Үлкендіктің қадірі құранменен

Бөлім: Ата дәстүр өлеңдері №8 42

Тектілігі қазақтың беріктігі аманатқа,

Серті мен уәдесі құраннан кітабында.

Ақыл алты, ой жетіде деп өлшемін,

Жалғанған ғылыммен даналыққа.

Пайғамбар өсиеті бос бола ма?

Мастық тән, әйел мен жас балаға,

Бес күндік жалғандықты меңгермесе,

Ақыл толмас еркекке қырқында да.

Қырық қожа әр жылды толтырғанда,

Қырқа асырып, ес кірер азаматқа.

Тоғыз төре төбеден келтіруге,

Тоғыз жолға жалғанбақ есті адамға.

Құпия сыры сөздің  астарында,

Өлеңді арнағанмын ақындарға.

Сөз атасын ұстаған ақсақалдар,

Өз қадірін үлкендіктің артырарға.

Қарсы болған әйелдер, жастары да,

Ақыл жетпей жанды сөздің астарына.

Әйел мен жігіттерге ұғымсыз боп,

Сөзде емес, кінә өзінің мастығында!

Уәзінмен сөз жазатын ақын бара ма?

Сөз асылы сақталмай астарында.

Қоштаса алмай жігітікпен үлкендері,

Қазақтың тектілігі жақсара ма?

Хандық салт, тәжсіз төре болмағанда,

Сана түгіл, жете тұрмас жалаңбаста.

Суық ми, сасық ойлы үлкендерге,

Ақсақалдық сөз атасы тек қона ма?

Ел басшылық оңай болды жас балаға,

Жете, сана екі күнің жоғалғанда,

Қатын қалай еркектермен тең болмасты,

Үлкендер жігіттікпен дос болғанда.

Білімді арқалаған бүгін таңда,

Есектей есеп білмес, жүк артқанда.

Ар-ұят, ғылымменен ақыл алмай,

Ұрлатқан елдің ділін шайтандарға.

Көлеңкесін бейнелетіп түрлі аңға,

Ақыл еркі айналып хайуандыққа.

Жындылық сөз айтады барша қазақ,

Сөз атасын меңгермей қожа бар ма?

Қал ғылымын «тура жол» қылғанда

Тәпсір білген ғалым боп аталғанда.

Тарихатпен, мағрипатты меңгере алмай,

Ақиқатсыз тура жолға жалғанама?

Хал ғылымын меңгермей жол бола ма,

Пайғамбарлық қасиетсіз дін тура ма?

Қырық жеті белгісін түгендемей,

Шапағат рахметінсіз ес тұра ма?

Досынсыз Алла көкке саты жалғана ма,

Қадірі Алланың доссыз есте сақтала ма?

Жерден тесік, көкке саты іздемейтін,

Масһабпен барша дінге бас бола ма?

Діннен қашқан қадірі бүгін таңда,

Дін ғылымын меңгеріп жас бала да.

Қатын қыздар тәпсірмен ақылды боп,

Құранның құн жоғалды бұл заманда.

Сеніммен иман қуат бір бола ма?

Өліге сенім сұрау есті жанға.

Өлген пенде ақиретте сенімсіз деп,

Тірінің сенімі өлімен тең бола ма?

Жан мен рұқты бір деген дінші оңа ма?

Рұқтан жын бейнеленер шындығында.

Шайтаның қол тимей кісі болған,

Ғисадай пенде иманды жарала ма?

Сөз ұғымын қорғамай дін бола ма?

Ділден қуат алмаған ұғынарға.

Нұрлы жол, мәңгілік ел дінің болды,

Құдайсыз қурай сынып, жел тұра ма?

Құраннан кітап алмай тек оңа ма,

Үлкендіктің қадірін бағалауға?

Өзін-өзін төмендеткен үлкендерің,

Сөз түзелмей, ел түзеуге тұра ала ма?

(Қараша айы 2016 жыл)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *