Көп рахмет бізден надандар!

Бөлім: Ата-дәстүр өлеңдері №4 80

Тағдыры таза арамнан,

Тегінен қазақ жаралған.

Құмар боп діннің ісіне

Шариғаттан білім, нәр алған.

 

Араптың тегі мықты деп,

Соңынан кеткен еліктеп.

Дәстүрін баба тастаған,

Ырым ғып жынды терістеп.

 

Іздемей дінін надан боп,

Өсіп ек білім алма деп.

Дәстүр мен салтын ата жол,

Меңгеріп шықтық адам боп.

 

Рахмет енді діншілдер,

Білімді өңкей күншілдер.

Қолдан беріп бізге жолыңды,

Бұйыртқан бізге сенсіңдер.

 

Философ, ғалым тектілер,

Білімге еңбек еттіңдер.

Дәстүрді атап, дін білмей,

Несібені осылай кестіңдер.

 

Шарау баққан кедейміз,

Білімді терең білмейміз.

Ата жолдан жол-жоба алап,

Масһабты да терең тергейміз.

 

Рахмет жалқау сендерге,

Бердіңдер жолды біздерге.

Сұхбатын дәстүр ала алмай,

Батаны берді біздерге.

 

Ел билеген даналар,

Өлең жазған ақындар.

Ата жолдан қаштыңдар,

Киені осылай тостыңдар.

 

Құдайдың өзі оқытып,

Уахи мен аян тоқытып.

Біздерге ғылым үйретті,

Кеткесін сендер шоқынып.

 

Рахмет мұндай қауымға,

Тажал да болған бауырға.

Қарғадай босқа мақтанып,

Жоғалтқан ұлттық арын да.

 

Атасын жолын соттаған,

Дәстүрін алмай тастаған.

Ел биікке көп рахмет,

Тарихта үлгі қалдырған.

 

Тектілер төре қожа аталған,

Кітабынан атасы бас тартқан.

Сендерге де енді көп рахмет,

Тура жолын баба құлатқан.

 

Елде көп құрған партия,

Құдайсыз, дінсіз «оппозиция».

Дінді де бұлар нығайтар,

Азабын берсе құдай жария.

 

Жамансыз жақсы бола ма?

Ақыл өсіп, ес тола ма?

Көт ашқан, арсыз, жаулықсыз,

Рахмет қатын, қыздарға!

 

Дәстүрдің қадірін арттырған,

Пайда көп мұндай арсыздан.

Қаны азып ұрпағы тозғын боп,

Дінге де болар үлгі қалдырған.

 

Жағдайын елдің жақсартқан,

Шет елден тәлім алдыртқан.

Өркениет елді құрмақ боп,

Мәңгілік ел жоба жасатқан.

 

Бұл да бір белгі тарихтан,

Арсыз, ұятсыз ел қылған.

Дәстүрінен елді бас тартқызған,

Әулиесін «басқа-шайтан» ататқан.

 

Құдайдың  хикметімен соғысқан,

Дінсіз билік құрғызған.

Атасын аруағын ұмытқан,

Рахмет саған Нұрсұлтан!

 

Құдайдың ісі сыналған,

Жоқтан бар, барлар жоғалған.

Мендей шопыр баласын,

Қожа ғып кітап жазғызған.

 

Тарихта талай сөз қалған,

Жаманнан жақсы туғызған.

Тәккаппарланған жақсыны,

Жүрегін жауып жын қылған.

 

Кешегі надан біздерді,

Ата жолын іздеп қуғызған.

Мың шүкір рахмет құдайға,

Тура жолын діннің құрғызған.

(наурыз 2014 жыл)

***  ***

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *