Оян қазақ, жан пида!

Бөлім: Ата дәстүр өлеңдері №8 163

Ел басына күн туды,

Қиямет сыны қарсыға.

Халқың қалды алданып,

Дүние мен арсыз салтыңа.

Күніңді екі тартып ап,

Ел билеттің жансызға.

Ақ жаулық қуат жоғалып,

Нәпсімен жатқа сатылса.

Жәндік болған нәзіктер,

Қытаймен құштар жатуға.

Қыз қатын қыршынынан,

Қиылар күн тұр басыңда.

Күн санап кіріп келесің,

Белшеден қарыз батуға.

Өз жеріңде өгей боп,

Қарауыл қойды артыңа.

Ойын-сауық, қызықпен

Жас ұрпақ азып сасуда.

Өз тіліңе мейірді,

Үш тілмен байлап азуға,

Опасыз болды ел билік,

Ар,ұят иман сатуда.

Дін дәстүріңді ұстатпай,

Қасқырға беріп бағуға.

Оянып атқа қонбасаң,

Көріңді билік қазуда.

Көшеге шық деп арандап,

Араға бүлік салуда.

Туыстығың бір қазақ,

Ажыртуға заң шықса.

Әбжыландай ел билік,

Дін, діліңді жұтуда.

Құдайдан сауға сұрамай,

Болмайды енді жатуға.

Бір Аллаға сыйынып,

Басына әулие жиынып.

Құран оқып қол жайып,

Әлеукенің таңында.

Құрбандық мал шалып

Иман сұрап халқыңа!

Алжыған ел билікті,

Жазаға Құдай тартуға!

Ақжаулықтың киесін,

Түсір  деп қайта қалпына!

Ар, ұят бер қыз, қатынға

Көнбегенін қырқуға!

Арамнан елді аластап,

Бере гөр деп жан сауға

Бөрікті бар ма еркектер,

Құдаймен сауда ашуға?!

(Қаңтар 2016 жыл)

****  ****

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *