Қызғанса екен қатындар

Бөлім: Ата-дәстүр өлеңдері №4 74

Ой енеді болып уайым,

Қанға азық болар дайын.

Шабыт деген арманы ойдың,

Ұстай алсаң қан ғой дайын.

Қан тазарар қылып уайым,

Ақиреттен болса ойың.

Босқа жанар кейде қаның,

Дүние қызық болса уайым.

Алты түрлі қорқыныш бар,

Шайтан оймен түрткі салар.

Дүниенің соңына түсіңдер деп

Кедейлікпен қорқыныш салар.

Түрлі-түрлі ой салады,

Құдайға да қарсы қоя алады.

Дінші болсаң, сақал қойып,

Сотталасың деп айтады.

Ғашық болсаң қызғантады,

Кекшілдік деп саған жарасады.

Ол не істесе сен сондай,

Жауап бер деп азғырады.

Түрлі –түрлі дау айтады,

Білімге азған шоқынтады.

Аурумен де қорқытады,

Өсектен де қорқытады.

Жамандықты санатады,

Сұлу бол деп және айтады.

Көрсеткізіп бар сырыңды,

Жындарға сұқ қадатады.

Қарсы болып жақсылыққа,

Барма дейді тоқалдыққа.

Зұлымдық деп дәстүр ескі,

Жіпсіз байлар жалғыздыққа.

Мақсаты шайтан жанға ену,

Тозаққа да жанмен бірге келу.

Мұнсыз жарық бола алмайды,

Отын болып жана алмайды.

Адамзатқа қан ғой қару,

Шайтанды алып қанда жағу.

Мінезді мастық меңгеретін,

Сабырлық атты қуат алу.

Дәстүрі бұл қазақ салты,

Бос жүрмеген жесір атты.

Қызғантуға қатындарды,

Құдайдан үкім аят барды.

Қызғанса аңсап сағынады,

Көп уақыт жалғыз ол жатады.

Сағынып қосылса тар төсекте,

Қаны да тез тазарады.

Жалғыз қатын еркін болар,

Қаны да еркін суғарылар.

Жиі ішкен тамақ қорытылмай,

Ұрықтың майы ысырап болар.

Етеккірі тоқтап байлы қатын,

Ұрығын байын жиі алатын.

Дерттеніп қаны тазара алмай,

Семіздікке болды ұшырайтын.

Қызғанбаса қатын байын,

Шайтаны өспек лайым.

Қызғанса екен нәзіктер,

Төртеуі жабылып жалғыз байын.

(қаңтар 2014 жыл)

****  ****

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *