Category: Ақиқат бастауы кітабы №1

  • Ұлылардан – ұлағат, өткендерден – өнеге.

           Алуға ғибадат аларлық мысалмен осы кітапта келтірілген тоқсан ауыз сөзге тобықтай түйін болсын демекпін.
    Ерте заманда кәпірлердің мұсылман мемлекетіне әлсін-әлсін қауіп-қатер туғызып тұрған кезінде, кәпір елінің бір патшасы еліндегі адамдарды қол астына бағындырудың жаңа айласын ойластырып, еліндегі өзін Ислам дініндемін деген адамдарға мынандай жарлық жазыпты. (more…)

  • Сөз түзелмей ел түзелмес.

          Деген қазақ даналығын  Абай атамыздың өсиетін бұл жазбаның тобықтай түйіні болса, алдағы басылымның жалғасы болсын деп ырым қылдым;

         Бұл жасқа келгенше жақсы өткіздік пе, жаман өткіздік пе, алыстық, жұлыстық, тартыстық, әурешілікті көре-көре келдік. Енді жер ортасына жасқа келдік; қажыдық, жалықтық; қылып жүрген ісіміздің байлаусыздығын көрдік, бәрі қорлық екенін білдік. Ал қалған өмірімізді қайтіп, не қылып өткіземіз? Соны таба алмай өзім де қайранмын. (more…)