Сөз түземей бой түзегендер…

Бөлім: Ата дәстүр өлеңдері №8 1

Семіздікті қой көтер деген қазақ,

Кейбіреудің алты ауызы болған араз.

Ата жолы дәстүрін меңгере алмай,

Қой орнына ит бағады болып мазақ.

Дін меңгерсе ұқсасы болмақ арап,

Нәсілін жүктелген көп салтын қалап.

Аталы сөз ұғымын меңгере алмай,

Ақыл еркін жындылық топқа жалғап.

Аталы сөз астарын ділден қуат,

Ақында жоқ діншіде қайдан болмақ?

Іріген ауыздан шықса шірген сөз,

Ит жоқта шошқа үрер деген қазақ!

Ақыл толмай иманды деп аталамақ,

Рұқпен жанды бір қуат деген болмақ.

Иман мен сенім өлшемін таба алмаған,

Ата жолын, дәстүрін қылған мазақ.

Бастықтар көп отырған бұған қарап,

Надандыққа қол беруге тұрған жарап.

Қияметтің дегенді біліммен белгілері,

Тажал болып келеді дүние санап!

(қараша 2016 жыл)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.