Наурыз елдің құт басы берекеті

Бөлім: Ата дәстүр өлеңдері №8 42

Кең болса қазақтың керегесі,

Ата дәстүр салтымен берекеті.

Биіктігі ерлерінің рұқ болып,

Қанаты кеңге жаяр әйелдер өнегесі.

Ар, ұят, ұжданмен елдің керегесі,

Қыз, қатындар болса екен ел киесі.

Бұл наурыз адамдыққа есік ашып,

Көгерсін халқымыздың көсегесі!

Ел биліктің тазарсын жете, есі

Екі жүзді саясаттан шығып көші.

Екі күнін қазақтың қайта беріп,

Ата заңмен қайта оралсын берекеті!

(Наурыз 2017 жыл)

****  ****

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *