Қол жетімді «саналық»

Бөлім: Ата дәстүр өлеңдері №8 41

Адамзатқа екі сипат өмір күші,

Адамдық жаны, жындылық болар ісі.

Ортасы саналықпен бір қуатқа,

Екі жарты бір бүтін толық есті.

Тіршіліктен тәжірибе екі есті,

Жетелік пен бірі сана ақыл күші.

Екі күнін даналықтың тартып алған,

Ел билігі саясатпен екіұшты.

Рухани жаңғыртпақ елдің білімдісі,

Ар, ұятты ұмыттырып бұрып сөзді.

Қоғамдық сананы өсірмекке,

Біліммен үш тіл болып Құдай ісі.

Қол жетімді болсын деген ақыл енді,

Гендірлік саясатпен рұқ бірлігі.

Керемет бүкіл қоғам дана болмақ,

Таңбасын латыннан алып болса үні.

Керек болмай Құдайдың бүгін діні,

Ризалығы әулие-әмбилер аян сөзі.

«Құлдық сана» орыспен жақын болу,

Тәңір болып ел билігі шешті бітті.

Ібілістің оңай тірлік, көптің ісі,

Жынды мастан айықпас білімдісі.

Сана-ұжданың ендігі қоғамдық боп,

Оңай жүйе жындылардың қол жетімдісі.

Я, Раббымыз  ажырат бізден перілікті,

Қайтарып бер жоғалтқан екі күнімізді.

Жете, сана көбейткен ата дәстүрімен,

Қуат қосқан әлемге ақыл жүйемізді.

(Мәуліт айы 2017 жыл)

****  ****

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *