Арың мен бойды сақтасаң

Бөлім: Ата-дәстүр өлеңдері №5 44

Бой-дене, ар-намыс дән болар,

Жүрек, бауыр ішкі ағзалар.

Өрісі қуат рухтың жемісі,

Денеден жарық орны бар.

Туылған өлер, тірілмек қайта нәсіл боп,

Боймен бірге қуатың арың жарық боп.

Жаным арға садаға сөзі атаңның,

Ар -ұрық тірліктің нәрі жалғанның.

Бойын көп адам бүгінде жүр жоғалтқан,

Жалаңаш тәнмен зейнетін ардың ұмытқан.

Қаралық шекпен кигені бүгін ұлтыңның,

Ұрығы ұлттың дерттеніп қайта туылған.

Ұмыттың неге туылған арлық қуаттан,

Ата-анаң жиған ескілік дәстүр, ғұрыптан.

Тағдырың, ісің,  ескілік салтың жазылған,

Бүгінгі арсыз салтыңмен жазу қосылған.

Екі жүзді ісіңмен бүгін сыналып,

Арыңды алдың дегені бұл жоғалтып.

Өмірдің мәнін күнәңді өртеп жаға алмай

Жаның өспей жатқанын біл қиналып.

Туылу, өлу, аурумен және кәрілік,

Төрт сөзбен тағдыр тұрғанын біл жазылып.

Мың өліп, тіріле білген тегің бар,

Тоқсанында туылған талай нар жігіт.

Арында адам ауруға қарсы айла бар,

Дерттенсе сұрап, құдайдан шипа алар.

Ауырып дертке іздемей емін қайғырып,

Ауырмайтын жол, ата дәстүр салтың бар.

(Сәуір айы 2014 жыл)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *