Қарызыңды өте, аруағың,

Тылсымнан саған қарайды.

Адалдық болар парызың,

Құранның үнін шығарып,

Рұқына сәлем жолдауың.

Дәніне суды құйғандай,

Өсіріп  иман сабағын.

Жеті сабақпен бой нәрін

Көбейтіп дәнін бидайдың,

Жүзімен Алла жинауың.

Құдайдан жоба алғаның,

Өліден қуат жалғауың.

Үздіксіз демеу аларсың.

Қатайып бекір жондарың.

Қанат бітіп бойыңа,

Қалықтап самғап ұшарсың.

Құс жолына жалғанып,

Шындықтан хабар аларсың.

Шындықпен иман келтіріп,

Құдайдан жарылқау табарсың,

Аруаққа қуат қосқаның.

Шерік, деп кекіп сөз айтып,

Оңбасың пенде оңбассың!

Біздерге әскер жалғанбай,

Әлемге  қуат қоса алмай

Кекжиіп қарсылық танытсаң

Қолдаудан жұрдай боларсың.

Батасын аруақ алмасаң,

Тағырдан ажырап қаларсың.

Тамыры солған томардай,

Кесіліп отын боларсың.

Ұрпаққа берер қуатың,

Әкеден суат болатын.

Қыз өріс еккен егінің,

Бақшасы ұлттың болатын.

Ұлыңмен текті жалғауың,

Жүктерін қарсылық жеті ата,

Ақтаумен болар алмағың.

Заманға жоба алмағың,

Алланың жібін жалғауың.

Жеті ата қауым тазармай,

Күзетсіз, әруақсыз қаласың.

Балаңа қосар түгің жоқ,

Еріксіз шерікке қосасың.

Алыста-беріс қарыздың,

Айналым жүйесін бұзасың.

Күйік шалған жүзіңді,

Қара бет нәсіл ұқсассың.

Күнәкәр пенде тегің жоқ,

Шіріген жұмыртқа боларсың.

Лағнет атқан бәтшағар,

Терісін алған құранның,

Қара жындар тобын құрасың!

(Маусым айы 2018 жыл)

**** ****

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *