Қай заман?  

Бөлім: Ата дәстүр өлеңдері №8 68

Мына заман бай заман,
Жалғандыққа жай заман.
Ақымақтың туып күндері,
Ақылдыға болды тар заман.

Нәпсіге құл қыз заман,
Мақтанға болған құл заман.
Тағдырын ұлттың білімен,
Надандар шықты болжаған.

Ақылсыз- білім кер заман,
Ой жорыған заң жазған
Іздесең ақыл қудалап,
Ел билеген көп надан.

Айла мен күшке бай заман,
Сауықшыл, күлкі той заман.
Қадырі бастың жоғалып,
Ар,ұятың дәстүр жоғалған.

Діншілер шықты жынданған,
Періште болып «мен аман».
Өз-өзін жүр мазақ қып,
Болғандай жынсыз жаралған.

Дін ісін тура жол қылған,
Құдайдың ісін алмаған.
Ханафи болды құдайы,
Ортағы болып Алладан.

Наданға болды зор заман,
Біліміне ел мас болған.
Сана түгіл жете жоқ,
Философ, ғалым аталған.

Ар, ынсапсыз бұл заман,
Жындылықпен дос болған.
Қиямет сағат соқанмен,
Белгісін құдай жоқ алған.

Ойласаң, бұл қай заман,
Естіге болды тар заман.
Суық ми, ақыл аздырған,
Тірі өлік қыздар сасыған.

Еркек шора, шаш қиған,
Жын-пері болып шаш жайған.
Қанда қуат берер жоқ,
Санасы ердің жала алған.

Құйрықта май жанбаған,
Мал қуаты болған хайуанан.
Өсірмей аруақ қолынан,
Тегі азды бүгін ұлтыңнан.

Дінсіз тілді қорлаған,
Сөзді алдық деп араптан.
Аллаға ортақ қосқаннан,
Қазаққа келді зар заман!

Дінші қорқып өз жынынан,
Халықты алдап қашырған.
Жын соқты болып талайлар,
Иманнан тағдыр айрылған.

Сөз ұғымын алмаған,
Ақылмен ісі болмаған.
Жетесіздік бұл заман
Тегін қазақ аздырған.
(наурыз 2015 жыл)

****  **

2-бөлім

Дәстүр ісін той қылған,

Наурызда ғана еске алған.

Жын-шайтан деген осы ғой,

Естілік ақыл жоғалған.

Партия «тәңір» ойлансаң,

Заң шығарып ел баққан.

Ата заң жоқ қазақта,

Нанымың жоқ аруақтан.

Ел басшысы ұраннан,

Құтқарушы «нұр отан».

Ел бірлігін сақтайтын,

Қияметтік азаптан.

Көз ашпай халық мақтаннан,

Дүние ісін нұрлы атаған.

Шаққырып құдай лағнетін,

Қияметің жауын, бораннан.

Сәулесімен, дейді жалғанған,

Мүлкіне Алла аспаннан.

«Жұлдыздар» көп бүгінде,

Үлгісі деген ұжданнан.

Ұждансыз «зиялы» жын болған,

Ұрпағына ібіліс айналған.

Ғылым деп білім меңгеріп,

Үш тілді қазақ ұлт қылған.

Жан өнбей жастар жынданған,

Көбеймес нәсіл, діл азған.

Меңгеріп рұқ, жан көбейтпей,

Ғылымсыз пенде хайуаннан.

Ұжданмен көкке жалғанған,

Басшы жоқ елде жоба алған.

Тағдырын елдің көре алмай,

Ой жорып ұлтты аздырған.

Ұждансыз басшы ел басқарған,

Дүниені біліп, мал тапқан.

Сөз айтып, ойдан хабарсыз,

Асыл сөзін ұрлап құдайдан.

Хабарын құдай тыңдасаң,

Ескерту түрлі азаптан.

Партиямен, билік құтқармас,

Ата-жол, дәстүр қолға алсаң!

Аз ғана кісі оянған,

Қазақта бүгін нұр алған.

Бастайтын елді кез келді,

Ақ туын ұстап Айша анадан!

Қазақ боп текті қашаннан,

Аруақтан қолдау бата алған!

Құдайсыз қурай сынбас деп,

Ұждансыз хандық құрмаған.

(Наурыз 2016 жыл)

***  ***

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *