен әйел затының азып, еркекке беретін жан қуаты кәусар, шабыт, діл білімі жоғалып, сонан тек шашы аз таздардың, қасқа бас дүние байлығын ғана ойлайтын ұрпақтардың ғана туатынын ескерткен. Және қазақтың негізгі дін таңбасы бүркітінің заңмен мазақталып, діннің маңызы жоғалып, таңбасының дүние боқты ғана ойлайтын қарғаға айналатынын да астарлап ескерткен. Тағы да былай өсиет қалдырыпты: «Өзімізді-өзіміз қыратын заман болады екен, шығыстан келер сары сақал өз тұқымымыз жұртымызға аз қорлық көрсетпейді екен. Талайдың қанын жүктейді екен. Елімізді мына мен өлген соң мың жеті жүз жыл кейін жүн бас шегір сарылар басқарар болар. Оларға жар күшіктелер де өз тұқымымыз болады, басқындар Бек тұқымын (кіші жүз) үш жүз жыл, жан, бал (орта жүз) тұқымын екі жүз елу жыл, Ақ пен бол (ұлы жүз) тұқымын жүз жылдан аса билейді. Билеушілер осыдан екі мың жыл өткеннен кейін іріп-шіри бастайды. Өздерін өздері құртады, қаратқан елінің бірін ол шаян болып, шаққан сияқты, түрі өзге бодан жұрттың һәммасі оларды жексұрын көретін болады. Бірақ еліміз олардың билік жүргізген кезінде қатты бұзылады» деп жоғарыдағы өсиетті қалдырыпты.

Осындай рухани азғындыққа түсіп, тілін жоғалтып, сөз түсінуден қалған, қаны азып жоғалуға қарай жаппай бетті бұрған елімізге жаратушымыз қол ұшын созды да, сол бақилық болған бабаларымыздың аруақтарын Ол Рахманның (20-сүре 5-6 аят) тәнін құрайтын мүшелік денелерін  қазақтың намысын оятуға арамызға түсірді.  Және әрбір пендеге, аруақтардан түртпектеп белгі беріп, түсімізде жетелеп сөйлесіп жатқанына 15  жылдан асыпты. Бірақ салтымыз азып, бала кезден алған жүрегіміздегі ата-бабамыздың ағашынан келген иман қуаты өзге жұрттық тәрбиемен қалыптасқан әдеттерімен жуылып қалыптасқан ұлтсыз, рухани негізсіз сенімнен арылу да оңай емес. Және бұл жағдайды түзейтін ел тұтқасын ұстағандардың дүние жинап, өзара жарысудан қолы да босай алатыны жуық арада түрі көрінбейді. Сондықтан да әрбір ұлтын, болашағын, өз ұрпақтарының мұндай қияметтік мезгілде жалпыға бірдей ортақ болып түсетін сынақ, рухани азаптардан аман алып қалғысы келсе; «Оян қазақ, ақиқат келді ауылыңа, ата жол келді ауылыңа, ата жолың — бақ жолың, қадірлей білсең ағайын!» деп, жабыла аруақтың батасына келіп, сенімді тазартатын сауаптық  және иман нұрын алатын артық хайырлық намаздарды орындауға жарысумен, таза исламдық діннің нағыз үлгісінің, киелі тура жолдың мұрагері екенімізді ислам елдері түгіл әлем діндеріне үлгі қылып жар салатын да уақыт та жетті! Және мұндай қияметтік ақ пен қараның арпалыс соғысы кезінде жаратушымыздан жәрдем құдіретті қолының атқарушысы болып, жерден Мәді аруағы, яғни Мәлік Сыдық аталып, Мұхаммед пайғамбар шапағаты, аруағы болып бейнеленіп исламның қазығын қағып кейіннен қайта түркі елінен діл бақшасының бағбаны болған  Мұхаммед пайғамбарымыздың 47-санды құраны ашылып, Мәді бабамыздың да рухы болып, қазақ елінде жер есіктерінен су буы жарықтардың пайда болып; Көктен және Рахманның оң жақ істерінің шапағатшы басқарушысы болып тағайындалған Ғиса пайғамбар аруағы да мыңдаған әулиелер ісімен бейнеленіп, яғни 7 қат көктің екіншісінен;                                                                                                           

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *