Аққу, сұңқар және ата жолы…       (8-бөлім)

Бөлім: Аққу, сұңқар және Ата жолы тәлімдері 77

Жеті кітап жазылды аруақтар үніменен,

Алматы қаласында бес ата қолдауымен.

Ата жолы аруақтық ар білімі -ақ бастауы,

Ақ ұлға таныстырып ұлықсат берген.

Ақиқат бастауы деп атын берген,

Сын айтылған ата жолға ескертілген.

Бір өзі Ақұлдың жолды бастағанмен,

Керек деп ерлер бұл іске жәрдем берген.

Жамандаған Ақ ұлды деп сөзді ерткен,

Аққу, сұңқар қарсы шығып өсектеген.

Қарсылық өзімізден басталғанды,

Таратқызбай, оқытпай елге ерген.

Шығарып үш кітапты әупіріммен,

Аз ғана басылыммен жарық көрген.

Оқырман ол кездерде өте аз боп,

Кейіннен қудаланған ел билікпен.

Соттатып ат жолын — секта деген,

Садақамен жұртты аздырып кедейлеткен.

Дінші, тілші, білімді қауымдықтар,

Сөз жазып мазақтаудан ерінбеген.

Дерек пен мысалдар көп ол кезеңнен,

Құлмұхаммед әкімнен бір мысал берсем.

Қызылорданың бар ақпараттық жүйесінен,

Ата жолын қудалатып үлгі берген.

Дүкендерден саттырмауға үкім берген,

Ата дәстүр өсиетіне жазып жүрген.

«Лақтырып көктен жерден қағып алар,

Сыр бойының әулиелері шапанымен.»

Бата болды біздерге бұл берілген,

Алты айдан соң мәлім болды хикметімен.

Қияметтің бұл болды белгісімен,

Қазақтың еліне сын сағатқа үкім берген.

Көктен, жерден талай сынақ түскенімен,

Түсінбеді Раббыдан қияметке белгі берген.

Мал табарлық жолынан бұрылмаған,

Ел билеуші, білімді қауым дүние ісімен.

Ілімнің амалдары Құдайдың өзі берген,

Құранның аятымен өліктермен сөйлестірген.

Бар нәрсені  жинағанмен алдымызға,

Нана алар ма, құдайдың қалауына ілінбеген?

Қарасай аудандық соттың шешімімен,

Табынған күнге қосып бір сектаменен.

Тыйым салып басылымға ата дәстүрінен,

Ата жолын соттаған «қауіпті елге» деген.

Ата жолы білімін біздер жазып жүрген,

Таратқан шәкірттерді қудалауға үкімменен,

Талдықорған сотымен жаза берген,

Данахан атты сұңқарды үгіттеген.

Болғанмен көп аққу, сұңқар күдер үзген,

Әйтеуір зияраттаумен өмір сүрген.

Ата жолы жазбасын үн парақпен

Таратуға Данахан сұңқар жәрдем берген.

Иман енді жолдасы бірге жүрсін десең,

Бағыштап құран, көмегің болсын берген.

Талайлар өтіп жатыр арғы бетке,

Тағдырдың сындары көп көместенген.

«Ауырмайтын жолды ізде» деген

Таратқан сарбазды қамауға жаза берген.

Қазақтың еліне қауіпті білім болып,

Көкшетаудың ішкі істер бөлімімен.

Мысал көп бұл істерден тізе берсем,

Қазаққа келген рухани нәубет деген.

Асыра сілтеп, аша тұяқ қалмасын деп

Қайталанған сынағы бүгінгі билікпенен.

Ала қойдай болдық көзге түскен,

Ел биліктің ауырған көзі бізден.

Арыстан түлкінің жүріп ақылымен,

Қасқырға қойды бақ деп үкімдеген.

Соңыма менің де түсіп ізіме ерген,

Көк тырналар қауіпсіздік мекемеден.

Кімге қауіп тудырдық, арттағы ұрпақ,

Бағасын берер, естелік қалсын бізден.

Көп зәбір көрдік дінші мен білімдіден,

Ата жолын, Құдай ісін жек көргізген.

Бірі есіктен қаратпай, бір сайтқа,

Қуғандар бар желкеден түйгіштеумен.

Күле алмаймыз, соңынан күлдіргенмен,

Құдай сыны азабы түскендерден.

Бас жарылса бөрікте, қолың жеңде,

Болсын деген аманаты ескілерден.

Құдайдың азабына кім шыдас берген,

Прокурор, соттар ісімізді қылмыс деген.

Қарғысын тағдырына жүктеу үшін,

Заманы ібілістің ұрпақтары ел билеген.

Сегіз жыл өтті мезгіл бұл сыныменен,

Ел басшымыз жолдау жазды осы ізбен.

Екі жүзділік саясаты ел биліктің,

Арсыз салтқа заңы жоқ тыйым берген.

Күнәдан ақталатын кездесіп өлімменен,

Мал, жанды тазартуға құрбандық қанымен.

Саналық таза ақылға жалғанатын,

Әулие-әмбилер мирасы ғылымменен.

Іліммен білімнің намазын орындаумен,

Ғылымды меңгеруге тылсымменен.

Ортасын тағы ұмытты ел басшылар,

Масһабтан ілім, европадан білімменен.

Қателігін өткен жылдың тәубеменен,

Ескермей ақтала ма, күнә кірген.

Көпірін жалғандықтың бұзып салмай,

Қияметтің сынынан кім өте білген?

Қайда болдың деген сауал берген,

Күнің келер қазағым бір-біріңнен.

Қазақтың бір қылшығын түзете алмай,

Сәуегейлік әдетің бар білгішсінген.

Құдайдың өзінен таза ақылы аян көрген,

Қазақтың дәстүрімен жүре білген.

Сұңқар мен аққу, сарбаз алып шығар,

Жалғанып дерек алса құран үнімен.

Майданға түспей болмас, көркем сөзбен,

Ата жолын аруақ білімін меңгерумен.

Тек ағашын қасиетпен қуат беріп,

Суғарған ақ батамен құран үнімен.

Тазша шалдай менде бір тіл безеген,

Ертегідей сөзім көп, ел түсінбеген.

Алғашқыда ел басының өзі болды,

Ата жолы жазбасына ұлықсат берген.

Саналығы құранның жеті үнімен,

Ата–баба мирасы кітабы ұлтқа түскен.

Ел билік пен білімді қауымдардың,

Жетесі жоқ аруақ үнін түсінбеген.

Екі еркек қол созып жәрдем берген,

Сайт ашып, бейне жазба түсірумен.

Жақсының жақсылығын айту парыз,

Ерлан мен Айболат деп атап өтсем.

Рухани жаңғыртуға құраннан аятымен,

Жаратқан әулие-әмбилерді сөйлестірген.

Алланың қияметтік мезгілінде,

Шындықты келтіруге үкім берген.

Қателігін адамзат ажыратпас білімменен,

Құдайдың өзінен хабар білдірместен.

Санаменен тылсымға көпір салып,

Жол–жобасын әр пендеге көрсетумен.

Жан ашырлық деп түсін арды білсең,

Жамандығын бүгінгі таң айтып жүрсем.

Тарихтың таңдағы бұл аталады,

Көз жасына елдің билік қалып жүрген.

Сәуегейлер біліммен болжап жүрген,

Ұлт тағдырын болашағын көрсетумен.

Тағдырын заманмен ұлтқа сынын,

Қарсыласып өзгертуге күресумен.

Жан, рұқ, ақылдың қасиетін түсінбеген,

Ел басының адасуы ілімді меңгермеуден.

Кінәны ізде зиялы, білімді қауымдардан,

Сана түгіл жетелік ақылы жоқ меңгерген.

Ата жолы дін емес, мешітпен шектеу берген,

Ұлтшылдық пен мәдениетің елге түскен.

Мәдениеттен ақ жүректі ұждандылық,

Әділетті, мейірім жанды, шапағат, игілікпен.

Бола ма сынай алмай, мін түзеген,

Әр пенденің міні бар ішіне үңілсең.

Жан, рұқының жағдайын ел биліктің,

Жазып жүрміз аруағынан білдіргенмен.

Мирасы қалдырған көп ақиреттен,

Жалғанып аққу, сұңқар қасиетпен.

Иманына бұл қауымның өлшем болсын,

Баяндап көрсем келген деректерден.

Иманды, ұжданды кім, білсін ертең,

Шындығын Құдай шынға бейне берген.

Көрші хақы, тәңір хақын ойламайтын,

Барша жанға мейірімі жоқ әділетпен.

Тарихты бұрмалған жазылған білімменен,

Санасыздық Алла жібін үзіп жүрген.

Тарихтағы шындықтың шынын білмей,

Болашаққа баянсыз жолдау берген.

Мирасы қазаққа хақиқат шежіремен,

Теріге жазылған кітапқа серті берген.

Шыңғысқан бабамыз тықтырғанды,

Отырардың кітапханасы өртелмеген.

Көрсетіп құпия сырды аянменен,

Айтылған деректер көп аян, батаменен.

Иманды емес, Құдайдын ісін түсінетін,

Жазылмаса білімі жүрекке зейнетімен.

Иман, сенім бір атайды дінші жүрген,

Құдай ісін ажырата алмай дін ісінен.

Заманның надандығы білімменен,

Қарсылығы ібілістің ойы үні енген.

Қияметтің сынағына ірі белгі түскен,

Екі кеменің басын ұстап суға кеткен.

Ел басының жолдауына екі жүзді,

Құдайдан жауап түсті сыныменен!

Құтқарылар елі қазақ қияметтен,

Ата жолын меңгерумен хикметпен.

Тазартып ақ бұлағын, ақ бастаудың,

Жерден есік, көкке саты ашылуменен.

(Мәуліт айы 2017 жыл)

(жалғасы бар)

****  ***

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *