Қайыршылық….

Бөлім: Ата дәстүр өлеңдері №8 0

 Кемістік тәнде болса болар қайғы,

Еңбекке жарамайтын нан сұрайды.

Қайыршы көп бүгінде сұрап жүрген,

Сұрамшақпен иманды ғана ауырмайды.

Еңбексіз дүние жинау болды жайлы,

Пара сұрау шаруаға болды қайғы.

Қайыр жасап байыған ел үстінен,

Атақ, шенді сатуға мал сұрайды.

Діншінің әдеті бар қол жинайды,

Тура жолы бізде ғана деп ойлайды.

Дін ісі мен Құдай ісін ажыртпас,

Тәпсір біліммен танымас Бір Құдайды.

Тау, тас, аң, құс ағаштар сәжде жасайды,

Аяты бар құранда неге ұқпайды?

Рұқ пен жан бар жерде діні де бер,

Бес парызбен шектеліп дін болмайды!

Тарихатшы сопымыз деп атайды,

Исламның бірлігінде шек болмайды.

Бір пендесін Алланың жалғыз досы,

Дәнекер-пірі деп арада қол сұрайды.

Жындылықтың түрі көп осындайды,

Біз деген Алла үкімін мансұқтайды.

Тура жолды көрсетіп несібеңді,

Біз береміз дегенді жынды ұқпайды.

Біз әулиелер Алланың досы атайды,

Жандары аспанда жұлдыз жарқырайды.

Биіктікті меңгерген пірлерің ғой,

Тірі емес деп Бір-Бізді кім атайды?

***  ****

Қайыршы көп бүгінде қол сұрайды,

Масһабшы боп жындылыққа топ жинайды.

Менен сұра, тура жолға түсірем деп

Теңдес болмақ Құдайға көп сұмпайы.

Сейттің ұрпағы екен Бақтыбайы,

Ішің боқ, тазарт десең жақтырмайды.

Ішіндегі жынымен ілім іздеп,

Білімсіз ілім қалай мас қылмайды?

Жұрттың бәрін мезі ғып сөз анайы,

Құранның аяттарын тықпалайды.

Санынан хабары жоқ санасызға,

Кім еріп соңына жол сұрайды?

Елшімін деп жар салып бай-байлайды,

Қолыңды маған бер деп сұрайды?

Өз тағдырын түзеудің сырын білмей,

Мас пенде мен қайыршы тегі ұқсайды.

Масһабшы, тарихатшыдан айнымайды,

Ел билікпен жындары бір жақындайды.

Менен артық білімді болмас деген

Кітап артқан есек көп, құт тұрмайды.

Діншілер қол, билеріміз пұл сұрайды

Ел басымыз әлемге қолын жайды.

Сұрамшақтық дерттері елге жұғып,

Ар, ұятсыз мәңгілік ел болмайды.

(Наурыз 2017 жыл)

***  ****

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.