IV-Жын, шайтан, мал қуаттары және қиямет сағатындағы қылықтар  

Бөлім: Жын-шайтан және перілік 59

     

Қазіргі таңдағы әлем халқының түрлі азғындыққа түсіп жазылмайтын аурулар мен семіздік және рухани түсініксіз жағдайлармен әлемдегі боып жатқан соғыстар, бүліктер, террориз мен экстремизм атты жағдайлардың бүкілі әлемдік дағдарыстардың да себебі де адамзаттың өмір сүруінің рухани дағдарысқа түсуіне байланысты болып және негізгі себеп дін тазалығының жоғалуынан десек, бұл замандағы білімге сәйкес бұл пәтуаның ақыл болып қабылдануы да екіталай болмақ. Бұған негізгі себеп те сөз құндылығының жоғалуы мен бір ұлт өкілінің өзі бір тілде сөйлегенімен бірін-бірі түсіну қабілетінің жоғалуынан ғана болмақ. Ал неге бір тілде сөйлеп бір-бірімізді ұғыну қабілетін жоғалтып алдық деп сұраңыз. Міне барлық қателік те біздердің ортақ ата салт-дәстүріміздің болмауынан, біздердің әр қайсымыз өз білген, ұнатқан әдеттерді қымсынбай еркін орындауға, салттық амалға айналдыруға ар алдында ортақ жауапкершілік болмай түрлі қылықтармен ерекшеленеміз. Мұндай жағдайда біздің сол қылықтарымызды жақсылық, мәдениет деп қабылдайтын сөздің негізі түп атасы бір болғанымен ал ішкі ойы басқа болып, біздің ойлау қабілетіміздің қазіргі кезде 73 түрлі сапасы барын және 74-ші, 75-ші түрлері де пайда болып жатқанын аңғарудан қалғанбыз. Олай болса біздің ақыл тұрғысында; «Төртеуді түгелдеу» сөз мінезіміз мүлде қалыптаспаған. Мұндай жағдайда ауылдық алты аузымыздың, сөз насихатымыздың да оны ұғыну қабілетіміз де  біртұтас болуы мүмкін емес. Мұның негізгі себебі де философия ғылымының дағдарысқа түсіп, ой қуатының жетілмеуінен, дін өкілдерінің философия ғылымын діннен алшақтатып надандыққа түсуінен, тура жолынан адасып кетуінен пайда болған десек жалған емес. Ал дін және жол ұғымын қалай түсінеміз?

«Дін дегеніміз көзқарастар жүйесі мен іс-әркеттер және Алланың адамзат баласына (арапқа ғана емес) салып берген қасиетті жолы. Діннің арқасында ғана көкірегі ояу адамдардың баршасы (араптар ғана емес) өзінің көздеген мақсатына жетуге мүмкіндік алады..» (Әл-Фараби). Сонымен дін рухани тұрғыда екі түрлі адамзаттың құндылығынан тұрып; Бірінші философиялық даналықпен және философиядан туындайтын барлық ақыл-парасаттылықпен өлшенсе; Екіншіден іс-әркеттердің және мұны қалыптастыратын барлық қасиеттердің меңгеру жолын, әдістерін айқындап береді. Сонымен дінді адамзаттың бақытты тұрмыс тіршілігін қалыптастырған жағдайда ғана тура жол деп атауымыз керек. Және дінсіз жер бетінде адамзат та, өмірінің тіршілігінің де қалыптасуы  мүмкін де емес екен. Сондықтан да қандай да бір халықтың тұрмыс дәрежесін, рухани өркениетін  тек ел билеуші мен оның қарамағынындағы халықтың бақытсыз, бақытты өмір салтын тек діндік ақыл парасаттылығы арқылы ғана бағалауға болады. Себебі біз дін арқылы ғана өмір салтымыздың адал-арамын, қандай қылықтардың орынды болуын, бақытты өмірдің үлгі өнегесін және қандай жағдайда бақытсыздықтың туындайтынын алдын-ала болжай аламыз.

«Егер ел билеуші дінді жетік меңгеріп шынайы қайырымдылықтың жаршысы бола білсе, онда оның халықты басқаруындағы басшылық қызметі де сан алуан жақсылық істерге толы болады. Дәл осындай игілікті мақсатты ойдағыдай жүзеге асыра білгенде ғана ел басының өзі де, оның қол астындағы әрбір адам да шексіз бақытқа кенеледі. Ал жағдай нағыз бақыттың өзі болып саналады. Міне сонда ғана ел басшы және мемлекет тұрғындарының ұстанған дінді қайырымдылық дін деп атауға болады» (Әл-Фараби)

«Ал егер ел билеуші дінді тастап надандықтың жолына түссе болғаны, ол міндетті түрде өз ойындағы арам пиғылдарын жүзеге асырудың жолдарын қарастыра бастайды. Сүйтіп оның қызметінде билік пен мансап, тәккаппарлық пен намысқойлық, байлық пен масайраушылық басты орынға шығады. Дәл осындай жолға түскен ел билеуші шын мәнісінде бақытты болмаса да, өзін тым бақытты сезінеді. Мұндай ел билеуші тікелей өзіне бағынышты адамдардың көмегі арқасында өз үстемдігін баянды етіп қана қоймай, оны одан әрі нығайта түсуге жанталасады. Алайда ел билеуші халқының қолын берекеге жеткіздім деп есептегенмен, шын мәнісінде бұл игі мақсат жүзеге аспаған күйінде қалып қояды. Мұндай пиғылды ел билеушілер әдетте басқалармен салыстырғанда, өздерін ерекшеміз дейді.» (Әл –Фараби) Сонымен ел билеушілері қандай да бір мемлекеттің дін ұстанымының, өркениетінің, ақылдың жетістігінің айқын болатын көрінісі болса, онда осы ел билеушілерді де дайындап шығаратын зиялы атты қауымның әрекетінен, ұлтық мінездің қылықтық іс-әрекеттерге айналған қаракеттік ақыл мінезінің көрінісі пайда болуы да хақ. Ал енді бақытты өмірдің ірге тасы бір мемлекет тұрғыдарының бірін-бірі ұғыну, түсіну қабілеттерін қалыптастырумен тек осыдан кейін ғана елдің мінезін түзеуге арналған іс-шаралардан, діни ұстанымдардан ғана елдің бірлігі пайда болады. Әрине қазақ елі сырттай өзге шет елдердің бағалуында бірлікті, тату-тәтті өмір сүріп жатқан елдің қатарындамыз. Бірақ мұның қазақ сөзінің құдіретті ақылдық, имандық дәрежедегі қуатының және қазақ халқының көпшілігі ауылда тұрып, жалпы қазақ ұлтының өзінің негізгі дәстүрінің бейнелерін сақтап қалуымен ғана мұндай рухани жағдай құдайдың қалауымен қалыптасып тұрғанын да білген жөн. Себебі біздің шын жүзінде дін ұстанымымыз ел билік саясаты және зиялы қауымның да мәдениет тұрғындағы саясаты бағыт бағдары шет елдердің өткен жолы, тарихи тәжрибесімен, жақсылығымен қоса қателіктері де қоса ауысып кетіп халықтың негізгі рухани жан тәну, рух тану, ақталу сияқты ұстанымдарына мүлде кереғар қайшы нанымдардың пайда болуына себепші болды.  Және мұндай әрекеттерді ел билеуші ақпарат өкілдері  қолдамайтынын, ата жолы атты бұқара халық тарапынан басталған құдай тану  рухани қозғалысын қалайда жалған, адасқан, халықтың дүниесін шашушы ретінде көрсетуге тырысқан сұқбаттарын, жазбаларын ақпараттық беттерінен күнде кездестіруге болады. Ал мұның негізгі себебі де сөз ұғымдарының қазақ нақылдарының ата-баба аманаттарын, сөз байлығы құндылығын, даналардың ойшылдық насихатын, ел билеуші зиялы қауым өкілдерінің өзі түсініп және дін-дәстүрін де меңгерген бірде-бір даралық тұрғыдағы тұлғаны көре алмайсыз.

Бұндай тоғышарлық ақыл-ойдың жетілмеуінен, яғни ақыл туралы білімнің де біздің ұлттық философиялық мектебімізде және дін ғалымдығында да мүлде ұмыт қалғанынан деп түсіну керек. Және ел биліктің де саясаты заң жүзінде «діннен бөлек».  Олай болса рухани тұрғыда дінге қарсы болмағанмен мұндай заңнан ата заңымыз да мүлде күшін жойып, қадағалау әрекетінен айрылғаны да сөзсіз. Ал осындай қарама-қайшы сөздердің ұғымын туындатушы жындылықтан да төмен бейтараптық  және тажалдық білімге негізделген көзқарастан ел билеушілер тобының ішінде де рухани тозудың ар, ұят біліміне бейтарап қараудың нәтижесі де жемісін беріп, қазіргі таңдағы күн құрғатпай ұсталып, қамалып, бірін-бірі аңдып, жан-жағына халықтың ішкі өмірлеріне қарауға қолдары босамай, босай қалғанның өзінде дүниемен ғана пайда болатын тоқшылықты бақытты өмірдің үлгісі деп санайды. Ал дүние байлыққа ғана негізделген тоқшылық  рухани жетімсіздік пен ішкі дүниенің ашығуын туындатып, мұның себебін түсінуге талаптанғандардың түрлі жағдайдағы ақылдың қуатынан іздеп, білімге негізделген ақылды ойсыз қабылдаудан бүкіл елдің рухани тұрғыда мінездері  топтарға бөлшектеліп елдің тұтастығын, дінін бұзады. Мұндай жағдайда елдің тұрмысында түрліше жаман, пасық әдеттер орнығады. Адамның ізгі қасиеттері жоғалып, тектілік әлсіреп оған қарама-қарсы нәрселер салтқа, дағдыға айналады. Ал мұндай жолға, жаман әдеттерге бой алдырған қандай да қуатты өнеркәсібі дамыған мемлекетте де рухани жағдайда халықтың ыдырау мен құлдыраудың айқын көрінісі пайда болады. Енді бұл көріністі жындылық  қылықтармен, мінездермен, сөз сөйлеу мәнерімен, түрлі дүние қызықтармен өзара бәсекеге түсетін жындылық топтардың пайда болуымен жалған намыстылықтың әрекетімен немесе пайда тауып оны бөліп алудың пиғылдық ойдың нәтижесінде өзара бірігіп ашу-ызаның  еркіне жығылып, ел ішінде бүліктердің бастауына айналады. Енді адамзатта мұндай теріс пиғылды бұзықтық дінге, ар біліміне де қайшы істерге бой ұрындыратын 72 түрлі қуаттық өрістік бейнелері болады. Мұның ішкі сырын қалай қалыптасатынын білгіңіз келсе аятта; «Қалада жер жүзінде бұзақылық істеп, түзушілік істемейтін тоғыз (9) кісі бар еді.» (27-48) Бұл аятпен Раббымыздың адамзаттың кісілік қарсылығы 9 түрлі қуаттардан тұратын өрістік сипатын ескертеді. Мұны түркілік ғұламалар адамның бойындағы тоғыз түрлі судың құрамы мен қышқылдардың әрекетімен байланыстырады. Енді алдыңғы жазбаларда және «Жын-шайтан философиясы» атты тақырыпта да біздер 8 түрлі жын қуатының адамның тәнінен орын алатынын ескерттік. Сонымен енді алдыңғы жазбаларда баяндалғандай 8 жын ошағының жағдайлары; 1-Мимен; 2-Құлақпен;3-Көзбен; 4-Ауызбен;5-Асқазанмен; 6-Алақанмен;7-Бүйрекпен; 8-Табанмен байланысты  осы орындардың тазалығына байланысты адамзаттың сыртқы бой өрісі-аурасының да қалыптасуы, мінезінің де ерекшелігі, ақыл қуатының да пайда болуына тікелей әсерін беретіні де хақ. Енді бұған сырттан келетін рухани тұрғыдағы 9 түрлі  көздердің сұқтардың, қара кісілердің әрекетімен көбейтетін болсақ 9х8 =72 түрлі Жындықанықтаушы, алушы,іс-амалға жаратушы әрекеттердің де адамзат баласының сөз түсіну ақыл-ой қабілеттерінің ерекшелігін қалыптастырады. Сонымен негізінен адамзаттың сөзді ұғыну тұрғысында көлденең тұрғысында 27 топтық ақылдылық қуаттардың ерекешелігімен өзара түсінісуге қабілетті болады. Неге бұл 27 санын алып отырғанымыздың сырын білгіңіз келсе; жалпы жаратылыс 6 күннен жаратылып оның жұбы парымен 18 ғаламдық жаратылыстық қуаттардың, әрекеттердің табиғатымен замандық, дәуірлік қарсылық әрекеттерді туындатушы жер бетінде 9 кісілік қаракеттік қозғалысты қоссаңыз барлық жер бетіндегі қаракеттік ақылдық қуатын меңгеру үшін осындай негізді өрістік айналымның барын білген жөн. Бұл әрекеттердің, қылықтардың жұбы, парын ескерсек онда барлығы 27,54;81 сандық тізбектің шығып әрбір пенденің сол қолындағы арап белгісімен 81-санының тұрғаны да осыған тағдырға себепшілердің пайғамбарлықтың да жер бетіндегі санын береді.  Сонымен негізгі қозғалыс себепшілерінің әрекетімен  қазақ жерінде де бір тілде сөйлегенмен 27 түрлі ұғынатын топтардың да бар екені сөзсіз. Мұны енді 27 түрлі ақпараттық білімдік оқиғаларға байланып, осындай өзіне рухани жағымды өрістің ішінде ғана пайымдап, солай әрекет қылуға тырысатын болғандықтан мұны негізделудің (қораланудың, белгілі ақпараттық өрістермен шектелудің) сипаты деп түсінген жөн. Сонымен 27 түрлі өмірге көзқарастың енді 45 сатыдан тұратын қылықтық дүние тұрмыстық әрекеттердің ерекешелігі болып мұның қосындысына тағы да 72 топтық жындылықтың пайда болуын, Абай атамыздың 45-қара сөзінің маңызын философиялық құндылығын да ұғынуға да болады. Сонымен біздің ел билігіміз және зиялы қауым өкілдері бұл топтың жоғарғы 10-дық саты орнын иемденеді десек қате емес. Бұл топтардың нақты сандық өлшемдерін құран арқылы баға беріп дәлелдеуге де болады. Бірақ ең білімді деп өздерін ақылдың кені деп есептейтін қауымдар болғандықтан мұны өздері-ақ оқып түсінуге тырысар деген үміт те жоқ емес. Сонымен қазақ елінде ел билеу халықты дінсіз, қазақтың дәстүрінсіз  қалай бақыты қыламыз деген өзара партия құрған 10-шақты топ болып сонымен бірге оған қарсы діннің бір ұстанымын, дәстүріміздің ішінен шала-шарпы бір жағын алған осындай ел билеуге құмар топтарды қоссаңыз мұндай көк езу, сөз ұқпайтын Құдай көрсетті десе нанбайтын бұқара халықты дүниемен, кедейлікпен қорқытып білімге сүйенген болжампаздығымен алдап, қойша қайырып баққысы келетін білімді көп білсе дәрежелеп, ақылдылық, ойшылдық деп қабылдайтын талай топтардың да пайда  болатынына көз жеткізуге болады. Енді бұған елді дін арқылы жаратушысын таныту арқылы менің ғана соңымнан ерсе бақытты қыламыз немесе ел билікті тек дін арқылы намаз оқытып, арапқа ұқсатып басқару керек дейтін де талай топтардың қылық мінездік ерекшеліктердің шын жүзінде 9 түрлі бұзықтықтардың да пайда болуын көре аламыз. Ал бұған аршыл, намысшыл болып, бірақ сол намыстың неден пайда болуын және  не үшін намыстану керек екенін білмей өзі үлкен, қылығы бала-шаға болып, дінді жақтаған болып ал іс жүзінде исламның құндылықтарына, пайғамбарымыздың хадистеріне қарсы ел билікті қарғап талай өлеңдер жазып халықтардың өзара бірігіп ортақ мәмілемен сауда-саттықпен өмір сүруіне қарсы және орысқа жоласаң жұғып кетеді, таңбаны өзгертпесең қазақ құрып кетеді, атыңды қазақшаласаң жын-шайтанның тек-нәсілің өзгеріп тазарып кетеді деген сияқты халықтың онсызда өлі ақылын онан сайын өлтіріп бөлшектеп жатқандарды топ-тобымен ертумен және оларға ерген мас-жастармен бірге тағы да нақты көз алдыңыздан сөздерін, қылықтарын қазақ дәстүрімен, дінімен, ар білімімен, даналар насихатымен салыстырып көрсеңіз онда шамалы ғана қазақтың ұрпағының бұл жындылықтардан аман жүргеніне де тәубе дейтініңіз, тегіміздің әйтеуір жоғалып кетпейтініне шүкірлік қыласыз, әрине онда да ақылыңыз яғни төртеуіңіз түгел болса. Алтауын тұрақтату туралы әзірге қазақ баласына арман ғана деп біліңіз. Себебі осындай құпия ғылымдық  деректерді сөйлетіп, жеткізіп отырған мына мен пенденің де алтауым түгел екендігіне ешқандай куәлік бере алмаймын. Абай атамыз айтқандай; « Атымды Адам қойған соң, қалай надан болайын. Халқым надан болған соң қайда барып оңайын..» деген мұңын енді ғана түсініп жүрген пенденің бірімін.

Сонымен мұндай жағдайда не істеу керек деген уайым пайда болып, осы ақыл туралы білімді меңгерсек өзімізге өзіміз есеп беретін жағдайға жетіп бәріміз болмаса да арамыздан көптеген тектілер ұйқысынан оянып, жынын тазартып Адам болар деген мақсатпен және философ ағайындардың да құлаған құдығынан, ақпараттық тұрғыда негізделуінен, шектелуінен шығаруға қол созып; «Құлшылықтар философиясы» деген тақырып ашып түбінде бұрын рухани өмірімізде болғанмен өзіміздің шет елдің білімін ақыл қылып, ал дұрыс  ақылымызды артымызға тастаған және жоғары дәрежемен өзін-өзі бағалап; енді менен артық кім бар  халықты ақыл беріп жөнге салатын деген рухани шамасынан асып-тасып жындылыққа негізделуден өзін-өзін құтқаруға, ақыл-ой арқылы тануға себеп болсам, онда бекер өмір сүрмеген болармын деген ойға кетіп, кейде мұндай ақылды үйретіп отырған Құдайға да ойша «Осының бәрін мен білемін, ойлап таптым, менің білгенім,  дәрежем артық жұрттан..» дегендей   күпірлік қылып қойып ақылым  негізделіп, онан шығу үшін құдайға сыйынып, ата-баба аруағынан жалбарынып жәрдем сұрап зияраттап ел кезіп те кететінім бар. Осындай оқушым мәнінен артық білімім бар десеңіз онда белгілі бір жындылық топтық ақпараттармен шектеліп қаласыз да жүрегіңіз ешқандай өзге ақылды, білімді де қабылдамай онан құтылатын жол ата жолында қазақ дәстүрінде ғана. Сондықтан бұл жазбаның қашан баяндалып болатынын Құдайдың ӨЗІ-болған бір тұтас жаннат иелері әулие-әмбилерге, пайғамбарымыздың шапағатын таратушыларға да сіз бен біздің бір топтық ақпараттық деңгейге рухани тұрғыда кітабына жалғануға да байланысты екенін ұмытпаңыз. Ясауи бабаның шәкіртімін, теологпын деп жалаңбас жүріп  және сопылық қылмай әулиенің кітабына жалғанамын, Абайды да білім арқылы жалаңабас, жынынан тазармай, кісілікті меңгермей түсініп аламын деген де ақымақтық қана. Мұны егер ақылмен қабылдасаңыз сіз де осылай менің амалымды жасай салыңыз, бір жаман тоқтының қанын шығарып басына барып дұға жасаңыз. Ештемеңіз кетпейді серік те болмайды, шерік те қосылмайды, керісінше ақылыңызға қуат , адамдық махаббат  құдайлық ойды- дінсіз идеяны алуға ата-баба мирасы кітаптарына жалғануға себеп болып, жыныңыздан тазаруға, қарсылық белгілерден арылуға да себеп болады. Сонымен әулие-әмбилер аруағынан қарыз нұр алып, жыныңыз кісілікке айналып, бойыңызға жарық алып аз болса да жыныңызға таза ақылдан қуат келсе, ондай ақыл бар жерде өмір бар. Біздердің меңгерген, тұрмыста үйренген білімді ақылымызбен емес керісінше ілімге негізделген таза ақылдың, құдайлық нұрдың өзімізге алған зейнеттік жарық шамасына қарай өмір танылады. Және мұндай жағдайда да бір топтық белдеуден екінші топқа шарға (ақпараттық кеңістік) өтуімен кімнің қалай өмірді бағалап пайымдауына қарай естілігінің шамасы да белгілі болады.  Осындай 9 сатыдан, яғни ата жолының 9 жыл сынағынан өту арқылы сіз өзіңізге 8 түрлі белгінің; Арыстан баба, Айша ана, Ясауи баба, Түктібай ата, Сарыбай ата, Сүйінбай ата, Жамбыл ата, Қайназар ата болған; 8 белгі жын ошақтарын тазартумен бұған жәрдемге тұратын қазақ елінің 103 әулие 33 сахабасын қоссаңыз барлығы 136 белгі мен рухани жарық нұр сәулесін алумен және 9 жыл сыннан сүрінбей өтіп, жындылық дегенді ұмытып тақуа болып, 8 діннің негізін толық бірлеп 9 жолдың торабынан пайғамбарымыздың шапағаттарына яғни өзінен бата алуға да шамаңыз келетініне уәде беруге болады. Әрине мұндай істердің барлық саласында жоғардағы баяндаған ел билеушілерден бастап өзінің заңымен, шығармаларымен, пәтуаларымен, діншілердің құранды теріске алып азғыруымен, шайтанға айналған қауымдардың жапа беруі де сөзсіз. Пайғамбарымыз; «Өз ортаңнан жоғары шыққың келсе онда сол ортаға жынды аталысың» деген өсиетін, әулиелігін де орындау керек. Сонымен сізді дін қандастар, ағайындар «сектант», «жындылар» атауымен міндетті түрде кездесіп, сынақтардан сынбай өту үшін де алдына ала-ала ақылыңызды үнемі толықтырып отырмасаңыз өте қауіпті және ақылыңыз әлсіздік қылса бұл ісіңізге, талабыңызға күдік кіріп, керісінше солардың жындылық тобының біріне қызметке де тұрып кетуіңіз де ғажап емес. Негізінен  әлемдегі барлық адамдарға  мейлі қандай ұлттық дінде, ұстанымда болсын ортақ даналықтың негізі құдайлық ақылдан сусындап, өзін-өзі танып ақылды болу қабілеті берілген. Мұның қарама-қарсы жағы да болып, көбіне білім арқылы, көпшіліктің соңынан еру арқылы өзінің өзгеден артықшылығын байқау арқылы, яғни өзгені тану арқылы ақылды аталуға құштар болумен көрінісін береді. Мұны бір беделділікке, абыройлылыққа, дәреже-мақтанға арналған білімге негізделу, шектелу және жындылық деп атаған дұрыс болады. Сондықтан; «Ілім мен білім ортасын таба алмасаң бүлін» деген даналарымыз. Қандайда бір жаратылыстың ортасына үңіле берсең ол майдаланып, бөлініп жаңадан ұғымдар, сапалар пайда болуымен соңында мүлде ақылмен пайымдай алмайтын дәрежеге жететінін білсеңіз, білем дегеннің өзі жоқтан пайта болатынын аңғарып, білмеймін, әлде де біле берсем деген үнемі  ортасын, яғни таза ақылды  табатыныңыз да хақ.

Мұндай жағдайда жындылардың бастықтары ел билеушілер болғанын да аңғарып; қалай өзінен-өзі бөлек болып өмір сүре алады деген ойға қаласыз, уайымдайсыз, ондай қандастар үшін. Екіншіден; дін ғалымдарының сөз атауларының бәрін араптан алғанбыз деген жындылықтарын да ұғынып, мұның бәрі негізінде;  Адам атамызға Раббымыз үйретіп қойғанын, сондықтан адам болсаң болды, сөздің бәрі өз ауылыңа құдай алдын ала беріп оны діл қылып қаныңа жазып қойғанын да түсініп, ал діншілердің Аллаға, түсірген құранына ортақ қосып жынданып жүргеніне де қайғы шегесіз. Жан, рух, иман, сенім сияқты негізгі түсініктерді қалыптастыратын жүздеген ұғымдарды мүлде өздері білмегені былай тұрсын, ойдан тәпсір жасап адамзатты түгел азғырумен айналысып жүргенін де байқайтын боласыз. Сонымен бірге атыңды қазақшаласаң текті, ақылды, дінің тазарып құдайсыз да ақталып кісіге айналасыңдар деп қазақтың барлық ақылсыз жынды қауымын адастырғандарын, мұндай әрекеттерінен өздерінше тәубеге келіп бас тартпақ түгіл, керісінше қырсыққан үстіне қырсығумен өзіңді талап тастауға әзір екенін де байқайсыз да бас шайқайсыз.  Осындай халық сенген білімді азаматтардың жын-шайтанның ықпалына түсіп, ұрпақтарына да зиянын тигізетінін аңғарып, қайғырасыз.  Әрине, егер иман қуатыңыз қуаттанып бойын тіктей бастаса. Ал орыстан бөлек өмір сүріп, жер байлығын өзара бөліп алып, бақықты қоғам құрамыз деп билікті күнде сынап, қарғап жүргендерді бұл топтардың да ең төменгі жындылары екеніне де көзіңіз жетіп, мұндайлардың тез түзеліп халыққа және өздерінің де тозақта мәңгі жоғалып кетпеуіне де,  зияны тимеуіне дұға жасай бастайсыз. Бұл жағдайдың да нәтижелі болуы да; жаныңыздың тіріліп, өзін байқатып иманыңыздан қуат алып тұруы үшін де қойныңыздағы  жарыңыздың да тақуа болып, етектік қуаты таза болып, аяғының, қолының да арасынан жала жауып қаныңызды аздырып,  асқазаныңызды уламайтын болса ғана дұрыс болмақ.  Ал білімділікпен бағалау арқылы өзіңізбен тең санайтын қатыныңыз европалық болса, ақ жаулық тартпай шалбар кимесе де қысқа келте етек қолы жалаңаш болса, онда әулие-әмбилердің насихаты түгіл бұндай қарапыйым астарсыз білім тұрғысында баяндалған ақылды да түсінемін деп әуре болмаңыз, себебі шектелуден, негізделуден, жүктелуден аман болмай, сізде жындылықтың жоғарғы тобында ғана жүрген шығарсыз…. (жалғасы бар) Ата жолы жазбалары мен ата дәстүрінің насихаты, кітаптары және құран теологиясы мен Ясауи діни жолымен, қазақ әулие-әмбилер аманаттарымен танысқыңыз келсе мына сайтқа кіріп көріңіздер;   http://btk.atazholy.local/

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *