Тектіліктің негіздері  

Бөлім: Ата-дәстүр өлеңдері №6 42

Тек — адамзат ағашы,

Бес күндік өмір бағасы.

Ібіліс болып жаралып,

«Кет»-пен болған еді наласы.

Жын мен шайтан аталған,

Нәпсінің тегі жаралған.

Қара мен қызыл негіз боп,

Ақталып бүтінге айналған.

Сезімдік қуат түрге енген,

Өсімдік жәндік өмірден.

Топырақтан сезім жаралып,

Шайтанмен қуат бірленген.

Екінші тегің жын болар,

Ағаштан жын тегі басталар.

Жаннатта өскен жемісі,

Қарағай шырша аталар.

Жалыны оттан қозғалыс,

Қозғалысқа керек қол қабыс.

Қаракеттік ақыл өнермен,

Меңгермек жынды жан табыс.

Сезімдік ақыл, қаракет,

Екі ақылға да екі бас керек.

Басың екеу болмаса,

Төрт ақыл қуат тұр бөлек.

Сезімдік қуат әйелден,

Қаракет қуат ерлерден.

Екі түрлі ақылды,

Некемен жыныс көбейткен.

Екі жарты бір бүтін

Екі бас текпен үштігің.

Үшеумен тегің адамдық,

Өмірлік жерде тынысың.

Төртеуді түгел некемен,

Көбейтіп және өсірген.

Тіршілік ұрпақ тәрбиесін,

Сынақпен құдай тексерген.

Төрт ақылын бірлеген,

Денсаулық байлық бұл деген.

Алтыны ер боп іздеген.

Алтауын іздеп табумен,

Досымен Алла жүздескен.

Он саулығың көкпенен,

Иман боп нұр төбеден.

Жүрекке еніп дәні өскен,

Жаннан жан жаңа жетілген.

Ақ жаулық байлық қуатың,

Аналардан келер жаннаттың.

Жалғанып жер анамен,

Үш тегің байлық суатың.

Рухтан екі ұлың бар,

Жаннан екі қызыңды ал.

Төрт балаңды ақыл өсірмек,

Етің — гүл, қан-шарап, терің бар.

Сүймек, күймек, құштар боп,

Сүйекке егер қуат көп.

Жас кезде тасқа жазатын,

Өмірден тәлім білім боп.

Жүз түрлі және етің бар,

Білімі еңбек құм болар.

Ет ауыртып еңбек қып,

Ақылдық қуат шыңдалар.

Түрлі қышқыл қаның бар,

Ақылдан қуат нәр алар.

Естілікпен жанға жазатын,

Нәтижесі боп діл болар.

Бес күнің жалған аталған,

Кеудемен аяқ жалғанған.

Баспен жүрек жалғанып,

Санамен жарық бой болған.

Екі теңге ақшаң бар,

Алты мен жеті саны бар.

Ақылың алты, ой жеті,

Он үшпен жарық бұл тегі.

Бес қуатты меңгермек,

Ақылмен оймен теңгермек

Он сегіз мың ғаламның,

Қозғалыс тегін өсірмек.

Жұп және пар боп жаралаған,

Жандының бәрі адамнан.

Алғашқы мүшел он үш боп,

Он екі мезгіл неге алған?

Жыл ішінде төрт мезгіл,

Төрт ақылдан нәр алған.

Адамзат азып ақылы,

Қияметтік мезгілге айналған.

Құдайлық бастау өзіңде,

Тәңірлік бастау тегіңде.

Қожасы болып қаласың

Ие боп жердің мүлкіне

Жалғасаң тәндік негізге

Ақыл-ой таза қуат тегіңе.

(Тамыз 2014 жыл)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *