Өлімен тірі тең болмас!

Бөлім: Ата дәстүр өлеңдері №8 141

От пен су қосылмас,

Жаман жақсы бір тұрмас.

Арасында дау болып,

Сөзбен жел боп қозғалмақ.

Жаралыс басы қозғалыс,

Қозғалысқа керек қолқабыс.

Қуатқа қуат қосатын,

Атымен адам жалғаныс.

Рұқтан қуат алғалық,

Жынымен пенде қозғалып.

Жан өсірер тәніңді,

Ризығына түрлі жалғанып.

Жанды жолдан қоспалық,

Жардан сый алғандық.

Нәсілін көмес ұлықтап,

«Ов», «Ева».. деп атадық.

Жынымыз атың болғандық,

Ақылға талап қойғандық.

Алланың сыйы қазаққа,

Әлемге тұрмақ жалғанып.

Жындарды деген тыңдалық,

Көбейтіп тобын ат алып.

«Соболев» «Соболь» бандасы,

Орыстан әдет алғандық.

Айгүл Қоқай аталып,

Қазбек Иса мақтандық.

«Қоқай», «Иса» бандасы,

Атасын жынға жалғарлық.

Қазақтық деп мақтандық,

Құдайға қарсы болғандық.

Жындылыққа бас беріп,

Қазығың ақыл байларлық.

Ата, әкесін банда ғып,

Тіркеп алған надандық.

Есім болмас екі атың,

Бес күндікке жалғанып.

Өліммен тең аталып,

Қазақтан шықты жаңалық.

Атаның ұлы, қызы боп,

Адамнан басты тартарлық.

Хайуанға құмар ұқсарлық,

Көкбөрі Жұмаш аталып.

Мысықгүл мен Итбайлар,

Негізде артық адамдық.

Жазушы, ақын аталып,

Әкім, заңгер мастанып.

Қазақтың тегі осы деп,

Шерігің болды қосарлық!

Қаныңның тегі азарлық,

Ұрпағың болар тозарлық.

Раббыдан келген аятты,

Қылғаның мазақ надандық!

Жетесіз қазақ тыңдарлық,

Мастығын тежеп ұғарлық.

Тарихта бұл бір нәубет,

Біліммен жынды қосарлық!

Арланып бас тартарлық,

Аз ғана болар адамдық.

Сана түгіл жетесіз,

Нәсілің номад азғандық!

(Қаңтар 2017 жыл)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *