Ғылым сөздің мәнінде (271)

Бөлім: Зікір өлеңдер 103

Құлақтан кіріп бойды алған,

Сөздің мәні болады.

Қарсылық болса жүректе,

Күс болып сыртта тұрады.

Сөз қуатын меңгерген,

Жыр төгілер жүректен.

Баяғының сөздерін,

Қадіріне жетіп мән білген.

Түсінігі сөздің мәнінде,

Жүрекке зейнет білімде.

Жанға құпия жазылар,

Кітабы құран үнінде.

Сөздің дәмін сезінген,

Құрама сөзден жиренген.

Ол адамның асылы,

Ғылымның дәнін өсірген.

Аруақ асып, сөз жаттап,

Қу түлкіше бұлғақтап.

Жүректе жоқ сөздерді,

Ауызбен ойсыз сөз саптап.

Есі кеткен есірік,

Сөзді айтар көпіріп.

Білімді ақыл қылғандар,

Нұрын бойдан өшіріп.

Кәпір менен мұсылман,

Ғылыммен анық байқалған.

Ауызымен нұрын Алланың,

Өшірген кәпір аталған.

Шошқа туса сөздері,

Болсада мейлі сәждесі.

Мұсылмандық адамдық,

Үш қасиеттен безгені.

Естіп көріп ойланбақ,

Жар нұрымен жалғанбақ.

Ділмен иман көбейткен,

Мұсылманнан мүмін аталмақ.

Кәпірлер шықты арадан,

Діл білімін жоғалтқан.

Теріс ойға байлап ақылды,

Сөздерін алып жат жұрттан.

Нанымын елдің ұрлаған,

Дін шариғат ұстанған.

Тәпсірге байлап ұғымды,

Жұпсыз жалғыз сөз алған.

Ісімен Құдай жоқ белгі,

Уахи, аян көргені.

Тілдеспейді, деп Алланы,

Таусылғандай айтар сөздері.

Күнәсі барша адамның,

Түсінбей сөздің салмағын.

Қалқанша безі жұқарған,

Теріске ойын алғасын.

Самбырлаған көп сөзшіл,

Өзгенің мінін тергішшіл.

Алысқа ұзап бармассың,

Өрісің тар өзімшіл.

Салпы ауызды шешендер,

Сөзден сезім өргендер.

Бір қуат жоқ өндірген,

Мәнді таппай бөскендер.

Ұлттың бағы өрісің,

Ой тарылтып көсілдің.

Кеуде ұрып, керіліп,

Байланып білімге  сенімің.

Мойындайды мұны кім,

Болама ғылымы үш тілің?

Ой тарылса ғылым жоқ,

Сыйы түспей Інжілдің.

Жақсыдан сөз қалған ба,

Жалғанған Шәкәрім, Абайға.

Ғылымға ойы тор болмай,

Сөз түзеу өнер заманға.

Ғалымның сөз даттамай,

Ұғымын сөз жұп, пар қылмай.

Алысқа ұзап бармассың,

Құдайдан жол-жоба алмай.

Кестелі сөз, келелі ой,

Жетілтер жете, сананы.

Үш байлығың ғылым ғой,

Меңгерген ердің данасы!

Дананың сөзі бір кәусар,

Шөлдесең шөлді басады.

Шабыт берер жүрекке,

Ой қозғап, ғылым қоспағы.

Әр сөзде болса зор салмақ,

Сонда тұр ұлтың бағдары.

Ғылымнан қуат, ой қоспақ,

Діл үні, елдің санасы.

Желдей ескен жеңіл сөз,

Ойсыздық құрған тұзағы.

Ұмытырып киесін,

Құдайдың сөзбен ұрмағы!

(Наурыз 2018 жыл)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *