Өлімнен қашқан шайтандар

Бөлім: Ата-дәстүр өлеңдері №5 43

Normal 0 false false false RU X-NONE X-NONE /* Style Definitions */ table.MsoNormalTable {mso-style-name:"Обычная таблица"; mso-tstyle-rowband-size:0; mso-tstyle-colband-size:0; mso-style-noshow:yes; mso-style-priority:99; mso-style-qformat:yes; mso-style-parent:""; mso-padding-alt:0cm 5.4pt 0cm 5.4pt; mso-para-margin-top:0cm; mso-para-margin-right:0cm; mso-para-margin-bottom:10.0pt; mso-para-margin-left:0cm; line-height:115%; mso-pagination:widow-orphan; font-size:11.0pt; font-family:"Calibri","sans-serif"; mso-ascii-font-family:Calibri; mso-ascii-theme-font:minor-latin; mso-fareast-font-family:"Times New Roman"; mso-fareast-theme-font:minor-fareast; mso-hansi-font-family:Calibri; mso-hansi-theme-font:minor-latin;}

Өлім ажал емес қой,

Ұқсасы тек көмес қой.

Өлім ұйқы оянсаң,

Жаның ол келген сапардан.

 

Шайтаның көп қаныңда,

Серігі болған жаныңа.

Жаныңды шайтан азғырып,

Өлімді  балап ажалға.

 

Атынан өлім шошынсаң,

Ұстадың шайтан қолынан.

Түсіңді түлкі боғы деп,

Жоруын мүлде ұмытсаң.

 

Кітабын өмір тастатқан,

Білімің бұл масһабтан.

Шайтаның болдың жамағат,

Бес парыз оқып намазхан.

 

Дін ісін тура жол қылып,

Құдайдың ісі ұмытылып.

Жол-жоба өліп көре алмай,

Жаның тұр тұтқын тосылып.

 

Рух деген сөзді жан деген,

Тажалдық болды дін білген.

Иманды іздеп жалғанбай,

Сенімен ажал іздеген.

 

Санаған дінді надандар,

Бір мешіт бір дін болар.

Көбейген енді дін саны

Тажалдық деген бұл болар.

 

Жалаңбас арсыз шайтандық,

Өлмеуге бұл қарсылық.

Тазармас сезім, ой сасып,

Кітабын алмай ми ашып.

 

Серігі деп құдайдың,

Масһабтан иман сұрайсың.

Мешітің-дін, имам — құдай деп,

Ел билік тәңір қолдайтын.

 

Жер тәңірісі болмақ тажалдар,

Пәнші, дінші, шайтандар.

Ашылып ақирет кітабың,

Лағнетіне аруақ қалмаңдар!

 

Қорқытсаң кейбір пендені,

Аят пен хадис, көргенді.

Қарғадың дейді шайтандар

Өлімсіз өмір сүрмекші.

 

Өлмесе күнәң өртеніп,

Жаның тұрмас жиреніп.

Қорықсаң жеңіл өлімнен,

Күнәнің құлы кереңдік.

 

Тазармай малың хайуансың,

Сыртың жылтыр адамсың.

Ішіңде жәндік, құрттаған

Ақылды ессіз тажалсың!

(наурыз 2014 жыл)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *