СЕРІК ҚОСУ МЕН ОРТАҚ ҚОСУ ТУРАЛЫ

Бөлім: Ойға түрткі ақылға дем 72

Серіксіз жаратылыс жоқ. Иман — серік адамзатқа. Өзіне иманды қосу амалының қандайы да болса Құдайға қарсылық жала болмайды. Алланың үкімдерінің, аяттарының, хикметтерінің ортағы жоқ. Адамзаттың бүгінгі білімді заманда Әлемді тағы да бір екінші Алла қосылып жаратты деп немесе көп құдай бар деп серік қосуы мүлде мүмкін емес.  Себебі пайғамбарымыз; «Алланың атымен айтылғаныңнан басқа аттың бәрі-көп құдайға табынушылық» (627-хадис) деген өсиетімен  көп құдайға табыну үшін ислам дінінен шығып, құранды тастап қойғанда ғана мүмкін екенін ескертіпті. Ал олай болса, қандайда бір құлшылық ісінде мейлі тауға, тасқа, ағашқа тағзым жасап тәу етпес бұрын құран оқып, Алланы мадақтағаннан кейін, киелі орындарға құрметпен сәлем беруді ағашты, тау-тасты, әулие мазарын екінші  Құдай қылып алды деп халықты қарайлай үрейлендіріп қорқыту тажалдық болмақ. Пайғамбарымыз; «Қабір басына барып тұрыңдар, бұл сендерге болашақ өмірлерің туралы ескертеді» (467-хадис) деп зияраттау арқлы адам баласына тағдырына жақсылық жамандықтан хабар, аян алуды ескертсе; «Азаптың ажалымен шейт болып өлген адам, ақирет күні өз тегінен шыққан жетпіс адамға жәрдемдесу мүмкіндігін алады.» (999-хадис) деген өсиетпен біздің ашаршылықтан, аурудан өлген ата-аналармыздың өзі бастары ұжмаққа көтеріле салысымен ақиреттік күні, өмірі басталып жетпіс ұрпағына, туысына шапағат жәрдем бере алады да екен. Ал әулиелерді ерекше мұғжиза, хикмет берілумен Алланың досы деп атайды. Сондықтан құранда Алла достарына зияраттауды сәлем беру деп;  «Мұхаммед; «Барлық мақтау Аллаға лайық. Және сәлем Алланың таңдаулы құлдарына лайық. Алла жақсы ма? Немесе қосқан ортақтары жақсы ма?»,-деп сұра!» (27-59) Алланың жақсылығы өзінің достары арқылы көрінеді және мадақ айту, яғни құран оқу арқылы атқарылған құлшылықтың ортақ қосу болып табылмайтынын ашық ескертеді де. Енді масһабшылар қорқытатындай әулие бастарында құрбандық шалуға болмайтын болса, онда Мекке қаласында да құрбандық шалынбау керек болады. Ал құрбандық туралы пайғамбарымыз; «Ата-анасына тіл тигізген, сондай-ақ Алланы ауызға алмастан құрбандық шалған адам Алла тағаланың қарғысына ұшырасын»  (655-хадис) . Олай болса Алланың аты ауызға алынып құрбандық шалынудың да ешқандайда ортақ қосу амалы болмайтындығына пайғамбарымыз куәлік беріп кетіпті. Және «Бисмиллаһи Рахман, Рахим» деп басталған қандай да амалдың серік те, ортақ та қосылады дегендер шайтандар ғана. Қазақта Алланың атын ауызға алмай жалбарынатындар,  құрбан шалатындар немесе бір іс бастайтындар да болуы мүмкін емес. Сонымен бірге қазақ дәстүрлі дініндегі ата жолында бата алудың да маңыздылығын пайғамбарымыз; «Кімде-кім дүниеден қайтқан кісінің (аруақтың) батасын алғысы келсе, әкесінің достарымен қарым-қатынаста болсын» (768-хадис)  Бұл жерде бірге өмір сүрген құрбы жолдастарымен емес, пір тұтқан рухани жәрдем берген достарын әулие-әмбилермен рухани тұрғыда басына барып зияраттап қарым-қатынасқа түсу арқылы аруақтан бата алуды ескертіпті пайғамбарымыз. Сонда діншілердің серік қосу, ортақ қайғысы шайтандық сезіммен байланысты болғаны да сөзсіз және мұндайлар жоғарыдағы ашық аян-аяттарға қарсы болған шайтан жамағаттары болып саналады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *