Өзіңді қазақ бағала  

Бөлім: Ата дәстүрі өлеңдері №7 46

Қайғырма қазақ бағаға,

Қияметке мұны санама.

Басың, жаның аманда,

Шығысына дүние қарама.

Кімге пайда, сор болар,

Доллармен құнды бағалар.

Ар намысты қазаққа,

Теңгенің құны зор болар.

Теңгеңнің құнын жоғалтар,

Дүниеге өзге шоқынтар.

Өзінде барды менсінбей,

Дүние боқ арсыз қуғандар.

Шаруаға доллар қажет пе?

Теңгесі артық қажетке.

Намысты елде қазақ көп

Сатпайтын өзін керекке.

Өзіңді қазақ бағала,

Өндір, өсір, жер аз ба?

Қолыңда бармен көмек бер,

Ауылда жүрген шаруаға.

Дүкеннен азық таңдасаң,

Өзгенің өнімін алмасаң.

Еліңе болсын бар пайдаң,

Өзіңнен тұтын сол пайдаң.

Кәсіпкер жүрсе пайдада,

Еліне қызмет қылмай ма?

Ар намыс болса әркімде,

Долларың қалар далада.

(Тамыз 2015 жыл)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *