Жетесіздік салдары

Бөлім: Ата дәстүрі өлеңдері №7 69

Әлемді жаратқанды ғылымменен,

Ғылымның бар бейнесі шындық деген.

Шындықты шынға айналдырар Раббым өзі,

Хақиқатпен ақыл-ойдан бейнеленген.

Жаратылыс сөз бен ойдан түрлендірген,

Сөз құдірет тіл ой, біліммен жүйеленген.

Алты ақыл, жеті ойды меңгеретін,

Тура жол даналықпен дін меңгерген.

Ақылдың даналығын жете деген,

Жетесізге жеті айтса да түсінбеген.

Иман қуат таза ақыл Раббтың нұрын,

Білімді көп жетелігін меңгермеген.

Сөз ғылымы әр ұлтқа ділмен берген,

Таңба ыдыс, ұлттың үн, сөзі көркемдеген.

Мағжан ақын; «Есіл сөзім босқа кетсе,

Обалын жаулықсыздан ізде» деген.

Абай дана ескертіп зарлап өткен,

Заманы келді сөзінен қазақ ұғым кеткен.

Өзінде бар ұғымды тастап артқа,

Дінші, тілші жетесіздік ұрық сепкен.

«Ықтипат, кәпәрат, аллахым»..деп пітнә сепкен,

Көркем сөзден ұлт ағашын кесіп жүрген,

Аруағын қол, ғұмырын мазаққа алып,

Ақылын ұлттың байлап діл өлтірген.

Қожасына құл бағынбас заман келген,

Тәнге жанды қожа қылмас сөз бүлдірген.

Сенім мен иманды бір атайды,

Жетесіздер — дінші ғалым, ел билеген.

Жетесіздік аян, түсті меңгермеген,

Шариғатты жол атап, исламды түсінбеген.

Ата заңын салт-дәстүрден бөліп алып,

Әдеттің, ар, ұяттың ғұрпын ескермеген.

Алланың барлығын «Өзі» деген,

Адам болмақ, адамзатқа сыны берген.

Ғылымы мен кереметіне бейне берсе,

Алланың өзі де рас, сөзі де рас; «Өзі» екен.

Атаның  баласы боп, сенім білген,

Жындылықты тектілік деп өзеуреген.

Жетесіздер ақыл айтып ел билеген,

Саналы тұлғасыз ел, жынды деген.

Жынды көп өнер ісін, білім білген,

Әлемнің бар қылығын салт қып жүрген.

Екі есті ақын, ғалым тілші, философтар,

Ой түземей, бой түзеуді дәстүр деген.

Өнерлісін данышпандай «жұлдыз» көрген,

Ақсақал мен үлкендіктен үлгі өшкен.

Заңменен хайуандайын елді бақпақ,

Сингапурдай жетесіз елге ұқсай білсең.

Алланың «Өзі» ділің бейнеленген,

Тегін ұлттың ана тілмен сақтай білген.

Көк құрақ жас балалар көктей солған,

Тажалдар үш тілді зорлап білім берген.

Жетелі жан жеті жаннан хабар білген,

Бесеуі ұятпенен өсіп-өнген.

Ұятсыздық тұрғанда ақыл өнбес,

Мұны ұғатын жете жоқ ел билеушіден.

Сана мен ар сауытын тоқи білген,

Көркем сөзбен, әдебін, дінін білген.

Бір есті тұлғалықтан үлгісі жоқ,

Ар, ұятсыз дәстүр жоғын кім түсінген?

Ақылдың аяғы жүрек, басы баста екен,

Бас тазартпай төрт жыннан жете өлген

Білімді ақыл қылып ой жориды,

Бүгінгі «ақсақалдар» жынды өңшең.

Мәңгілік ел болмақ білім, өнерімен,

Ар білімін меңгермей надан деген.

Баста бөрік, сауыты жоқ, санасыздық,

Бас ауырмай, жүректе иман өлген.

Сана түгіл жете жоқ жынды елден,

Сасық тұман, арсыз қылық қуат өнген.

Ақырзаман оқиғасына себеп болар,

Тазартпақ отпен, сумен ажал, өлімменен.

Адал еңбек, ақ жүрек, арлы ақылмен,

Ата-бабаң әулие болып жұлдыз енген.

Алланың орынбасары «біздер» болып,

Тегің бас, көктен түсіп, жерден өнген!

Жеті кие жер мен көктен ақыл берген,

Жеті атаңмен жалғансаң жете деген.

Жеті аян тағдырыңа аруақ болып,

Жалғанбаған жетесіздер, ессіз деген.

(Қыркүйек 2015 жыл)

****   ****

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *