I- Махаббаттың сипаттары!

Бөлім: Махаббаттың ұғымдары 0

Пайғамбарымыздан: «Барлығың бақташысыңдар, сондай-ақ барлығың баққандарыңнан (қоластыңғыларыңнан) жауапкерсіңдер, бастық бақташы ғой, сондықтан қол астыңғылардан жауапкер еркек үй бағушысы және және ол баққандарынан жауапкер. Әйел ерінің үй ішінің күзетшісі, қожайынның «малының күзетшісі. Сондықтан ол өз қол астындағылардан жауапкер.» (22-өсиет) Бұл өсиетпен пайғамбарымыз, мұсылмандық және Аллаға құлшылық жасау дегеніміз, өз ерекшелгімен қарамағындағыларға, жақындарына бақташы болу екенін ескертеді. Сондықтан, әрбір пенде өмірде өз орнын біліп; жақындық, туысқандық, бауырмалдық  қатынастарды меңгеру үшін өз-өзіне өзінен төмен тұрған, әрбір жақынына қамқоршы болып, жөн сілтеуші, яғни бақташы болуды меңгеру керек. Ал, бұндай қасиет, қабілеттерді құлшылық намаздарын меңгеруді; «Жақындарыңа жақсы қарым қатынас жасауды үлкендеріңнен үйреніңдер. Өйткені, ағайындармен жақсы болу, ағайындар арасындағы сүйіспеншілік, малда көбею және өмірде береке болып табылады.». (Термизиден. 5-өсиет) деген өсиетпен, әрбір ұлттың өзіне тән салттық, дәстүрлік, әдет-ғұрып болып ата-аналарының ұстанымдарын сақтауды да қатаң тапсырған екен. Бұл қағиданы мұсылмандық қарыздар деп атауымызға да болады. Абай атамыз; «Махабатпен жаратқан адамзатты, Сен де сүй ол алланы жаннан тәтті. Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп, Және хақ жолы осы деп әділетті…Имамдар ғибадаттан сөз қозғаған, Жақсы оймен иманды білді ойлаған, Иманның тазалығын жақсы ұқтырмай, Сыртын қанша жусада, іші оңбаған…Мүмін болсаң, әуелі иманды бол, Пендеге иман өзі ашады жол, Шын илан да, таза ойла бір иманды, Мұнафық намаз қылмап па, мағлұм ғой ол..» деп мұсылмандықтың  негізгі шартын яғни махабатты қалыптастырыу жолын түсіндіріп, ол үшін де әуелі иманды болып, яғни иман тазалығын, жан білімін меңгеріп, рухыңды және ішкі жан дүниеңді тазарту арқылы ғана қандай ғибадат жасауың, намаз оқуың арқылы яғни сыртыңды рухани бойыңды тазалауыңа болады деп түсіндіреді. Олай болса, мүмін болу, белгілі мақсатты махаббатпен іс қылудан пайда болады екен. Енді жартушымыз жалпы махаббатты қалай жаратты? Және махаббат деген қандай ұғым? Пайғамбарымыздан; «Алла тағала әр нәрсені жаратып, жарату жұмысын бітіргенде, жақындық «хұзырында (жақыннан) безінуден сиынамын» деді. Жақындық деген табиғат Аллаға осылай жалбарынды. Алла тағала; «Я, жақынына жақсы қарым-қатынас жасағандарға мархамет етуіме, туысынан безгендерге мархамет етпеуіме разы болмайсың ба?» деп бұйырды. Жақындық: «Я, раббым, ризамын» деді. Алла тағала: «Міне бұл сенің хақың» деп бұйырды. Алла тағала мен «Жақындық» делінген табиғат арасында осындай сұхбат өткен, яғни әлем жаратылғанда-ақ жақындыққа мән берілген.» (Әбу Хурайрадан 6-өсиет) Олай болса, біздің құдайсыз ойшылдарымыздың «жартылысты табиғат өзі жаратты» деп түсініктерінің өзі, әлемді, адамзатты «махаббаттан- туысқандық, бауырмалдық, сүйіспеншілік» деген себептік байланыс, әрбір жанды жартылыс егесін бір-біріне жақсылық жасау арқылы жақындасудан, туысқа айналуға жаратты деген ұғым пайда болады. Сондықтан «Жақындық»-Махаббат деген себептің өзі болып, сезімнің бар жерінде, ғашықтықта, асықтықта, құштарлық та, жаратылуға құмарлық та пайда болып, бірақ оның мақсат, мүдесін, хақтың жолын анық біліп, әуелі осы жолда мүмін болу үшін міндетті ғибадат амалдарын орындап, яғни ішкі жан-дүниеңді тазалауды меңгеру арқылы және бақташылық қабілетті үлкендерден, ағайындардан, ата-анаңнан, шежіре-тарихтан үйрену шарт. Сонмен қыз бала анасынан тон пішіп, ұрапақ тәрбиесін, куеуіне адал жар болудың ұлтық әдет-ғұрпын меңгеруді үйренсе, ал ұл бала әкесінен оқ жонуды, яғни барлық істерді ақылмен меңгеруді, жарына қорған, отанына адал ер азамат болу жолдарын меңгеруді үлгі алу керек. Және де бұл салада, әрбір ұлттың өз ұстазы бар, ол тарих шежіресі, ғұрыпнама нұрландырушы кітабы болу керек. Міржақып Дулатов атамыз: «Тарих дейтін-бұрынғы заманның жайынан сөйлеп тұратұғын, бұрынғы өткен кісілердің ісінен хабар беретұғұн бір ғылым. (Тарихат) Қазақтың көбі оны «Шежіре» деп атайды. Бұ заманның ғалымдары тарихты ең оңды мағлұм деп түсінеді. Тарих түзу жөнді(жолды) үйретуші деп айтады. Тарих-халықты түзу жөнге сілтеуші болса, оған дүниеде түзушіліктің кітабы, тіршіліктің жол басшысы деуге де болады. Келешек күнің қандай болашағын білуге тарих анық құрал болады. Өзінің тарихын жоғалтқан жұрт, өзінің тарихын ұмытқан ел қайда жүріп, қайда тұрғандығын, не істеп, не қойғандығын білмейді, келешекте басына қандай күн туатына көзі жетпейді. Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады. Дүниеде өңге жұртар қатарында кем, қор болмайтын, тұқымы құрып қалмасын деген халық өзінің шежіресін иманы дәрежесінде ұғып білуге тиіс болады. Тарих нет айтады десеңіз, оның айтатыны мынау: біздің бұрынғы бабаларымыздың кім екендігі, олардың дүниеде не істеп,не бітіргендігі, қандай құты барлығы, ол құты не орынға жұмсағандығы; істеп жүрген ісінің қайсысынан пайда, қайсысынан зарар көргендігі; бұрынғы бабаларымыздың досы-дұшпаны кім екендігі, не себептен бағы тайғандығы және соған ұқсас істердің барлығын тарих түсіндіріп тұрады. Бұрынғы бабаларымыздың басынан кешкен жақсы-жаман қандай уақиға бар болса, оның бәрі де өткендегі бір істің нәтижесінен туған болады. Сол секілді келешекте біздің басымызға түсешек бір оқиға осы күнде қылып жүрген ісіміздің нәтижесі болмақшы...» Қазақтың ел ағаларының «ұлтық сананы, қазақтың рухын көтеру» деп ұрандатып жүргеніміз де, осы тарихи-иманымызды қалыптастыру болып табылады. Олай болса әуелі иманды болу дегеніміз, Алланың өзін тану, яғни тарихи шежірені құраныңды меңгеріп, тағдырыңды түсіну. Тағдыр-тарих-шежіре-құран-Алланың Өзі. Олай болса Алланың «ӨЗІ»-дегеніміз уақыт, табиғат және жақындық – әрбір дүниелік, тіршіліктік амалдарға арналған махабаттардың қағидасы және Аланың растығы, барлығы- Бір Құдайға табыну болып шығады. Енді махаббатың, жақындықтың ішінде де қарама –қарсылығынан туындайтын пайда да зиян да бар. Сондықтан махаббаттың себептерін өзіңнің шамаңа, болмысыңа, қабілетіңе қарай өлшеп алуды намаздарды орындау деп атайды. Пайғамбарымыз; «Алла махаббаттың 100 сипатын жаратып оның біреуін ғана адамдарға көрсетіп қойған..» деп ескертіп, осы қалған 99 сипатын таспихпен белгіліп қойғанын білген жөн. Біреуі анлық махаббат болып, әйел затының өмірге ұрпақ әкеліп оны тәрбилеп өсіріп, еліне қорған, жарына адал күйеу болыр өсірмес адамзатқа ортақ махаббатың негізгі шарты, жақсылық-жақындықтың туыстықтың жоғарғы  бейнесі болып табылады. Бұл махаббаты қалыптастыру жолында қыз бен жігіт арасындағы өз ара сүйіспеншілік, бірге болуға құмарлық, жақындасуға құштарлық, меншіктеуге асықтық, ғашықтық сияқты сезімдердің де жақсылықпен, жарасытықпен, жақындықпен ең соңында бір-бірінен тек жақсылық жасаумен яғни махаббатпен аяқталатын сипатын айтамыз. Бірақ бұл сипатың өзі ата-ана қанымен алдын ала меңгерген қалған 99-сипатағы махаббат жартылыстарынан қаншалықты үлес алуына, намаздарын меңгеріп орындағандығына  да байланысты болмақ. Енді бұндай махаббатар қағаидасын, таспихпен өлшеп, Раббымыздың  белгілеп берген намаздың шарттарын кімнен, қалай үйренеміз деген сұрақ қана дау тудырып, бұл жолда көптеген халықтардың адасуымен, бөлшектеніп, түрлі ағымдарға, ұстанымдырға бөлініп, өз ара қырқысуға, зұлымдықтарға түсуге себеп болып жатқаны да мәлім. Исламдық елдерде жаратқанның біздерге түсірген жол көрсетуші кітабы құранды түсініп, шариғат ережелерін, дін істерін рухани тазалықты міндетті меңгеруміз арқылы махабатың тазалығын қалыптастыруға болатынын е мойындамайтын мұсылман жоқ деп айтсақ жаңылыспаймыз. Бірақ ол үшінде әуелі бабаларымыз тарихта қалай меңгергенін қандай жақсылыққа жетіп, махаббатың сипатарын меңгеру жолында қандай жағдайда зиянға ұшырағанын, біздерге сол тәжірбелерінен берген аманаттарын, насихаттарын біліп, оқып меңгермей ақ, негізгі бастаудан үйренуміз керек деген тағы бұрынғы аталарымыздың қателігін ғана қайталауды туындатады. Бұдан орыс халқының; «Ақымақ қана өз қателігінен үйренеді» деген мақалы пайда болады. Міржақып атамыз, махаббатың ережесі тұқымды текті сақтау үшін ғана бағыталғанда нәтижелі болып, ол  иман келтіруді меңгеруді; «тұқымы құрып қалмасын деген халық өзінің шежіресін иманы дәрежесінде ұғып білуге тиіс болады»  деп тарихты білімен меңгеруден ғана иманның белгілі дәрежесі, шамасы пайда болатынын ескертіпті. Бұндай қағиданы құран сүресінде «Мүминұн» деп атап және 23-ші санмен белгілеп, және әрбір ұлтқа үмметік ерекшелікті; 68-санымен, ал құлшылығы оңнан солға 86-санды сүременен және жер бетінде дүниеде кезекті алмасып, тіршілік етуші осынша негізгі үмметік, нәсілдік белгі болатынын ескерте отыра, әрбіріңнің үстеріңде бақылаушы «Тарық» жұлдыздарың бар «Төртеулеріңді түгендеп, бесіншіңді тарықтан іздеңдер» деп ескертіп; «Олар сөзді зертемей ме? Немесе оларға бұрынғы аталарына келмеген нәрсе келді ме? (68) Немесе пайғамбарларын олар танымады да сондықтан оған қасарысады ма?» (23-69)  деген аятпен 69-санды құпиядан, кітаптан өз пайғамбарларыңа, махаббат сатларына көтеретін иман жолын іздеңдер деп бұйырыпты. Ал исламда мұндай мүміндік сипатқа жетуді тарихат деп атаған да, бірақ кейінгі дін топтары, тек намаз оқуды жетілдірумен ғана айналысып кеткендері да хақ. Осы 69-санды кітапты қарапайымдап, өлеңмен өрнектеп, ішкі сырларын, аяттарын тәпсірлеген Абай-Шәкәрім аталарымыздың насихатынан, негізгі дін иманымызды, масхабымызды, тарихатымызды, мағрипатымыздың да қағидасын, яғни «Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп, Және хақ жолы осы деп әділетті.» имандылық жолын меңгеріп, қалай мүмін аталуды, яғни тарихи иман біліміздің, пайдалы, пайдасыз жақтарын ажыратып алуды 23, 123,223, 212 т.б көптеген сандардың ішінен жасырып, өлеңмен өрнектеп негізінен рух сырын, махабатпен ұлтық рухани егінді өсірудің негізгі адамгершілік қағидаларын насихаттап кетіпті. Ал Шәкәрім атамыздың ішкі жан білімін, насихатын түсіну үшін әуелі аталарың Абайды танып, сосын ішкі сырын менен ізде дегендей құпиялап кеткен. Абай атамыз мүміндіктің негізгі шартын 23-ші қара сөзінде; «Қазақта бір қуаныш, бір жұбаныш» бар деп ескертіп; «..Ғылым көпке келіп пе? Біреуден тарап па? Хикмет көптен тарай ма? Бірден тарай ма?… Тұқымызбен аузымыз сасық болушы еді деген жаман күйеу қалыңдығын жеңіп пе? Көңілің сол сөзді разы қылуға жетіп пе? Ендеше көбіңнен қалма, сен де аузыңды сасыта бер деп пе!?» деп сасық сөзді дін ғалымдарының пайда болатынын, олар сүйтіп елге бақташы болып, көптің соңынан ертіп, елді аздыратынан аулақ болыңдар деп «Ғиса пайғамбар-рух сөзі- күйеу жан-қалыңдық» деген інжілдің құпиясын астарлы сөздермен тәпсірлеп кетіпті. Сондықтан інжілді түсінбеген аузы сасық, рухты түсіндіруші дін-күйеулерден абай болыңдар, дінді хикметен, ғылымнан, бірден, кемелдерден, Алла достарынан үйреніңдер деп; «Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат, Екі түрлі нәрсе ғой сыр мен сымбат. Арзан, жалған күлмейтін, шын күлерлік Ер табылса жарайды, қылса сұхбат…Жолдастық, сұхбаттастық-бір үлкен іс, Оның қадірін жетесіз адам білмес. Сүйікті ер білген сырын сыртқа жаймас, Артынан бір ауыз сөз айтып күлмес..»(23-өлең) деп әуелі өмірлік сырласыңды, жақсы сұқбатысыңды Алланың жақынын, сүйікті ерін, еркегін тауып және өзіңе лайық жар таңдап отау құрып, жақындықтты махаббатты қалыптастыр деп; «Ары бар ұяты бар үлкенге сен, Өзі зордың болады ығы да зор.» деп ескертеді де; «Өлсе өлер табиғат, адам өлмес, Ол бірақ қайтып келіп, ойнап-күлмес. «Мені» мен «менікінің» айрылғанын «Өлді» деп ат қойыпты өңкей білмес… Мені(рухымды) қайда екенін біле алмасың, Терең ойдың телміріп соңына ермей. Дүниеге дос ақиретке бірдей болмас, Екеуі тап бірдей боп орныға алмас. Дүниеге ынтық, мәшхарға амалсыздың Иманын түгел деуге аузым бармас.»(123-өлең)  Өлгендерден күдер үзіп құр ғибадат пен жақсылық жамандықты дүниемен ғана бағалап, ақиреттің сырына, тылсым үніне үңілмей, рухыңды түгел деуге, «мәшхарға»-ақирет өміріне, өлілерді риза қылу үшін Алла жолына мал жұмсамай иманды түгел дегендердің бекер екенін ескертеді. «Жол кермек, жоба білмек, жиһан кезбек, Бой жеңбек,(жын, мал қуатын меңгеру) ер жігітке, ғақыл (таза ақыл-рух) таппақ, Тағдырын көрушінің (аруақ) хақтан біліп, Көшелі өнер иесін жүрсе жақтап. Ниетің түзу болса сенің аппақ, Екі елі аузыңа қойсаң қақпақ, Сыбыр, өсек дегенді сыртай жүріп, Ғылым, өнер, мал таппақ, жұртқа жақпақ.»(223-өлең) Ел кезіп, киелі жерлерді аралап, қауымыңның тарихын, қателгін, қасиетілігін Раббыңна аянмен көріп, амал қылып, өз жобаңды, ақталу қағидаңды іздеп, әулиелерден батаңды ал, жамандықтан аулақ болып, сөзіңді бағып өнер ғылым тап сонда ниетіңде болар аппақ деп түсіндіреді. «Алланың өзі де рас, сөзі де рас, Рас сөз(бейнеленген кітаптар) ешуақытта жалған болмас. Көп кітап келді алладан, оның төрті Алланы танытуға сөз айырмас. Замана, шаруа, мінез күнде өзгерді, Оларға кез-кезімен нәби (ескертуші, елші) келді. Қағида шариғаты өзгерсе де. Тағриф (аян, уахи-кітап) алла еш жерде өзгермеді… Руза намаз, зекет, хаж-талассыз іс, Жақсы болсаң, жақсы тұт бәрін тегіс. Бастапқы үшін бекітпей, соңғы төртті Қылғанмен татымды бермес жеміс.» Атамыз мүміндік намаз 7-парыздан тұрып, алғашқы үшеуін; махаббат-жақсылық, ізгілік деп; әуелі Алланы, жаратушыңды жаныңнан артық сүй; екінші адамзатың бәрін алаламай бауыр тұт, мейрімділікті меңгер; үшіншіден түсірген әділетті жолын сүй!-деп осы үш намазды меңгерумей қалған 4-еуін орындағанмен мүмін бола алмасың деп ескертеді.  Ол үшін әуелі тарих шежіреңді меңгеріп, біліміңді жетілідіріп, жартылыстың құпия сырына терең сүңги білмесең қалай Алланы танып махаббатын түсіне аласың?,- деп насихатайды. Және қауымдық, аруақтық тағдыр кітабың болған, рухани кітабыңды оқып, адамгершілік қарыздарыңды орындамай, қалған ғибадатың бәрі шала, мүміндік емес тек мұсылмандық қана деп ескертеді. Енді алғашқы үш сүюдің қағидасын «Тағриф алла» яғни Алладан түсірілген жоба, тағлымды аталарымыз; «Жаңбырменен жер көгерер, батаменен ел көгерер» деп рухани егінді егеуді жан ғылымын ескертіп кетіпті. Сонымен махабатың мәнін, маңызын,  бағыңның айнасын түсініп, оны меңгеру үшін аталарымыз ар білімн меңгеруді біздерге амантап өтіпті. Ал арсыз, ұятсыз, намысыз, иманының жақсыны жақсы жаманды жаман деп көрсететін ар-ұждандық қабілетінсіз құр бес сезімге немесе сыртана қарап бағаллайтын түйсіке негізделген бүгінгі күнгі ақындарымыз жырлаған махаббат ол мұндай адамгершілік қасиетің ниеті ғана десек қате емес. Сондықтан әрбір сөз атуының өлшемін, құндылығын білмеуден осы жолдағы талпыныс мақстардан адасушылықпен, күнәнің қақпанына түсіп, бақытсыздықта ғана туындаты да хақ. Қазіргі таңдағы елміздегі жесір мен жетімнің, күйеуге тимеген кәрі қыздардың, сүр бойдақтардың да ұлттық ар-ұят, намыс қағидасынан шет қалып, арсыз, жалаңаш жын-шайтанның көрсетумен, нәпсілік сезімді махаббат деп атап, тек жақындасуға, қосылуға ғана бір-біріне құштар болып, артынша ажырасып жатқан елміздегі тұқымыздың, гендік ерекшелгіміздің жоғалуына ғана себепші болып жатқанын тек көкіргі соқыр, махаббатсыз пенде ғана ажырта алмас. Осы тақырыпта енді махабаттың да 4-түрлі сипаты яғни бәйшешек бақшасы бар екенін, оны қалай өсіріп баптау керек екенін, арнаулы тақырыптармен баяндап, сұхбат жасап көрейік! Құранда; «Әйелдерің егіндіктерің, қалаған кездеріңде барыңдар! Бір-бірлеріңнің киіміңсіңдер! Ерлерде әйелдердің хақысы бар, сол сияқты әйелдерде ерлердің үлесі бар!» деген махаббатың қалыптасуына керек міндетті өз ара сауда-сатықтың қағидаларын меңзеген аяттарды қалай түсінеміз! Ойланып құпиясын шешіп көріңіздер!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.