Естісем есіміңді Қорқыт баба,

Елестер көз алдыма шексіз дала.

Ақ киген сақал-мұрты ақ қария,

Тілдесіп сырын айтқан қобызға да.

Қобыздың үні келер құлағыма,

Зарлаған үніндей боп ұлы баба.

«Ажалдың ақ оғынан қашқан»,-дейді

Аңызда бізге жеткен ұрпағына.

Замна мезгіліне симадың ба?

Надандық адалдықты қинады ма?

Қобызың құшағында сырлас тапай,

Замана күйін тартып жырладың ба?

Қай ғасыр, қай заманда өтің екен?

Арман ғып бүгін таңды өттің бе сен?

«Көрсем»,-деп қазағыңның ел болғанын,

Сондықтан ажалдан да қаштың ба екекн?

Ел болды, ту көтеріп, халқың бүгін.

Өлсең де, өлген жоқсың ұрпақ үшін.

Қай ғасыр, қай тарихты қозғасаң да,

Ішінде Қорқыт баба жүргендейсің.

Жаңа ғасыр аттап кірді жаңаша,

Ғасыр ұлты «қазақ болар» Алла өзі қаласа.

Жол көрсетер адамзатқа Қорқыт баба ұрпағы,

Жеткізеді жақсылықа аруақтар қолдаса.

(Сәуір. 2002 жыл. Тарыбаев Қыдырәлі.)

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *