«Келдім» деген гүл сыйлаппын

Бөлім: Ата-дәстүр өлеңдері №4 43

Нәзіктер неге гүлге құмар?

Гүл сыйласаң риза болар.

Ал мен де жас болғанмын,

Ырым дедім гүлдей солар.

Сыйламадым гүлді жарға,

Шебер болдым қызғантуға.

Бірде мұз боп салқындатсам,

Амал білдім қайта жандыруға.

Мен гүлді қастерледім,

Жұлмай оны иіскегенмін.

Қуаныштың гүлін сыйлауға,

Жасымнан сырын меңгергенмін.

Бір қуанттым, бір жылаттым,

Мұз боп қатса қайта уаттым.

Сағындырып жолға кетіп,

«Келді» деген гүл сыйлаппын.

Құдай өзі жыр сыйлапты,

Ғашықтық деген сый сынақты.

Қандағы құртын жақсын деген,

Намазы екен сын сипатты.

Енді жарым кемпір болды,

Қызғаныштың шөбі солды.

Тоқал саған әперем деп,

Мені аяйтын досым болды.

(қаңтар 2014 жыл)

***  ***

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *