(Жалғасы басы 1-4 бөлімдерде)
Сонымен махаббат ұғымы адамзаттың жан-ділмен, иманымен, адамдық болмысымен байланысты баста «Бір» атты киеден яғни менен өз үлесін алып өмірге махаббатпен Адам болып келеміз де осы жанның өмірге айналасын тануға деген құштарлығының арқасында жұрт қатарлы жетіліп қатарға қосыламыз. Адамзаттың хайуаннан айырмашылығы да осы махаббат атты құдіретті күштің сыйға берілуінде болмақ. Абай атамыз; «Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады; біреуі-ішсем, жесем, ұйықтасам деп тұрады. Бұлар-тәннің құмары, бұлар болмаса тән жанға қонақ үй бола алмайды. Һәм өзі өспейді, қуат таппайды. Біреуі білсем екен демелік. Не көрсе соған талпынып, жалтыр-жұлтыр етекен болса, оған қызығып, аузына салып, дәмін татып қарап, тамағына, бетіне басып қарап, сырнай-керней болса, дауысына ұмтылып, онан ержетіңкірегенде ит үрсе де, мал шуласа да, біреу күлсе де, біреу жыласа да тұра жүгіріп «ол немене?», «бұл немене?» деп, «ол неге үйтеді?», «бұл неге бүйтеді?» деп көзі көрген, құлағы естігеннің бәрін сұрап, тыныштық көрмейді. Мұның бәрі-жан құмары, білсем екен, көрсем екен, үйренсем екен деген. (more…)