Ұлылардан — ұлағат, өткендерден — өнеге.

Бөлім: Ақиқат бастауы кітабы №1 1

       Алуға ғибадат аларлық мысалмен осы кітапта келтірілген тоқсан ауыз сөзге тобықтай түйін болсын демекпін.
Ерте заманда кәпірлердің мұсылман мемлекетіне әлсін-әлсін қауіп-қатер туғызып тұрған кезінде, кәпір елінің бір патшасы еліндегі адамдарды қол астына бағындырудың жаңа айласын ойластырып, еліндегі өзін Ислам дініндемін деген адамдарға мынандай жарлық жазыпты.
-«Егерде кімде-кім менің берген сұрауларыма дұрыс жауап берсе, онда менің өзіммен бірге елім де мұсылман болады. Егер де дұрыс жауап бере алмаса, онда ол менің дініме кіріп мемлекетімнің мүшесі болады. Оған келіспесе құлым болады»  деп жар салдырады. Әрине елдің ішінде патшаның берген сұрақтарына жауап беремін деген небір оқымысты адамдар дұрыс шешімін таба алмай сол елдің дініне кіріп кетеді.

     Арада бірнеше жылдар өтіп, ақылды патшаның сұрақтарына жауап беремін-ау дейтіндер сирей бастайды. Талай ғұлама, оқымысты адамдар жеңіліп, патшаның тұтқыны болады. Көп оқымысты адамдарды соғыссыз қол астына бағындырған патшаға бір күні жас жігіт келіп хабарласыпты. Құдайдан безген патшаның бірінші сұрағы келгендерге: -«Құдай бар ма?»- деп бастайды екен. Бұл сұраққа алдыңғы келгендер «бар» деп жауап қайтарады екен. Ал енді бала болса, сұраққа жауап берудің орнына, патшаның өзіне сауал тастапты.
— Құрметті патша ием, сұрағыңызға жауап беремін, әуелі Сіз маған мынаны айтыңызшы; — Кеудеңізде жаныңыз бар ма? Сонда патша; -«Бар, бар неге жоқ болсын, мен тірі адаммын ғой»-дейді сасып қалып. Қалай десек те «патшада қырық кісінің ақылы бар»- демей ме, ол азғана ойланып, ал егер де жаным жоқ десем бұл жүгермек;
— Қане маған қылыш әкеліңдер, жаны жоқ патшаның денесін екіге бөліп тастайын» десе не демекпін деген оймен  «жаным бар» деп айта салады.
— Оны қайдан білдіңіз?- дейді бала екінші рет сұрақ қойып;
— «Оны жүрегіммен, ақыл-санаммен сездім» — дейді патша. Сонда бала патшаға:
— Онда сіз елге жар салмай-ақ жүрегіңізбен, ақыл-санаңызбен Құдайдың бар екендігін сезінуіңіз керек еді» — депті. Патша балаға тағы сұрақ қойып;
— Жарайды бар дейік, онда Құдайдың мекені қайда? соны айтшы»- дейді.
— Әуелі менің алдымда бір қазан сүт алдырыңыз – дейді бала саспастан. Бала тілегі дереу орындалады. Патшаға қарап бала тағы да:- Хан ием, мына қазандағы сүттің ішінде май бар ма? – дейді.
— «Бар» — деді патша ойланбастан.
— Жақсы, патша дегеніңізге құлдық, бар делік, сол май осы сүттің қай жерінде, ортасында ма, жоғарысында ма, не төменінде ме, не болмаса бүйірінде ме?» — деп сұрайды.
Патша ашуланып; — Мен оны қайдан білейін, әйтеуір май бар екені анық» — депті. Сол кезде бала жігіт: Тақсыр, сіз Құдайдың мекенін сұрадыңыз, міне көрінбес құдіреттің бізге қай жерде екенін білмесек те, оның бар екендігіне көзіңізді жеткізген боларсыз»-депті.
Жұдырықтай баладан жеңіле салғанын патша өзіне ылайық көрмесе де тағы бір сұрақ беруге ыңғайланады. Оған бала жігіт; — Патша ием, осы сұрағыңа жауап бермеймін – депті. Мұны естігенде патша қуанып;
— Онда менен жеңілгенің, маған енді тұтқын боласың – дейді. Бала саспай; — Сіз асықпаңыз, осы үшінші сұрағыңа жауап алғыңыз келсе, сіз тақтан түсіп менің орныма отырыңыз. Мен жоғарыға шығып сіздің таққа жайғасайын. Содан кейін сұрағыңды қоя беріңіз» депті. Патша келіседі. Қалай қылғанда баланы жеңемін деген ниетпен;
— Айтшы енді, сіздің Құдайыңыз тап қазір не ойлап тұр» — деп сұрақ қояды. Сонда бала; — Сіз соны да білмей тұрсыз ба, жаңа мен алдыңызға келгенде менсінбеп едіңіз, енді тағыңыздан түсіп маған орныңызды бердіңіз, білгіңіз келсе Құдай осыны ойлап тұр» -депті.
Патша баланың тапқырлығына тәнті болып, бүкіл елімен Ислам дінін қабылдапты. Сөзден қадір кетсе елден де, елге еге ұлықтардың да қадірі жоғалады Құдай алдында. Адам баласының жүрегі үнемі туған жер кіндік қан тамған және сол жерлердегі киелі жерлерден бөлінген шуақтан нәр алып тұрмаса өледі де, ол пенде міндетті түрде астарлы сөзді түсінбейтін мәңгүрт кәпірге айналады. Қазақтың тақта отырған әкімдері де жаратушының салт-дәстүр қылып бекітіп берген дініне ұлықсат қағаз беруге үкім шығарып Алланың қасиетті кітабындағы үкімдерді түзетуге тырысып халықты адам ойлап тапқан заңға шоқындырып әлемде болмаған дін қағидасын іске асыруға тырысып жатыр. Заң жүзінде салауатты өмір сүруге қарарлар шығарып шет мемлекеттерден қалыспаймыз деп тырысып жатырмыз. Тек шет мемлекеттерден айырмашылығымыз олар ақша бөліп ынталандырады, ал бізде ынталыларға салық салып, қағаз алуын талап етеді. Оған кінәлі дін ғұламаларымыздың Құраннан адамзатқа берілген несібе сүтін (түсті) қалай айыруды ұмытып қалып, ішіндегі майы – аруақ екенін ұмытып күдіксіз ортақ қосып өздері де адасқанымен тұрмай, халыққа тек құранды арапша жаттатып май орнына шарап (арап) беріп, өлшемсіз ішкен шарап араққа айналып дін таныған қазақтың бәрі мас.
Бәрінен қатерлісі тәрбие, тәлім, білім, ғылым үйренуге, өсуге тиісті ойын баласын не қателігі, жасаған күнәсі, Алладан не сұрайтыны бар екені белгісіз сәждеге жығып, Алла жолымен қалай жүруді білмей жатып діни жолға салып жалбарындырып, болашақ мәңгүрт «терроршыл» қазақ дайындауға үлес қоса бастадық. Қалтасы қалың ата-ананың баласына оқымай-ақ жоғарғы білім құжатын сатып алып беріп, жүргізуді білмеген жолдың ережесінен хабары жоқ баланы көліктендірген сияқты. Түбінде қателікке ұрынып немесе адасып тынатынын болжай алмаймыз. Бәрібір қарсылық заңы өз дегеніне көндіреді.

      Алдағы басылымдарда адам аулайтын аюларды немесе кітап арқалаған есектерді тәубеге келтіру үшін, болашақ өсіп келе жатқан балалар мен өмірден өткен даналардан кешірім сұрай отырып, Құран атты теңізден «Ақиқат бастауы» деп жеті тамшы шапанды аруақтарға қайта жаппаққа аманат жүгін алдым. Әзірше Әл-Фараби атамыздың мына сөзімен тұжырымдағым келеді; «Мемлекет басшысы басқару әдісінің барлық жағын атқарғанда, діни білімі толық болғанда ғана сол қоғам тазалықта, пәктікте өмір сүре алады.» Ал халықты түзетпек болушы ынталыларға; «Халықты түзету үшін құр сөзбен болмай, іс-жүзінде жақсы мінез-құлықты адам екені белгілі болсын. Мұнан кейін адам өзінің рухани тілектерін түзетсін! Рухани дүниесі түзу болмаса бұзықтық жолға түсу (дүние табу), жаңылыс кету (дәстүрден) сияқты нәрселерден аман болмас. Бұл жолды аңдау дәлелдеуге болатын, яғни дәлелдік ғылымдарына еңбек сіңіріп, қиналудан табылмақ. Дәлелет ғылымы екі түрлі. Оның бірі геометриялық (сызықтық бейнесі), екіншісі логикалық (болжам, мантикалық).» Және осы екі ағым ой мен есеп бойынша ғана дамитынын ескерткен. Сондықтан бұл жазба еңбектің де бағасын беруге әзірше асықпай алдағы араларындағы жалғасын да өзіңізбен бірге өлшеп, есептеп көрейік оқушым! Мүмкін сонда бірдің соңы бірлікте болып, бірлеу үшін әрбір пендеге бір тіл ғана беріп аталарымыз; «Түгел сөздің түбі бір, түп атасы Майқы би» дегенді бекер айтпаған шығар деп.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.