Қателік 

Бөлім: Ата дәстүр өлеңдері-9; Зікір 48

Қателік бар әркімде,
Мойындап оны түзей біл.
Ақтай бермей әрдайым,

Өзіңді таныр ілім дүр.

Аманатқа адал боп,

Адамдықпен өмір сүр.

Нәпсінің қамын күйттемей,

Қанағатпен шүкір қыл.

Баршылыққа байлансаң,
Шалып бір күні құлатар

Кеш болар сонда қарманған.
Дүниелікте көп қате бар.

Опасы жоқ жалғаннан.

Ібіліс жолы таңдаған,

Қыз дүниенің соңынан,

Байлықты қуып жүргізіп
Санды талай соқтырған.
Кенелем, деп молдыққа,

Жақындардан айрылған.
Сараңдықты әдет қып,

Мойынға қолы байлаған.
Қолыңдағы дәулетің,

Ақталмай кірге айналған.

Бүгін сенде, ертеңде сол,

Тастап сені кетпей ме?
Басқаның кетер қолында
Жеңіл қара дүниеге.
Жомарттыққа жиі бас

Алаған қол береген,

Сараңдықпен болып қас.
Ұпайың түгел болады
Бақ қарайды бір күнде.
Ақиреттік қателік,

Қасірет болар пендеге.
Дәулет, байлық Құдайдан,

Қуат қоссаң өліге,

Берекетін бермей ме?
Үлестірер бергенін,

Мирасы болған Бірлерге.
Танымай өтсең Біздерді,

Келмейді иман тіріге.
Ата-анаңа, бауырға
Сыбағасын бере жүр,
Өлшеп берген тағдырға,

Әр нәрсенің өлшеуі
Ақылды сал алдыға.
Реттілікпен өлшей біл,

Құлақ салып жаныңа.
Орташа бол, өлінің
Нәпақасын ұмытпа.
Тірінің де өліге,

Қарызы тұр тағдырда.
Көп болса да жиғаның,

Болама азық жаныңа.
Сарып қыла алмасаң,
Күресіп Алла жолында.
Өтелмей қалып қарызың,

Жүк қосылар тағдырға.

Мойынға мінер малдарың,
Күтіп тұрар алдыңда.
Барар жерге қайтқанда,

Дүние мал қалар артыңда.

Арамнан жиған дүние, мал,

Айналар бақа, шаянға.

Көріңде тыныш жатқызбас,

Жабылып келіп шаққанда.

Нәпсіге беріп еркіңді,

Қиянат қылып жаныңа.

Арамнан беріп азығын,

Некесіз шерік қосқанға.

Тән бір, жан екі,

Азап көрер тозақта.

Тозақтың бар екі есігі,

Төбеден және аяқта.

Бас тазарып, ақталмай,

Күш түседі аяққа.

Төмен етек жаулықсыз,

Сана болмас халықта.

Тәубеге кел тіріңде,

Шығарып жанды жарыққа.

Кешірімді Құдай баршаға.

Жамандыққа жақсылық,

Амалмен қайтар қалыпқа.

(Шілде 2018 жыл)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *