V-МАХАББАТ ЖӘНЕ ҒАШЫҚТЫҚ, СҮЙІСПЕНШІЛІК ФИЛОСОФИЯЛЫҚ ТҮСІНІКТЕРІ

Бөлім: Махаббаттың ұғымдары 88

Normal 0 false false false RU X-NONE X-NONE /* Style Definitions */ table.MsoNormalTable {mso-style-name:"Обычная таблица"; mso-tstyle-rowband-size:0; mso-tstyle-colband-size:0; mso-style-noshow:yes; mso-style-priority:99; mso-style-qformat:yes; mso-style-parent:""; mso-padding-alt:0cm 5.4pt 0cm 5.4pt; mso-para-margin-top:0cm; mso-para-margin-right:0cm; mso-para-margin-bottom:10.0pt; mso-para-margin-left:0cm; line-height:115%; mso-pagination:widow-orphan; font-size:11.0pt; font-family:"Calibri","sans-serif"; mso-ascii-font-family:Calibri; mso-ascii-theme-font:minor-latin; mso-fareast-font-family:"Times New Roman"; mso-fareast-theme-font:minor-fareast; mso-hansi-font-family:Calibri; mso-hansi-theme-font:minor-latin;}

(Жалғасы басы 1-5 бөлімдерде)

    Сонымен алдыңғы тарауларда баяндап өткендей: махаббат-арға, иманға, ұятқа, рухани тазалыққа, адалдыққа шариғаттық ұстанымдарға, құдайға деген құлшылыққа тәуелді болса, онда жер бетінде ешқандай шариғат, дінді де, арлық деген ұғымды да білмей, талай адамзат баласы бір-біріне ғашық болып, өмірге ұрпақ әкеліп әйтеуір қоғамды, тарихты, шежірені де қалыптастырып солардан талай қасиетті ұрпақтар да өмірге келіп; «Жаманнан жақсы туар адам айтса нанғысыз» деген сұраққа қалай жауап берер едіңіз деген сауал қойыңыз. Шынында да көп жағдайда осылай да арам жеп, арағын ішіп, құдайды мүлде жоққа шығарып, осы өмірден өз үлесін әлінше алып жатқандар да бар,  ал керісінше соншама тақуалық жасап, бұл өмірден нан мен майдың басын қоса алмай өтіп жатқандар да баршылық екені де растық. Олай болса махаббат деген де қарапайым ғашықтық, құмарлық болып шыға келеді емес  пе?

    Жоқ, бұл жерде біздің бүгінгі тозған білімімізден сөз астарын яғни ой тазалығын, философияны жоғалтудан осындай жан мен рухтың, иман мен сенімнің және даналықтардың қалай тәрбиеленуі мен текті жетілдіру туралы рухани сауаттылығымыздан мүлде ажырап қалғанбыз. Себебі білім мен сауаттылықтың мағынасы екі. Біз қазіргі кітап бетінен оқығанымызды, өзгелерден естігенімізді білімімізді жетілдіру арқылы өзімізге «рухани сауатты» деген дәрежені қолдан жасап таңып алғанбыз. Ал шындығында сауаттылық дегеннің өзі құдайдан аянмен, түспен білім алушы болып және іліммен, жан ғылымының құпия сырларымен байланысты болмақ. Осы тұрғыда енді махаббат ұғымын, оның қадір қасиетін де түсіну үшін діни білім ғана емес, діни рухани сауатты да бола біліуіміз керек. Сондықтан да Махаббаттың да екі түрлі сипаты болып; бірі жандағы білім қуаты-иман, ар болса, ал екіншісі біз осы жаралғанда жүрек болып алдын-ала анамыздың жатырына еніп, сонан кейін ғана әке ұрығын қабылдайтын махаббат-кісіден «бірден» біздер пайда боламыз. Құранда да; «Сендерді Алла тағала бір кісіден жаратқан» деп ескертеді. Сонымен енді махаббаттың сыртқы өлшемі ерлерде кісілік, ал әйелзаттарында кемпірлік, аналықтан даналыққа айналудан көрінісін береді.

  Сондықтан да біздің бастапқы жаралған жүрек кісілігіміздегі махаббат қуатының шамасына қарай яғни біздің жүрегіміздің қасиеттілігіне қарай, біздің тіршіліктегі ғашықтығымыз, құмарлық, құштарлығымыздың сапасы да белгілі бір тұтыну бұйым қуаттарына құмарлықтарымыздың шамасы да жүректегі махаббаттың қадір, қасиетінің де өлшемі болмақ. Яғни махаббаттың ендігі қуаты біздің ұрпақтан ұрпаққа ана қанымен, әке білімімен жалғасып келе жатқан тектілік нәсілдік қуатымызға да тәуелді болмақ. Пайғамбарымыздың; «Алла махаббаттың бір сипатын адамдарға жария көрсетіп қалған 99 сипатын жасырып қойған» деген өсиетіне сүйене отыра махаббаттың жария бір сипаты «Фатиха» болып, құранның анасы аталса демек жер ана, су ана, хау ана рухы арқылы анамыздың арлығы, тәрбиесі, қандағы діл қуатына, ана сүтінен біз махаббаттың белгілі бір шамасын өзімізге тегімізге, тағдырымызға жаздырып алады екенбіз. Ал қалған көмес 99 сипатын дәстүрімізді меңгеру, мұсылмандық қарыздарымызды орындау және «Азан»-ның бірі, құлшылығы  арқылы іздеуіміз де керек екен. Енді біздің мұнан да басқа қаншалықты тәндік, денелік күш-қуаттық, әке-шешеден алған түрлі қасиет және күнәлардан да жаралуымызға байланысты тағдырымыздың алуан түрлілігі және әрбір пенде өзінің тіршілігінде өзіндегі құдайлық махаббат қуаты арқылы махаббат бақшасын яғни бәйшешек бақшасын өсіру керек. Бұл тұрғыда Шәкәрім атамыз екі түрлі бәйшешек бақшасын баяндап кетіпті. Бірі ой бақшасы яғни ғылыммен, жанның жетілуімен, әйелдер өмірімен некемен де байланысты болса, екіншісі Атымтай жомарттық яғни жүректің жомарттығымен, дәстүрлік амалдармен байланысты болмақ. Пайғамбарымыз да; «Адамдар намазының садақасының, құлшылығының, оразасының көптігімен емес жүрегінің жомарттығымен ғана жаннаттық болады» деп ескерткен екен. Ал құранда Раббымыз; «Кімге ғылым берілсе, соған мол игілік берілді» деп есептелсін деген. Сонымен махаббаттың екі игілігі бірі ғылым, бірі жүректің жомарттығы болып шығады да енді бұл игіліктің көбейуін, өсіп өндіруін дінде; шопандық, бақташылық және рухани егін өсіру деп атап Абай атамыз да егін егуді астарлап, қайта-қайта насихаттап кеткен. Махаббаттың бейнелік сипаты жүрек және көз болып, жүрек пен көздердің тұрастығын жүректің көзі ашылумен ұжданмен де бейнелеуге болады. Ал рухани егін егу дегеніміз ерлі-зайыпты болып, өзара рухани қуат алмасумен, ұрпақ өсірумен, тектілікті қалыптастыру тәрбиесімен яғни қазақтың дәстүріне келіп тіреледі. Сонымен енді осы тіршіліктің басы да махаббат қуатының көбейуін оны орнына жұмсаудың сыры жыныстық тәрбиемен, оның қуат алмасу рухани егін егудің құпияларына тоқтала кетейік.

   Бұл тұрғыда менің өзге жазбаларымда өлеңдерде көптеген ақпараттар берілді де. Енді оны қысқаша тұжырымдап қана өтсек. Жалпы адамзаттың негізі әйел қаны мен еркек ұрығының сапасына тәуелді екені қазіргі таңда жан-жақты білімі жеткілікті берілген. Енді әйел қанын сақтаудың да тәрбиесі қазақ дәстүрінде әлемде ең теңдесі жоқ білімі бар десек жалған емес. Сонымен; «Ұлдың жақсы болуы нағашыдан» деп әкелік тектің қызға өтіп қыздың қасиеттілігі әкенің тегіне байланысты болса, ал қыздың қанында сақталған бұл тек түбінде ұл балаға берілетіні сондықтан ананың қанына байланысты ұлдың да жақсы болуы деп түсіну керек. Бұл тұрғыда Мариям анамыздың Ғиса пайғамбарды рухтан тууы осы бейнені растайды. Сондықтан да Мариям анамыз негізінен Дәуіт пайғамбар тегінен болғасын, Ғиса пайғамбар да солай айтылады. Ал бұл қуатты текті махаббаттың өлшемі деп те атауға болады. Сонымен керісінше қыздың жақсы болуы әкеден, ұлдың жақсы болуы ананың тегінен және екеуіне де ананың қаны, сүті де маңызды болуын да ескерген жөн.

   Осындай махаббаттың қуатын біз тектен алып, сол арқылы біздің қандай нәрсеге, жаратылыстағы сұлулыққа, қасиетке ғашық, құмар болуымыз да ата-ана арқылы құдайдан алатын сыйымыз екен. Олай болса жамандыққа, түрлі арсыздыққа да, дүниелік сауық-сайранға, байлыққа, атақ-дәрежеге де адам баласы ғашық, құмар болуы да тегіміздегі махаббат қуатының әлсіздігінен, қанның азуынан деп түсінген жөн. Сонымен ер мен әйел өзара рухани жағдайына қарай ғашықтық, құмарлық пайда болып, үйленіп от басын құру арқылы әйел еркек қанын қуаттандырып, шабыт сыйлап ерінің етін де түрлі күнәдан тазарта алады. Ал еркек керісінше әйелге ұрығы арқылы рухани қуат егіп және түрлі ауруға, қиындыққа қарсы да тұра алатын имундік қабілетті, білімді де еркек ұрығы арқылы жанына алып онан әйелдің жаны қуаттанады. Сондықтан әйел затына жабық жүріп рухани қуаттарды басқа жақтан сырттан алуға болмайды, ал ондай жағдайда тазармаған қара қуаттардың әсерінен әйел қаны азып, жаны да жетілмейді. Сонымен еркектен рухани қуаттардың түрленіп биологиялық, химиялық, физикалық шамаға және сөзбен, іс-қимыл әрекеттермен байытылған түрде әйел тәніне өтіп, әрі қарай жанды жетілдіруге азық болуы керек. Керісінше еркек жанына қажетті дайын азықты әйелден алып отыру керек. Осындай терең сырлы зат алмасу рухани егін егіп, онан жан өнімін алудың нақты амалдары қазақтың отбасылық дәстүрінде қалыптасқан және осы арқылы қазақтың тегі де таза сақталған.

   Бұл жағдай ер мен әйелдің өзара жыныстық, кәсіптік тазалығының маңызын сақтағанда ғана мүмкін болатын жағдай. Ал енді қазіргі таңда шет елдің білімі және еркіндік «Гендерлік» саясатының арқасында бұл сауаттылығымыз мүлде жоғалып керісінше әйелден еркекке берілетін үш түрлі жандық қуаттың мәнін білетін қазақта ғалым, білімділер, психологтар қалмағаны сөзсіз. Сол сияқты еркек ұрғының тазалығын, жыныстық қуатының тектілігін қалыптастыруға арналған сопылық ұстанымдарымыз да келмеске кеткендей болғанымен, шынында қазақтың әлі өз болмысын сақтауы көп жағдайда біз қалыптасқан әдетті еріксіз қайталап тегіміздің мүлде жоғалмауын да қамтамасыз етіп жатқан жұптар да баршылық.

  Енді ата жолы жазбаларында жарияланған жыныстық тазалықты сақтаудың маңыздылығы және қазақ дәстүрінің текті қалыптастырудағы маңызына қандай жағдайда пайда зияндылығы туралы мысалдарға арнаулы тоқтала кетейік.

  Ер азаматтардың бас киімсіз жүруінен қанға қара куаттардың кедергісіз өтіп; уайым, күйікке, күйзеліске түсу мен бауырдың бұзылуы, т.б. көптеген себептерді туындатып бұл ұрығының да сапасының әлсіреуі және әйел қанының азуына да себеп болмақ.

  Жалаңаяқ, балтырға дейін ашып жүруден де ер азаматтардың қуық бездеріне кері әсер теріс қуаттардың енуімен қатерлі ісіктердің пайда болуы және жыныстық қабілетінің әлсіздігі мен ұрық сапасына да әсер етеді. Және омыртқа сүйектерін, сирақ, тобық, тағы басқа буындарға келіп тұратын майлап тұратын сұйықтардың тоқтауына буындарға тұздардың жиналуына да себеп болып, ұрық майының да аздығымен әйел денсаулығына да кері әсерін береді. Көбіне ер азаматтардың қуық бездерінің қабынуы да балтырға және табан майларының тазармауынан жерден қара қуаттардың тікелей енуінен де пайда болады.

Сол сияқты ана тілін меңгермеуден де мұндай ерлердің қаны сұйық болып, түрлі қан ауруларының себепшісі болып, ұрпақтық тектік қасиетінің әлсіреуін, тақым қағарлық ұрық қабілетінің әлсіздігін, ұрпақтарының бойкүйездігін  де туындатады. Спид ауруының да себепшісі; имүндік қабілеттің әлсіз болуы да, осындай тәндік, рухани тазалықты сақтамаудан ата ұрығының тұзының көбеюінен, ана ұрығының ашуынан ұрпақтарының қанына бұл әлсіздік, ауруға қарсы тұруға қабілетсіздік пайда болады. Еркектердің темекі тартуында ұрықтың ауруы мен әйел жатырының төмен түсуі, көк қан тамырларының ісінуін де қалыптастырады. Және жұбайымен мүше қап арқылы қатынас жасаудан әйелінің жатыр кеселіне ұшырауы, бел омыртқаға, балтыр табанға келетін қуаттардың, майдың жетімсіздігімен табанын баса алмайтын аурулардан бастап түрлі буындардың аурына жасы келгесін мүгедектікке себеп болады. Сол сияқты керісінше әйелзаттарының бала көтеруден сақтану шараларымен түрлі дәрі-дәрмектерді пайдалану, жатырға ұрықтың енбеуінен сақтану сияқты амалдарынан; аналық сүтінің азғындауына, туған жағдайда балаларына ана сүтінің құнарының әлсіздігіне және рухани кемістігемен берге еріне беретін жыныстық суының қуаты әлсіреп уланудан ерінің де өмір жасының қысқаруына әкеліп соқтырады.

  Енді әйелдердің шариғат қағидалары мен ата дәстүрін сақтамауынан пайда болытын ұрықтық аурулармен еріне беретін жамандықты, дерттерді санап тауысу мүмкін емес. Әйел затының ана тілін меңгере алмауынан да жатырының төмен түсуіне, баланың тұрақтамауына, жыныстық түрлі аурулардың пайда болуына себепші болады. Ал қарапайым ғана шалбар киген әйелдің ерінің жыныстық қуатына теріс ықпал етіп, ерінің жыныстық қабілеті әлсірейді. Ер адам әйелдік кейіпке еніп мінезде өзгеріс болып, қатын сияқты ойлаумен есінің төмендеуімен, санасының жабылуымен; сегіз көз, төс майлары іриді, ұрықтық қуаты төмендейді. Қуық тамырлары жіңішкереді де әйелдік гормоны артып, мінезі де шыдамсыздық түрлі әйелге тән жіңішкелік қасиет пайда болады. Жұбайлық өмірдегі әйелзаты түгіл жас қыздардың өзін орамалсыз өсіруден жетесіздік қалыптасып, ата-ана аманаты яғни тағдырмен берілген махаббат қуатының жоғалуына себепші болмақ.

   Бұл себептерді тергей берсек барлық аурудың негізі әке-шешенің жұбайлық өміріне, өзара қарым қатынасына тікелей байланысты дамып, жетіліп онан ұрпаққа бұл белгілер күнә, ауру болып қан арқылы жалғасып түбінде бір ата тектің, гендік сапаның мүлде жоғалуына әкеліп соқтырады. Яғни негізгі ата-аналық махаббат қуатының бірте-бірте әлсіреуінен адамзаттың талай тегінің жер бетінен мүлде жойылуына себепші болмақ. Сондықтан пайдалы жағынан мысалдар да бере кетсек;  Еркектің тақуалықты меңгеріп, дәстүр салтын ұстап нәпсілік қуатын таза ұстаудан жұбайлық өмірде ұрығы арқылы әйелінің жүрегіне, көзге, білекке, бауырға қуат беріп ауруларға қарсылық күшін, імүндік қабілетін арттырып және бүйрек қан тамырларының толысуын қалыптастырады. Әйелзаттарының көп жағдайда осы ағзаларының дерттенуі де, бүйректерінің әлсіреуіне еркектердің жыныстық ұрық сапасының тазалығынан, әлсіздіген пайда болады да.

    Ал әйелдердің тақуалықты, ата дәстүрін сақтап бойын таза ұстаудан еріне үш түрлі жағдайда өрістік, қуаттық алмасуды қалыптастырып; жүрекке қуат шабыт беріп, санасын ашып, тазартып, ойлау қабілетін де арттырады. Сонымен бірге қанынан шарап буы ерінің қанына өтуімен көкірекке, төстегі сүйегіне қуат енеді. Балтыр қан тамырларының жұмыс істеу қабілетін арттырады. Бүйрек қан тамырлары толысып бүйрегі де қуаттанады. Бұл еркектің әйел тәніне рухани егін егумен әйел затынан керісінше жандық қуаттың жетіліп еріне өтумен өзара рухани тұрғыда зат алмасудан махаббат қуатының нұр жарықтың бойдың да негізі қаланады.  Сондықтан құранда; «Сендер әйел мен еркек бір-біріңнің киіміңсіңдер» деп ескерткен. Сонымен қазіргі таңда қандай да болсын еркектің немесе әйелдің қандай да болсын жыныстық қуаттарының сыртқы өзара қатынасы қалыпты деп саналғанмен, бірақ рухани тұрғыда махаббаттық қуаттың рухани егіннің өнбей, жандардың жетілмей жатқаны қоғамдағы аурулар мен жесірлердің, ажырасулардың індет болып тарап жатқан зинақорлықтың сипаты дәлел бола алмақ. Тәндік қандай да болсын кемістікті, жетпейтінді толықтыруға болатын қазақ дәстүрінің намаздық амалы құдай ісінен тәуелді аяндарды меңгеру арқылы қандайда бір жұптардың арасында махаббат өнімін қалыптастыруға болады, ол тәжірибе арқылы дәлелденіп те жатқаны сөзсіз. Бірақ бұл жағдай сыртқы ортадан аруақтық әлемнен алатын рухани қуаттардың жүректердің, көздердің зейнеттелуіне тікелей тәуелді. Соныдықтан барлық мұндай әрекеттердің нәтижесі ар сауыты болған бойдың яғни дененің махаббаттың бейнелік көрінісіне тәуелді болмақ. Бұл өрісті «Өмір қабы» деп атап; «Бақ қарасын қыдыр дарысын» деген қазақ нақылының сыры да осыған келіп тіреледі. Бойдың жетілуін «Бойжеткендік», ер азаматтарда үйленіп бойына қуаттың қажеттігін «бойдақтық» деген атаған сөз ұғымдарында да терең жан ғылымының сыры жатқаны сөзсіз. Адам ата мен Хау анамыз да махаббат нұрынан жаралып, тиым салған ағаш жемісін жеуден бойдан ар қабы жоғалып, ұятты жерлері көрініп қалудан жаннаттан қуылып қайта зейнет киімін алуды, бір-біріне махаббат қуатын сыйлап қайта жаннатқа келуді бұйырған Раббымыз.  Осы тұрғыда да ер мен әйелдердің бір-біріне сыйлайтын мұндай киімдері, бойлары жетілмегендіктен жер бетінде өзара татулықты бір-біріне рухани ләззат сыйлап дені сау, рухани махаббаты, қуаттары жетілген текті ұрпақтарды тәрбиелеп ұжмақтық жағдайда өмір сүріп жатқандарымыз аз ғана. Олай болса мұны қалай қалыптастыруға, түзетуге болады деп сұраңыз…(жалғасы бар)

Ата жолы жазбалары мен ата дәстүрінің насихаты, кітаптары және құран телогиясымен, Ясауи діни жолы мен қазақ әулие-әмбилер аманаттарымен танысқыңыз келсе мына сайтқа кіріп көріңіздер;   http://btk.atazholy.local/

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *