Ақыл жастан, жас-ұжданнан  

Бөлім: Ата дәстүр өлеңдері №8 62

Ақсақалы бар ауыл азбайды,

Ұққаны бар ма дана Абайды.

Ұжданды болса үлкендер,

Қуатын рұқтан жалғайды.

Жүректен жүрек нәр алған,

Аталық текті қариядан.

Кемпірі-әже, қожа сол,

Бір жүрек онға жалғанған.

Шал еті-малы ағарған,

Етті –гүл, кемпір сарғайған.

Теріден- жас, дене зейнеті,

Ақсақал қожа аталған!

***  ***

Ойпаттан — гауһар нұр алсаң,

Ғылымың келер тау, тастан.

Жарық- тек, көркем сөз болған,

Тазарар жаның, зияраттасаң.

Тектімін деме, ұждансыз болсаң,

Ұжданмен көкті ата-анаң баққан.

Ғисадан мирас, иманмен алған,

Сәуегей, абыз, ақ бақсы болған.

Ұжданды білмес, имансыз надан,

Кітабын арыс жетеуін алған.

Ел басшы жоқ, Абайын ұққан,

Ұждан еді,  елге болған арман.

Кеудеге нұрын Раббыңнан алған,

Өсірген оймен жаныңнан бақшаң.

Пайғамбар өзі шапағат қылған,

Батасын беріп, кәусарын ашқан.

Мәңгілік жаның ұжданың болған,

Қайтадан туып, жеріңді басқан.

Жолына көктің ұжданмен барған,

Иманды болмас, жұлдызсыз адам.

Ұжданды текті төрелік құрған,

Ел едік, мәңгі  ар, ұят баққан.

Ғылымсыз білім шет елден алған,

Ел басшы кім, табынса оған?

Ендігі асыл қойынға алған,

Білімің қуат, тас толы қалтаң.

Білгіштер-қырт дүниемен мақтан,

Партияшыл мастар тасымен атқан.

***  ****

Ұждансыз ғылым қонбайды,

Ақталмай аманат толмайды.

Ақ сүті — ана тіл ділің,

Ұжданға ғылым жалғайды.

Ұждансыз ойды ұрлайды,

Ақылсыз білім барлайды.

Ғылым- деп, үш тіл меңгеру,

Ібіліс ойын қолдайды.

Жеткіншек ұрпақ сорлайды,

Алты жан көктей алмайды.

Тектілік болмай қауымда,

Белсіздік дерті жайлайды.

Түбінде билік оңбайды,

Назасына аруақ қалғайды.

Лағнетін құдай шақырып,

Тозаққа өз тегін байлайды.

(23-наурыз 2016 жыл)

***  ***

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *