Ақ бастау-Таза бұлақ –өмір суы-аяндар көзі.

Бөлім: Қиямет мезгілі рухани сынақтар 2

Аталарымыз; «Бұлақ көрсең, яғни Раббымыздан аян көрсең көзін аш!», Ғылымын жорып, намазға айналдырып амалын жаса!-деп астарлы ескерткен екен. Ал Раббыздан ғылым, кітап білімі болып түсірілетін алтын, күміс суға, аян, уахиларға кісілер арқылы бейнеленіп,  оқылған кітаптарына иман келтіру 18 ғаламмен байланысты оң жақ қол арқылы негізінен Ғиса пайғамбар арқылы келетін рухани нұсқаулармен байланысты болса, жан негізі Дәуіт, Сүлеймен пайғамбарлар арқылы жер бетінен, жаратылыс әлемінен болып шариғат және тарихат негіздерінің ақ бұлақ көздері белгісін береді. Жан тану, психология ілімінде сана, жад, зерде, зейін, ерік ұғымдарын кездестіргенмен шет ел ғалымдарының ой жорыған білімі негізінде ешқандай өлшемі, тәндік орны, тән тазалығына, мүшелеріне қатысты ерекшеліктері мен кеңістіктегі қуаттық, күштік, өрістік, түрлік, денелік сипаттары жоқ тек білім ғана. Ал аталарымыз бұл сырларды философиялық нақылдармен көрсетіп кеткен және Құран аяттарымен өлшемдері де болуға тиісті. Алдағы басылымдарда құран кітаптары арқылы жан сырын баяндап көреміз.

Негізінен көктен аспан мүліктерінің сәулесі арқылы түсіріп, жер есіктерінен, киелі орындардан нұр болып шығатын мұндай бұлақтардың үш түрлі сипаты болып және жұбы пары болуға да міндетті де, ал көктік сандық мәні 10 санымен (саулықпен) белгіленеді. Мұндай байлық негіздері; «денсаулық, ақ жаулық, он саулық» болып зейнеттелетінін және толықтай алғанда иман байлығы деп аталатынын да естен шығармаңыз.  Ал негізгі 3-ші бұлақ көзі ақирет есігі болған, ислам діндегі елдер үшін ғана емес, әлем халқы үшін де мағрипат білімін меңгеру арқылы хақиқаттың ғылым көзі «Кәусар» болып, Мұхаммед пайғамбарымыздың шапағатына жалғанумен байланысты екені хақ. Сондықтан Мұхаммед пайғамбарымызға негізінен берілген барлық дін қағидалары, нұсқаулары мен құран аяттары да таза бұлақ иман суы: «Кәусар» сүресімен 108 санмен Миғраждан алып келген үш аят үкімінің бейнеленуі болып; Кәусар; Айт  намазы және құрбандық; Ұрпақ сабақтастығы болып нығметтелген. Ал негізгі сандық мәні; 108+3= 111 санымен жер әлеміндегі барлық «Бірлердің» негізі болып «Біздер» болып табылады. Бұл 108 санының құпиясын аталарымыз; «Сегіз қырлы бір сырлы» деп атаған. Сыр жүзге байланысты ұғым болса, ал әрбір жүз алтын немесе күміс суы болып, осындай құранда 12 жүздің несібе негізі бар екенін; «Мұса пайғамбар таяғын тасқа ұрды да 12 бұлақ ақты» деп ескерткен. Олай болса «Кәусар» дегеніміз иман негізі болып таза бұлақ деп аталады. Ал «Бұл+Ақ» сөзін зерттеп көрсек; «Бұл»-Ару, 7 үннің бұлақ көзі және ұрық, ұрпақ негізі болып табылады. Аталарымыз қыз туса әнші, яғни «Бұл-бұл» туды, ал ұл туса қойшы- «Шопан», сөз бағушы философ-абыз туды деп ырымдаған. Егер ұл бола білмесең онда жіңішке мінезді «бұл» боларсың деген де сөз бар. Енді пайғамбарымызға берілген «Кәусар» (Кәу-с-ар: ар—уәк және «С»-зейнет, иман) сүресі барлық меңгерген Раббымыздан берілген кітаптардың жинағы және 3 түрлі адамзат рухани бұлағының «ар», «уақ», «с-ман» қуаттары болған жанның негізі және 5 рухани қуаттың көзінің бұлағы болып жиынтығында 8 санын тура жолдың намаз орындау белгісін және 100 қойғ яғни адамзатқа ортақ меңгеруге тиісті лам- ой қуатын қоссаңыз 108-санды кітап- Құран деп аталады. Олай болса Құран адамзаттың иман бұлағы. Енді Құран-Бұлақ болса, «бұл»-ару болса, онда «Кәусар»-Иман бұлағы және Аруақ болып шығады.

Пайғамбарымыздың аруағының көрінісі таза бұлақ аруақтар негізі болып, баста жаратушымыз пайғамбарымызды адамзаттың таза ақылы, таза бұлақ негізі етіп жаратқаны да хақ. Осындай қиямет мезгілі келіп, пайғамбарымыздың шапағаты ақыл бұлағы болып, өліктердің аруақтары сөйлеп; «Кәусар» бұлағының 3 негізді көзі мөр болып ашылатынын Міржақып Дулатов атамыз «Таза бұлақ» деген мысалмен ата жолының хикметін алдын-ала дәлелдеп көрсетіп кетіпті; Бар екен таудан аққан таза бұлақ,Түк ел жоқ маңайында қылған тұрақ. Жағалай біткен ағаш жапырақты, Жайқалып күн мен желден тұрған қорғап. Шілденің тас қыздырған ыстық күні Мөп-мөлдір суы салқын, әйбат түрі. Шыныдай жалтыраған тазалығы  Көрініп айнадай боп жатқан түбі. Жаһангез үш жолаушы келе жатқан, Шөлдеген ыстық күнде таңдай қатқан Кез болып бақытына әлде қалай,Су ішіп мейірі қанған сол бұлақтан  Рақат, сусын қанып, жан жайланып, Қарап тұр аққан суға қайран қалып. Көреді суағардан жазулы тас, Жағалап жоғарырақ жүрсе барып.Үшеуі мұны көріп қалды тоқтай; Жаһанда жазуы бар неткен тақтай?! (Тәурат!) Жазылған оқып көрсе сөзі мынау: «Болсаң бол, ей жолаушы, бұл бұлақтай!» Саудагер екен бірі үшеуінің, Тыңдаңыз сондағы айтқан сөзі мұның: -Япырай! Бұл жазылған ақыл екен, Өткізбей ағар бұлақ күні-түні. Алысқа бармақшы ол тынбай ағып, Қосылмас өзге бұлақ бұған нағып? Зорайып ақырында өзен болып, Суынан пайдаланар тамам халық. Меніңше, мұнан мұрат, мағына сол, Кәсіп қыл, жалқауланбай талапты бол. Бұлақтай мақсұтыңа сен де жетіп, Басыңа тигізерсің пайдаңды мол. Екінші ғалым екен аса зерек, Ол айтты басын шайқап, назданып бек; -«Бұл сөздің мағынасы сіз айтқаннан, Меніңше болса керек тереңірек. Бұл сөзден-ғибрат сол адамзатқа, Тегін қыл жақсылықты, пұлға сатпа. Бұлақтай кез келгенге даяр болып, Міндетсіз біліміңді тарат халыққа». Жас жігіт, жолаушының үшіншісі, Әдемі көрер көзге көркем кісі. Тоқталып еш айтпай тұрып еді, -«Не ойлайсың, сөйле, мырза!» -деді өзгесі. Бұл жігіт берді жауап сонда тұрып: «Орнында ақпай бұлақ тұрса тұнып, Шөп-шалам, шаң топырақ, селеу басып, Сарқылып қалар еді әлі-ақ құрып. Жұрт құмар бұлақ таза болғандықтан, Жазудан мағынам сол менің ұққан. Көңіліңді бойың менен таза сақта, Пәктікпен артыларсың сонда жұрттан. Ақ пейіл, таза жүрек, жүзің жарқын, Секілді мөлдір бұлақ суы салқын. Болғандай дертке шипа жаны сүйіп,  Шүбәсіз пайдаланар болсын халқың.» .

 Міржақып атамыздың бұл мысалынан адам баласының Алла тағала махаббатпен үш түрлі ілім, ақыл көзін кәусар бұлағынан ашып қайшылыққа түскен жағдайларды ескертіп, жаннатынан хабар беретінін және қияметтік хикметі арқылы ескірген білімді жаңалап, кірлеген ілімді тазалап, адамзаттың жаңа бір ақпараттық жетістікке көтеріліп, ғылым-білімді дамытатынын, өмірге дарынды қасиетті ұрпақтарды әкеліп, санасын жаңғыртатынын көруге болады. Бұл мысалдан 5 қуатты меңгеру өнерді, кәсіпті дамытатын ақыл «Бес қуаттың бәрі де өнерге салар бар күшін» деген Абай атамыздың өсиетін ескертіп және ғылым-білімнің көзі болатын 3 түрлі Раббымызбен тілдесу көзі, кітаптардың оқылуымен, үшінші Мұхаммед пайғамбарымыздың 50 сауапты намаз орындауға, рухани тазару сүннеттерімен қоса 285; 286 аяттармен үш негізді сырды тәпсірлеп кеткен.

 Осы қағидаларды «Кәусар» сүресімен 3 аятпен астарлы сандар тағлымымен белгілеп, адамзаттың барлық діндегі намаздары мен амалдарын сыйдырып, ислам дінінің барлық діндердің бірлігі екенін қазақ даналары ғана тәпсірлеп көрсете білгенін естен шығармағаныңыз да жөн. Осындай білімнен ғана ұлттық намыстың, адам ойының тазаруы болатынын да білген жөн. Ал енді қазақ елінде өліктердің бастары көтеріліп, ұрпақтарына аққу, сұңқар аталған өз қандастары арқылы хабар беріп, халықты рухани тазалыққа шақырған ақ бастаудың — бақтың қазақ жерінен басталуы да заңдылық еді.

Оған дәлел қазақ даналарының мағрипатты тура жолды меңгерген шығармалары мен Ясауи бабамыздың сандар тағлымымен көрсеткен құран насихаты да айқын дәлел бола алады. Енді осы істерді зерттеп, хақиқатын ашып ілім мен білім арасының әділ ортасын, таразысын меңгеруге тиісті білімді қоғам өкілдері мен жазушы, ғылымдар қауымы да бұндай жақсылыққа шақырған адамгершілікке негізделген істерді керісінше жын-шайтаннан деп, Құдай ісіне ашық жала қойып, өздерінің атақ дәрежелерін пайдаланып, құдай хикметін, бабалар аманатын  жек көрінішті етіп көрсетуімен де ібіліс әскерлері тажалдарға айналып алғаны да хақ. Пайғамбарымыздың болашақта көктен түскен және өздеріне берілген; «11. Аманатқа қиянат жасалады. 17.Кейін келгендер өздерінен бұрынғы ғалымдарды білімсіз надан деп есептейді. 18.Ғалым, білімді адамдарда иман қалмайды. 19.Жақсылық жасайтын мұсылман ақымақ деп саналады.» деп ескерткен әулиелік пәтуасы қазақ елінде айқын жүзеге асты. Мысалға, махаббат немесе күнделікті өмір тіршілігінен қарапайым суреттеп өлең жазған ақын немесе ортаң қол шығарма өкілдерін дәріптеп, ұлтымыздың жалауына айналдырып, ал Ақ ұлымыздың сол кездегі жазған әулиелік пайымдаулары ұлтымызға жат және адасқандық деп айыпталды. Әлі кезге дейін мұндай еңбектің бар екенін мойындауға жазушылар атты қоғам мүшелерінің екіжүзділік намыстары жібермей жүргендері де сөзсіз. Мысалға, «Сүйінші!» деген өлеңінде; «Ақ сарбас, Ақ сарбас, Жақсылық болсын тоқталмас. Бақ құсы қонып қазаққа, Күш-қуат бітті қанатқа. Шуақ нұр таң атқанда, Аруақ үнін қатқанда. Тылсымнан есік ашқанда, Бөрікті атқын аспанға. Ғасыр мен ғасыр алмасып, Өткенге бүгін жалғасып, «Аллаға» жүзін бұрады, Заманның жаңа бұлағы. Ой-сана жетер кез келер, Оны да ұрпақ көз көрер, Ашылған бұлақ елімде, Айналар әлі-ақ теңізге. Тіршілік кілтін адамзат, Ұстайық біз де бағалап. Болашақ шуақ нұры ғып, Қазаққа түскен сыр құлып. Сүйінші жолы-жақсылық, Алланың жолы-ақтылық. Қазақтың «қонған бағына», Түсінбес пенде жүр күліп. Заманның жаңа жолы бұл, Шындық та жеңер, күні бір. Қазақтар болар жол басы, Адамзат-тірлік айнасы. Сүйінші алар сыбағам, Дәстүрлі ата ұнаған. Биікте тұрар ұрпақтар, Іңгәлап бүгін жылаған.» (13 қаңтар 2001 жыл).

 Бірақ Ақ ұлдың мұндай қазақ халқына келген бақтың туын ұстап, араммен арпалысып, көптеген жастарды, халықтың да көзін ашқан батылдығына берген ел басшыларының сыбағасы әлі кезге дейін бұлақ көзіне арамдықпен бітеп қойған тас болып, ел басшымыздың шаруашылықты дамытудағы ерен еңбегінің руханиятпен қабыспаса, онда сол жылдары іңгәлап жылаған ұрпақтардың болашақта біздің осы уақыттағы ел шаруашылығына жасаған еңбектерді ұрпақтарымыз түкке алғысыз қылып, тарихымызда қара таңба болатыны да сөзсіз. Ал мұндай рухани дағдарысты ескеріп жүрген, ел басшымыздың сенген бірде-бір уәзірін әзірге көре алмадым. Ал ел басымыз мазақталса осы замандағы бүкіл өздерін ақылды ел басқарушылар, билік тарапында болған қауым өкілдері де абыройлары айрандай төгілетінін білмейді. Олай болса қазақтың рухани жетілуін қаламайтын тажалдар ел басқару саласында мықты отырғаны да хақ. Ал енді өздерін «зайырлы»-қасиетті атаған сөз басшы қауымымыздың, кешегі өткен арыстарымыздың арманын, көріпкелдік, әулиелік сөздерінің іске айналғанын, пайғамбарымыздың бұлағының көзі ашылғанын, қазақ дінінің бейнесін ашық көрсетіп, қазақтың жастарының ұлттық намысын көтеруге ән қылып, халықтың алдында ұран қылып айтуға неге болмайды? Әрине әзірге еліміздің тажалдарының басына құдайдың қылышы түспей, ұлықсат та бермейтіні сөзсіз. Бұндай өлеңді және әулиелік пайымдауды суқаны сүймейтін дін, сөз басшыларының жүректері жабылып, құлақтары (тылсымдық көздері, сызыққа айналып) созылып, тажалға айналғанын өздері де сезер емес. Енді мұндай Құдайдың келген нұрынан ашық жала жабуға жол беріп және жәрдемшісіне айналған ел, дін басшылары өздері тажалға айналғанымен қоймай, ел басшымыздың болашақ ұрпақтар алдында айыпталатын сынақтың түсуіне, үлкен рухани сүріндіруге әкеліп соқтырды.

Бұл қателіктерді  ел басшымыз Құдайдың үкіміне ұшырамай, әзірге тірі кезінде түзеп, шешім шығара алмаса, онда осы заманаға сәйкес ел шаруашылығын көтеріп, болашақтың несібесін жаңғыртып жатқан бүкіл қауымның, біздердің де еңбектеріміздің босқа кетіп, өскелең ұрпақтарымыздың алдында да, тарихта да таңбаланып бәріміз де айыпты болатынымыз да хақ. Бұл «ібіліс» әскеріне «шайтан жамағатына» айналған,  ағайындарымыздың-тажалдың ірі зор жеңісі болып, ал екінші жеңісі төмендегідей сипатта болды.

 

А

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.