Бауыржан ата зиратындағы ой

Бөлім: Өмір баспаладақтары-Қ.М. Тарыбаев 55

Қаһарман өз қадірін құрметеген,

Ата жұртын, қазағын сүйіп өткен.

Папах киген полковник мүмінінде,

Батыр ұлы қазақтың орын тепкен.

Кенсайдың биігінен орын алған,

Тұрсың ба тас мүсінде батыр бабам.

«Асалаймағалаейкум» деп сәлеи берсем,

Қабыл етші сәлемін берген бабаң.

Назар салып біз жаққа сынайсың ба?

Ана тіл, ар-намысты сұрайсың ба?

Тәрбиесін көп ұлтың еміп өскем,

Қатем үшін жоө әлде қинайсың ба?

Өз ұлыммен өзге тілде сөйлескем,

Қасиетін ана тілдің білместен.

Арам аспен аузымды да былғағам,

Қарағанмын ащы суға құрметпен.

Қателікпен өтіпті өткен өмін,

Батыр баба қатемді өзің кешір.

«Елін сүю өзіңдей» бізге арман,

Аруағың қолдасын өзің жеткіз.

Бауржан қазақ үшін дара тұлға,

Үлгі боп тұршы баба ұл мен қызға.

Ұрпағың мен сияқты күнә жусын,

Көбейсін Бауржандар даламызда.

Ар-намыс кқкіректе ұяласын,

Бабалар бүгін таңда ұрпаққа сын.

Бауыржандай бабдан үлгі алған,

Жаңа ғасыр қазақты қайта тусын.

(4 сәуір. 2002 жыл. Тарыбаев Қыдырәлі)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *