Тектіліктің құпиясы  

Бөлім: Ата-дәстүр өлеңдері №6 46

Тегіңді қазақшала деген надан,

Білімің тек туралы азды адам.

Үш тегіңмен жалғандың есім алып,

Шеше алмай өтті өмірден талай данаң.

Орыстан овын алып жүрек жалғау,

Рухани бұл қасиетті қылдың арам.

Әкеңнің ұлы, қызы жындық қуат,

Мадақсыз бес күндікке ат боп қалды –ау.

Құпиясы тектіліктің әлемге ортақ,

Қазақта атау сөзбен болған мадақ.

Төбеден тоғыз төре еніп болмай,

Текті еркек ақталмайды рухы тозақ.

Қожалығың қырық үйден қырқа асып,

Қырымға қондыра алмай болдың мазақ.

Бұл сырды шешетін ойшыл болса,

Сол болар қожа, төре, нағыз қазақ!

(Шілде 2014 жыл)

***  ***

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *