СҰРСАҢ БҰЛ ҚАЙ ЗАМАН  

Бөлім: Ата-дәстүр өлеңдері №6 53

Себебін таппай үлкендер,

Ақылсыз болған тар заман.

Құр білімге жүгініп,

Құдайсыз, дінсіз азды адам.

Ардан сұрау болмаған,

Дүние байлық ойлаған,

Ессіздік, мастық жаулаған.

Дәстүр-салтын алмаған,

Үлкендер тақуа болмаған,

Иманнан қуат алмаған.

Ата жолын тастаған,

Төрт ақылын түгелдеп,

Естілігі болмаған.

Алты ақылдан хабарсыз,

Жетіні алмай жетесіз

Ой жорумен болжаған.

Басты жауып күте алмай,

Терісі қалың малданған.

Тәннен сезім тазармай

Етексіз жардан нәр алмай

Санадан сұрау қалмаған.

Ақ жаулық байлық болмаған,

Қолынан қатын жала алған.

Еркектен қуат ұрланған,

Көңілі шайтан қатыннан,

Қанына алған жалғаннан

Қатыннан жыныс у алған.

Ақылын ердің аздырған,

Жалаңаш арсыз салтынан

Балтырдан бал алмаған.

Белдері ердің тазармай,

Қатынға қуат бармаған.

Уланып ұрық арамнан

Жатырда жарық қалмаған.

Ойдан қуат қалмаған

Жынды судан тазармай

Милары азып ашыған.

Ұяттан сұрау болмаған,

Қызыңда ар болмаған,

Бойсыз жынмен жалғанған.

Жыланға, жәндік айналған.

Байға берсең қызыңды,

Ошақта оты жанбаған

Беретін жарға ас болмай,

Отаулар көп құлаған.

Үлкенде ес қалған

Біліммен құр мақтанған,

Жоспар жасап халықты,

Мәңгілік ел болмаққа

Дүниемен мәз ғып алдаған.

Отанның күні ұрланған,

Масһабты тура жол қылған.

Ата заңмен атасын

Ата жолын соттаған.

Қарсы тұрмақ құдайға,

Күнде жиын заң жазған.

Дінсіз надан басқарған,

Шақырған елді тозаққа

Қиямет күні бұл заман!

(қыркүйек 2014 жыл)

****   ****

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *