Бір жүректен жаралыс

Бөлім: Ата дәстүр өлеңдері-9; Зікір 49

Бөлшегі едің жүректің
Жарығы кісі өсетін.
Жүректерді қосатын,
Жар болған өзі иенің.

Тынысы баба өзіңсің
Түрленіп келер дүниеге.
Оның басқан ізісің,
Қайталанған өмірде.
Артыңнан ерген ұрпағың
Жалғасы тағдыр ісіңе.
Қайта айналып келгенде
Ол келер саған әке боп,
Жалғанып Алла жібіне.
Келерсің оған бала боп
Жалғанып нәсіл тегіңе,
Жер бастырмақ түбінде.
Өмірден кетсең ертерек,
Қайтасың келген жеріңе.
Жалғасы болып ол қалар
Адамдық белгі өмірде.
Қол бала болған әруағың,
Періштелік қуат жалғасың
Тағдырларды қосатын.
Өрісі қара киімді,
Оның теріс қылығы,
Өзіңді іздеп табатын
Сезімнен шайтан жын болып,
Жүк болар отын жанатын.
Күнәсі ауыр қиналтар,
Шерік боп қуат қосатын.
Жүктерін ұрпақ аларсың,
Әке мен бала жалғанып,
Қиналып сенде сасарсың.
Тозаққа жаның қамалып,
Жәндік әлде малданып.
Тазартар жүрек қуатын
Серт деген Алла құранда,
Бір жүрекпен қайратын
Әкеден бала алатын.
Жүрегі ерсе артыңда,
Тегіңнен болар әруағың.
Керек емес жалғаның,
Қызық пен сайран думаның.
Жемісін сенен алады,
Ғылымнан ой бақшаның.
Бесті беріп алты алған,
Қазақтың салт-дәстүрі,
Жобаға Құдай жалғантқан.
Жүсіп жолы деп атап,
Сәждесі мүлкі аспаннан.
Алты ай мен он күні,
Бір жүректе қосылған.
Шариғатты жол қылмағы,
Тозақтың көп адамы.
Тура жол інжіл ортасы,
Ақиқатпен амал қылмағы
Жүректен жүрек туады.
Жүректерді қосатын,
Алланың сыйы жаннаты.
Нұрынан жарық бөлінген,
Жүрек боп зейнет киінген.
Махаббат деп бастапқы,
Мұхаммед деген есіммен.
Әлемге келген рахмет,
Бір Алла сипат жүректен
Жүрекке енер нұр зейнет.
Біз деген сипат құранда,
Бір Алладан әсер білдірмек,
Қараңғыда жаның қалғанда,
Жұлдыздар жолды көрсетет!
(Шілде 2018 жыл)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *