Сұлулықтың сыры жасырын  

Бөлім: Ата-дәстүр өлеңдері №6 41

Жалаңаш қызды мақтаған,

Сұлу деп таңдай қақтырған.

Еркектер көп сұлудың,

Сырын ішкі ұқпаған.

Жалаңаш қандай ару қыз,

Іші түтін сасық тұз.

Сыртқы бейне не болар,

Бойы салқын болса мұз.

Сұлулықтың іште мекені

Киімсіздік оның кеселі.

Қандағы 11 періште,

Жанымен тұрған некелі.

Етегін жел ашпаған,

Ақ жаулықты ақтаған.

Ақ білегін жеңімен,

Білезік тағып қорғаған.

Қара де мейлі ақ болсын,

Тақуалыққа сақ болсын.

Мұндай қазақ қыздарын,

Құдайым сыйлап бақ берсін.

Тәнін ешкім көрмеген,

Ерінің өзі білмеген.

Айдан сұлу ақ шығар,

Қыз болып ашық жүрмеген.

Жүрісі майда керілген,

Жүзінен нұры төгілген.

Қадірін білген ерлердің,

Аузынан гүлі төгілген.

Іші сұлу ақылды,

Қанағатшыл, сабырлы.

Тойсаң тоба қыл деген,

Ерге лайық қатынды.

Сұлулық сыры жасырын,

Түн ғана куә болар сын.

Қазақта көп арулар,

Сақтаған арын, ақылын.

Тегіңде қазақ сақтаған,

Дәстүрің армен ақтаған.

Қарама тәнге бояу ғой,

Қылығы сұлу асылдың.

Болса ерлер ақылың,

Әйелдердің әурет жабығын.

Мадақтайық арлы деп,

Сұлулық нұрын жасырын.

(шілде 2014 жыл)

***  ****

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *