Иман- серік, жаныңа (258)

Бөлім: Зікір өлеңдер 67

Иманнан терер гүлің бар,

Исі жұпар аңқыған.

Көркем сөзбен тіліңді ал,

Аманат мирас нақылдан.

Таза ақылдан жан толар,

Бір тілменен сөзді алар.

Құпия білім жаныңда,

Иман болып қосылар.

Жеті күнмен бой толар,

Әуретті жерің алқапты

Өсірер егін жер болар.

Бәйшешектің бақшасын,

Ділімен нәзік жандылар

Тектілігі әке артырар.

Әйелде егін ерде мал,

Иманмен қуат алмасар.

Қырық үй әурет ошағы,

Бақ қарап қыдыр дарытар.

Қырықтың бірі қыдыр деп,

Көңілге жомарт күй салар.

Қырық жанның бірлігін,

Қырық шілтенге жалғанар.

Қырық қадам асырмай,

Қиянаттың жолын қидырар.

Бәйшешек тектің бақшасы,

Ар-ұят, ұжданмен діл болар.

Сөз сүйектен өтпесе,

Алтау араз дәм бұзар.

Ой бақшаға жан енсе,

Гүлімен бірге тікен бар.

Жыланы бар қарсылық,

Қорқыныш салып тостырар.

Есеп білмей есек боп,

Өлшемсіз білім жүк қылар.

Білімді ақыл деп атап,

Ібіліске қызмет қылдырар.

Келтірдім, деп иманды,

Сеніммен теріс ойды алар.

Махаббат оның қақпасы,

Жарды сүйсең ашылар.

Үш өліммен ақталып,

Үш сүйумен тағдырлар

Иманмен бір қосылар.

Өліге иман сұрамай,

Туыстық жібің қиылар.

Ұлтыңның діл бақшасы,

Тамыры жанмен жалғанар.

Суғарып тамырын сол гүлдің,

Баптап күтсең сән болар.

Жеті ата тамыр жалғанса,

Жаныңа тағат таптырар.

Әуезді әні жеті үнмен,

Құраннан қуат ой салар.

Пенденің жаны тіріліп,

Бақшасын гүлге толтырар.

Исі жұпар таралып,

Әлемге қуат қосылар.

Көлеңке серік жарықпен,

Өзіңнен қалмас дос болар.

Өлген кезде бір жүрмек,

Махаббат иман кімде бар?

Бұлбылша сайрап тілменен,

Амалы жаттан салтың бар.

Иманның сөз айнасы,

Сөзіңмен ісің қосылар!

(Наурыз 2019 жыл)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *