Кебенек ар-намысың(270)

Бөлім: Зікір өлеңдер 85

Кебін киген адамдар,

Ұятпенен дос болар.

Әуреті тәнің қорғалса,

Жан бақшасы жайқалар.

Ет малыңды тазартар,

Зейнет өріс бақ қарар.

Жарығы жеті бойыңнан,

Жан үйі боп қаланар.

Бас ғылымға жалғантар,

Бастан жынды тазартар.

Көріп, естіп, сөйлемек,

Мидан ойды қозғалтар.

Тазарған мидан пайда бар,

Жемісін жейтін күн туар.

Құрт түспеген алмадай,

Исінде өріс жұпар бар.

Жанаттық тұрғын аналар,

Жерге көктен көз салар.

Жұпары жаулық әлемге,

Таралып елді тазартар.

Кеңістікті ластамай,

Зәрді бастан шығармай.

Ақ жаулықты, бөрікті,

Кебінмен адам болмағы ай.

Кебінсіз жоқ кебенек,

Жан бақшасы ол зейнет.

Ар-намысты болмайды,

Кебенексіз көп дүрмек.

Ақ сауыты ат аманат,

Аруағы болар қол қанат.

Кебенек бастан басталып,

Сауытың арамнан тазармақ.

Құдайдан келер ақ нұры,

Қорғаны сыйы ар сыры.

Армен өлшеп сіңірер,

Бес қуат, өнер, ақылды.

Төбеден тоғыз төрені,

Келтірмей тегің өшеді.

Жүректе ақыл, баста ой,

Нұрмен Алла өнеді.

Таза ой баста бос жатса,

Ар сауыт-кебенек болмаса.

Шіриді сасып таза ақыл,

Тағдырды маңдай сор баса.

Әйелден сілті, еркектен у,

Теріс ой бастан шыққан бу.

Қара бет, нұр жоқ ұяттан,

Білімі ақыл болар қу.

Төрт көзді иттік мінезді,

Төбеде болар көздері.

Етекбасты еректер,

Шайтаннан жын әйел перісі.

Жеті ұры, теріске бағынған,

Бас пайда, бейқам, мақтанған.

Өкінбес күнәға, өзі риза,

Екі ұшты көңіл, бос сөз қиялдан.

Бассыздар өзін ақтаған,

Бойдағы мінін ақылы таппаған.

Сыныққа сылтау іздеумен,

Ар-намыс жалған қу бастанған.

Баста болса Масіғ Ғайсадан,

Көркем сөз ділге жалғанған.

Бақ басқа, қыдыр аяққа,

Көк пен жерге жалғантқан.

Зейнетің жарық өрісің,

Қорғалып армен табысың.

Сауытың сырттан өсірген,

Ібілістен қорғар қол ісің.

Алды-артыңнан күзетші,

Біздерден сый бермекті.

Өзінен болып сипаты,

Қолдауы аруақ демекті.

Елшілік ісін жалғаған,

Бес беріп алты алғаннан.

Төртеуін болған түгелді,

Ясауи баба жолы қалдырған.

Әлемге қуат қосатын,

Алланың досын табатын.

Тақуа текті ұрпақтар,

Номадтық нәсіл шығатын!

Намысын қазақ қорғаған,

Бөрікті ерлер арланған.

Жолында Алла соғысап,

Үш байлығын ұлттың сақтаған!

(Наурыз 2018 жыл)

*****  *****

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *