Шамшырағы әулеттің

Бөлім: Ата дәстүр өлеңдері-9; Зікір 48

Қызын сыйлап аялап,

Алқанға салған қазақ.

Жан ашырып, тілекшім деп,

Сый құрметпен баққан қазақ.

Қызды 40 үйден тыйым салып,

Жан ғылымын білген қазақ.

Ырыс, бақ  берекенің,

Кілті қызда, деген қазақ.

Жаман әдет жұқпасын деп,

Қалқан, қорған салған қазақ.

Өнер-асың, шеберлік-қасиетің,

Діл қуатын өсіретін

Қол өнерін- құтың деген қазақ.

Тал бесігін таза ұстап,

Тақырлықтан ада болған қазақ.

Тектілігін теріге басып,

Киіммен сақтай білген қазақ.

Гүлге теңеп аялаған,

Жапырағы шайқалған жеміс ағашындай,

Бау-бақшам, деп саялаған.

Нашар мінез дің бүлдіріп,

Құрт түсірмей тегін қорғай алған.

Қызы қазақ әр әулеттің жарығы боп,,

Әке рұқын өрісін жая алған,

Әлемнің жарығын өсірген еді қазақ.

Шамың сөніп, май таба алмай,

Қараңғыдан жол таба алмай

Соқыр, саңырау, сөзінде дау,

Өзіңді-өзің жойып жатсың қазақ!

(Маусым 2018 жыл)

****  ***

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *