Тура жолдың ерекшелігі.

Бөлім: Ақиқат бастауы кітабы №2 174

       Құран кәрім бойынша мұсылман діні үш ерекшелік жолға бөлініп соған байланысты аяттарды айырып түсіндірілген. Шариғат жолы, турарақ жол және тура жол. Барлығының ірге тасы шариғат жолы болып, қалғандары тек сол арқылы көктейді. Сондықтан аятта; «(Мұхаммед пайғамбар) сені шариғат ісіне қойдық, енді сонымен жүр. Білмегендердің ойына ілеспе. Өйткені олар сені Алладан еш қорғай алмайды. Шынында залымдар бір-бірінің досы. Сондай-ақ Алла тақуалардың досы». (Жасия-19)

      Шариғат  негізгі іс болып,  тақуа болып барып биіктерге жол ашылады. Аятта; «Кім Аллаға ақиқат күніне, періштелерге, кітаптарға, пайғамбарларға

иман келтірсе және жақындарына, жетімдерге, міскіндерге, жолда қалғандарға, қайыршыларға мал сарып қылса әрі намазды толық орындап зекет берсе, өзара байланысқан уәдесін орындаушы, таршылықта, қиыншылықта сабыр етуші болса, міне солар шыншылдар әрі солар тақуалар». (Бақара – 177)

«Осылайша сендерді орташа бір үммет қылдық. Адамдарға куә  болуларың, сондай-ақ пайғамбарлардың сендерге куә болуы үшін. Қарап тұрған қыбылаңды, теріс бағынатын біреулерден  пайғамбарға ілесетін кісілерді білуге істеген едік. Әрине бұл, Алла тура жолға салғандардан басқаға қиынырақ. Алла имандарыңды жоймайды. Күдіксіз Алла, адам баласына өте жұмсақ ерекше мейірімді.». (Бақара – 149) Тек арап халқына ғана орташа болып, діннің қазығы болып, әлемге ислам дінінің айқындаушы бағдар нысанасы болып тұруға міндеттеген. Қалған мұсылман елдеріне өз тілдік, нәсілдік сипатын сақтап, ізденіп, өз жолдарын яғни тура жолды табу жүктелген. Ғылым білімді меңгеріп, ол үшін тылсым құпияларына үңіліп, ат қою, ақирет заңдылықтарын анықтау құран сырларын меңгеру болып табылады. Содан барып қана астрономия, медицина, жаратылыстану, математика және астрология сияқты ғылым жүйелері тарайды. Ол үшін шариғат парыздарын орындап барып ойлау жүйелерін қалыпқа келтіріп, жан тербелістерін қалыпқа түсіру арқылы ғана қасиет көздері ашылады. Әр уақытта қасиетті дамытып толық меңгеру тек жамандықты жақсылық арқылы кетірумен іске асады. Сондай әрбір қарама-қарсылықтан шығарар жол тек Алланың жібін табу. Яғни өз тіліңде түс көру, тылсыммен тілдесу. Жер жүзіндегі қай дін болмасын тек өз ерекшелігі мен өз салтын,  дәстүрін сақтай отырып қана келесі ерекшелік жақсылық белгісін қабылдап сіңіре алады. Ол үшін міндетті түрде бастапқы қалпын табу керек. Сонда ғана жанның түрленуі болады. Сондықтан да әр ұлтқа елге жазылған сынақтарды «Тағдыр» деп атаймыз. Тек сынақтардан өтіп от пен судың шарпысуынан асыл тектер пайда болып, өркениетті даму болады. Бір тектілік тек қана жақсы тұрмыс соңына түсудің, соңы халықтың қырылуына, ауру, апат, соғысқа әкеліп тірейді.

     «Бәдеуилерден Алла жолында бергеніне зиян есебіне кісілер бар. Сендерге  жаман дәуірлер күтеді. Дәуірлердің жаманы өздеріне болсын. Алла толық естуші, анық білуші». (Тәубе -98) Ислам мемлекеттерінде болашақта өзара соғыстар, апаттар болып, жаман дәуірлер өздерінде болатыны ескертіледі. Қай мемлекеттерге соғыстың келуін, сол ұстанған жолдың қателігін адаса бастағанының белгісі деп қабылдау керек. Тек тура жолды тапқан ел мен орта жолдағы араптарда ғана бейбітшілік болуы тиіс.

«Біз жаратқан адамдардан туралыққа бастап, шындық арқылы әділетті атқаратын бір топ бар». (Ағраф – 181) Сол топқа кімдер жатады? Қандайда ерекшелік белгісі хикметпен (терең ілім) анықталуы тиіс.

«Күдіксіз Тауратты түсірдік, онда тура жол және нұр бар. Аллаға бой ұсынған пайғамбарлар, яһудилерге онымен үкім етер еді. Және Алланың кітабын қорғауға міндеттендірген сопылар мен  ғалымдар да, онымен үкім етер еді. Олар оған куәгер еді, Ендеше адамдардан қорықпаңдар да менен қорқыңдар және аяттарымды аз бір ақшаға сатпаңдар! Кім Алланың түсіргенімен үкім етпесе, міне солар қарсы болушылар» (Мәйда – 44)

       Кітаптарды түсіндіру тек сопы ғалымдарға жүктелген, басқа адамдарға аят құнын арзандатпаңдар деп ескерту беріп және тәпсірлермен үкім етуге тыйым салып, ондай ұстаздардан қарсы болушылар деп қорықпауды міндеттеген аятта. Сондықтан тура жол негізі ғылыммен сәйкестендіріліп Тәураттан «Монахтардан» бастау алады. Замандар өзгеруімен толықтырылып дамыту үшін әр тура жол елдеріне өз жол басшыларын мәлімдеп отырады жаратушымыз. Ондай жағдай ерекше хикмет белгісімен қарапайым ақылға сыймайтын белгілермен дін танушы қауымының қарсылық сынақтармен атқарылуға тиіс. «Расында ой шындыққа қарағанда түкке тұрмайды. Күдіксіз Алла, олардың істегендерін толық білуші». (Юныс – 36) Шындық тек ғылым арқылы немесе хикметтер (құпия білім) арқылы ғана белгілі болады. Және сол шындықты көрсете білген артында із қалдырған әр халықта елде жол басшылар болған. Тек кейін шәкірттердің  жорамал ойларымен бөлшектеніп отырған. Барлық қателік орта жол қағидасын бұзудан басталады немесе орта жолға қайтып барып  пайғамбар ізгі істерін орындай алмаудан (дәріптеу, зікір, ыхтифарларды орындамау) туындаған. Қазақ дін ұстанымы да осы ауруға шалдыққан. Әрбір топ тек бір белгіні ұстап алып өзара қырқысуға көшті. Електен өткізсе барлығы бір жолдың ғана амалдары екеніне ақыл әзір жетпей жатыр. Басты қателік ата-анаңды сыйла деген жаратушымыздың үкіміне қарсы келіп туысқан халықтардың шылауында кетіп, жетекке еріп, жүгенін ұстап, қосын түзеп жатырмыз. Намысы бар бауырларымыздың сонан болар мешіттен де басқаңнан да ат тонын ала қашып әйтеуір ізденіп жатыр немесе із кесіп жүр әлі.

«Расында Алла (т) мүміндерге қамқорлық етіп, олардың ішіне өздерінен  оларға  Алланың аятын оқитын, оларды тазартатын  және хикмет үйрететін Елші жіберді. Өйткені олар бұрын ашық адасуда еді». (Әли –Ғымыран -161)  Енді осы аяттың есебі бар. Тағы да орындалу мезгілі де үштен болу шарт. Бақара сүресі 286 аят болса осы аят мәнін қоссақ 447 болып, мұсылман күнтізбесімен 447 жылы елші келген. Және ол елшінің қай қауымға келгенін де анықтауға болады. Бұл сан тура жолдың алғашқы басталу мерзімін де белгілейді.

Көптеген дінді меңгерген ғалым сопы Арыстан баба арқылы Яссауи бабамызға Алланың белгісі пайғамбар аманатын жеткізгендігі туралы бүкіл ислам дін танушылары мойындайды.

Тоғызымда толғанбадым тура жолға,

Тәбәрік деп алып жүрді қолдан-қолға

Қуанбадым бұл сөзге, қаштым шөлге,

Сол себептен алпыс үште кірдім жерге

Менің хикметтерім Алладан пәрмен,

Оқып ұққанға бар мағынасы Құран.  (Құл Қожа Ахмет Яссауи )

Әулие бабамыздың артынан көптеген ізбасарлары тарап сопылар, ишандар, пірлер шығып Ислам дінінің түркі әлемінде өз орнын алып ғылым, білім дамып, сол бабамыз көрсетіп кеткен хикметтер арқасында Алланың қолдауымен қазақ атты ел болып тура жолдың жемісі ұлан байтақ жерге, сарқылмас қазынаға, Алланың Нығметіне еге болып, өмір атты көштен өз орнымызды таба білдік. Уақыттар өтті, ғылым білім дамыту  қажеттілігі туындады,  сондықтан Алла тағаланың сынағымен ғылымға құмар елге бодан болып европаға есік ашылды.

«Жер жүзіне сондай-ақ мүбада бір бейнет келетін болса, ол жаратушымыздан бұрын Кітапта жазулы. Шәксіз осы Аллаға жеңіл» (Хадид – 22)  «Алладан бұйрықсыз ешбір қайғы-қасірет болмайды. Ал және кім Аллаға иман келтірсе, оның жүрегін түзейді. Алла барлық нәрсені толық білуші». (Тағабун – 11)

     Алладан бұйрық болып егемендікке қол жеткіздік негізінен иман келтірген халық болғандықтан тура жолды жалғастыру пәрмен болды.

«Тура жолды түсіндіру Аллаға тән. Ол жолдың қисығы да бар. Егер Алла қаласа барлығыңды тура жолға салар еді». (Нахыл – 9)  Әрине бірден тура жолды ұстап түсініп кету мүмкін емес. Тек нағыз Алланы толық танумен ғана тура жолды табады. Сондықтан қарама-қайшылықтар болып сынақтар арқылы түсіндіре бастады жаратушымыз. Орта жол өкілдеріне толықтыру үшін тақуаларды және зікіршілерді бір-біріне сынақ  қылып, негізінен  біріксе үш топ та өз бағыттарын Құранға сәйкестендіріп, жетпейтінін бірінен-бірі үйренсе шариғат ісі болып шығады. Сол сияқты халықты зираттатып, тылсымнан бата алып қасиетін ашып, тура жолдың  негізгі ерекшелігін дәріптеп жүрген осындай үш топ та біріне-бірі сынақ болып, халық арасында түсінбеушіліктер туса, ал орта жолдың уәкілдері оған мүлдем қарсы. Демек құран аяттарына, жаратушымыздың үкіміне қарсы. Бүкіл дәлел және жақсылық та, жаманшылық та Алладан деп түсіну иман шарты болса, ал жаманшылық өзіңнің қол екі істегеніңнен деп білерсің деген аятта. Бүкіл халық адасуы немесе өзінен-өзі ерекше хикметтің пайда болуы мүмкін емес. Сондай хикметтер болмаса халық шұбырып бір адамның соңына ермейді, тек құран арқылы ғана ара жікті анықтап талу керек. Енді сол себептердің ара жігін ашып көрсек, «Ақ ана» тобында шариғат жолын ұстап зираттау болғанымен, өліктермен тілдесуде қателіктер бар.  «Эктоплазма» «Топоплазма» арқылы пенденің тазаруда жүрген немесе «Мәуа» жаннатындағы кісілермен байланысқа түсіп ақыл кеңестер алады. Бұл дүние жүзінің  тәжірибесінде бар және толық мағлұмат болмайды да пенденің қасиетті меңгеру және сананың толық кемелет табуына мүмкін бола алмайды. Және жоғарғы әлем Алла достарымен шапағатшылармен байланысқа түсе де алмайды. Тек ерекше қасиет егелері ғана өз тапқан жібі арқылы байланыста болады. Оны турарақ жол деп атауға болады, тек бата алып берем деп халықты босқа алдауға болмайды. Бұл топтың негізінен халықтардың сенімін бекітіп, иманға келіп жатқандығы тек әулие-әмбиелердің шапағаты арқасында және мұсылман парыздарын міндетті түрде орындау болып сенімге еге болады. «Ермек» атты топтың да осындай қағидаларды ұстауымен және қара бақсылық «Магия» жолын дәріптеушілер мен ұстаушылар болып табылады. Әрине Сүлеймен пайғамбардан қалған жындарды байлап адам баласына қызмет жасатуға міндеттеп басқара білген дін ғұламалары болған. Бірақ  аспан әлемі жиілігі өзгеруімен бірге бүкіл жаратылған нәрселердің өрісі, жиілігі өзгеріп міндеттері өзгеріске ұшырады, сондықтан да бесінші әлем киесімен байланыс орнатылып, бүкіл ем-шипасы, көп дұғалар, тұмарлар, әртүрлі мұсылман қорғандары келесі жиілікке өтіп қара дұғаға айналып зиян тигізе бастады, тигізіп те жатыр. Ондай жағдайға түскен адамда аян, түс тоқтайды және үнемі қорқынышта болып жүйке ауруына ұшырайды. Жындану, естен тану сияқты аурулар көбейе бермек. Тек осы топтың ішіндегі қасиетті жандар ғана өз мүмкіндігі қасиеті жабылғанша қызмет етіп сонан соң жабылып өзі қыспаққа түсе бермек. Санаға жол мүлдем жабылады немесе Ібілістің қақпанына түседі. Бұл жолдың да өміршеңдігі тек әулиелерді аралап толық болмаса да шипа алумен ғана шектеледі.

      Енді «Ақ ұл» тобына келсек батаның да, ем-шипаның да хикметтері белгілі дәрежеде өз жемісін бере бастады. Өкінішке орай көбейген сайын салғырттық  басталып, ішкі жағынан үш топқа бөліне бастады. Киім дәретін сақтап, аянмен және батамен жетеленіп жатқан негізгі шариғат жолын берік ұстағандар тобында қасиеттерді меңгеру арқылы тура жолдың айқын белгілері көрініп, халық ризашылығына бөленіп жатса, екінші топ тек дәрет тазалық сақтауды уағыздап арам астан аулақ болып, тек батамен ғана халықты ертіп жатқандар тобы болып, ал қалай болса солай киініп, әйелдері болса шалбарланып алып, кейбіреулері тек зияраттау немесе белгілі орындарда орамал тартып, еркектер ауызда темекі, т.б жаман әдеттерінен құтыла алмай жүріп, тағы басқаны түземек болып  ақыл айтып «Ақ жол» деп шапқылап жүргендер де жетерлік. Әрине олардың да соңынан өздері сияқты пенделер ереді. «Қотыр атқа соқыр ат үйір болар» деген қазақта. Алла тағала ғана иман береді, сондықтан ондай көңілі соқырларға бола Алланың үкімін жоққа шығарып теріс айналуға болмайды. Қарама-қайшылық белгілер ғана ғылымның да, діннің де арқауы болмақ. Жаманды көрмесең немесе ақтың қасиетін білу үшін қараның түрін, түсін, артық, кемшілігін білу шарт болса, қандай бір дамудың өсіп-өнудің басты шарты, ішкі қайшылықтар болу керек. Соғыстар, апаттар, ірілі-кішілі ғана сынақтар арқылы адамзат дамиды. Егер қоғамда ұры болмаса, сондай-ақ арамза да қу да болмаса біртекті адамдар ғана өмір сүрсе, түбі азып адасуға, жер бетінен жойылуға соқтырады. Сондықтан патшаның ақылдылығы солардың бәрінің басын қоса біліп, бір мақсатқа кызмет жасату болып табылса, сол сияқты топ бастаған жол басшының да Алла тағала тарапынан берілген үкімі сондай болмақ. Пайғамбарымыз өте кешірімшіл, мейрімді болмаса дін тарамас еді, ал қатал да айтқанын орындатпай тынбайтын сахабалар болмаса дін өз дәрежесінде аяғынан нық тұрмас еді. Бір адам бәрін неге түземейді деген ақымақтық ой ғана. Негізінен иман келтіріп мешіттерде сәждеге жығылып жатқан, жалпы Алланы тануға жол ашып жатқан осы топтар. Сондықтан да қазақ дін танушылары бірін-бірі қудалай бермей құраннан үгіт алса, мешіт арқылы түсіндірсе, нұр үстіне нұр болып әлемге әйгілі мемлекетке айналып өз ерекшелігімізбен таныларымыз сөзсіз. Тек пікір талас арқылы бірін-бірі қудаламай және нақты дәлел іс-қимыл, ғылыми сараптама жасау арқылы түсіндіретін кез келді. Құран аяттарын тауық құсап әр жерден теріп, бір сөз немесе бір аят арқылы емес он сүреден нақты шешімін айтатын дін танушылар керек.

      «Алланың аяттары турасында қарсы болғандар ғана тартысады. (Мұхаммет пайғамбар) сені олардың мемлекеттерде кезіп жүрулері алдамасын» (Ғыфыр – 4) Сол сырттан келген тақуалар мен тәпсіршілер ықпалына орта топтың бір  қатары  түсіп, дау-дамай мемлекет деңгейіне дейін көтеріліп жатыр.

«Алланың аяттары турасында тартысқандарды көрмейсің бе? Қалайша айналдырады?» (Ғафыр – 69) Аяттар турасындағы тартыстар барлық ғылымға ортақ білім тек есеп жүйесімен ғана шешіледі. Есепсіз дүниені баспасөз бетіне жариялауды тыйым салған жөн. Себебі «Алла есепшілердің ең жүйрігі, сақ боларсыңдар» деп ескерткен аятта.

«Шын мәнінде сондай аяттарымызды бұрмалаушылық жасағандар Бізге жасырын емес. Ендеше отқа тасталған біреу жақсы ма? Немесе қиямет күні аман-сау келген біреу жақсы ма? Қалағандарыңды істеңдер. Сөзсіз Алла істегендеріңді толық көруші». (Фуссилат -40)

«Құранның мүлде шын екендігі айқындалғанға дейін әлемдегі және өздеріндегі белгілерді жедел көрсетеміз. Расында Раббыңның әр нәрсеге куә екендігі саған жеткілікті емес пе?». (Фуссиллат – 53) Демек әлемнің барлық мемлекеттері белгіленіп жатса, сол сияқты пенделерге де белгілер түсіп, аянменен ескертіліп жатыр, онда қағида да өзгеріске ұшырап жатыр. Дерек тану ғылымдық мекемесін ашып, тығырықтан шығар жол іздейтін уақыт жетті.

      «Сөзсіз сендерден өтірік деушілердің барлығын анық білеміз.(49) Өйткені Құран қарсы келушілер үшін қасірет! Шүбәсыз ол құран шындық». Құран аяттарының үгітіне құлақ асып қана өмір сүрген, барлық құлшылық амалдарын құран арқылы ғана жасаған мемлекет немесе жеке пенде болсын бақытты болашақтан үміт ете алады, ал қалғандарға қасірет келді.  Оған дәлел аятта; «Алла (т) бір адам баласымен көкейіне салу түрінде немесе перде артынан ғана сөйлеседі; Не бір елші жіберіп, өз бұйрығымен қалағанын уахи етеді. Күдіксіз ол, өте  жоғары, хикмет иесі». (Шура – 51) Мұса пайғамбар алғашқы болып Алламен тілдессе, екінші Алла тағаланың пенделермен тілдесуі өзгеріске ұшырап дамыды, басқа сипаттарға ауысты, хикмет арқылы елшілер белгіленіп үнемі бүкіл адамзат баласын ғылым білім және жақсылыққа қарай жетектеп ескертіп отырады. Енді рухпен байланыс уақытының шамасын есептеп көрейік. Ол үшін аят орын мәнін алып, сол уақыт аралығын айқындауға болады. Бұл аяттың сан мәні 4416 санын беріп сол уақыттан бері осындай уақыт өткенін анықтауға болады. Перғауын мұнарасы да осы шамада күйдірген батпақтан тұрғызылған. Елшілік адам бойындағы құпия қасиет белгі. Кейбір пенделер өмір бойы өзінің өмірге неге келгенін біле алмай өзін-өзі таба алмай арпалысып өтіп жатқандар қаншама айналамызда, сондықтан кез келген адам баласы меңгере алмайды, өзінде барды ақыл да, ой да анықтай алмайды. Алланың жібінен ұстап қана айқындала бастайды. Пайғамбар ерекше қасиеттеріне байланысты елші де болады, ал керісінше елшінің бәрі жиналып пайғамбар бола алмайды. Мұхаммет пайғамбарымыз елшіліктің жоғарғы дәрежесін қоса меңгерген, оған болашақ басылымда тоқталамыз.  Қазақ халқына бақ келді, елшіні айқындап мөр басылып қазақтың ұл қыздары екі елдің кіші елшісі атанып өліктерді сөйлестіріп жатыр. Ол жолдың жол басшы мөрдің иелігі Момбай ұлы Қыдырәлі Тарыбаев. Сонда да қарсы болатындар үшін ескерткен.

      «Олар, егер Құран арқылы таулар жүргізіліп, жер бөлшектеніп және өліктер сөйлестірілсе де ( сенбейді ). Алайда, барлық іс Аллаға тән. Мүміндер аңғармады ма? Алла қаласа еді, адамдарды тұтас тура жолға салар еді. Қарсы болғандарға Алланың уәдесі келгенге дейін қылықтарының салдарынан үнемі соққы жетеді немесе жұрттарының маңына түседі. Күдіксіз Алла серттен таймайды». (Рағыд -31) Бұндай ескерту апаттар бұдан былай тоқтамайды, сенбегендер үнемі сынаққа түсіп жазылмайтын ауруларға ұшырап, ем қонбайтын аурулар пайда болып, ұрпақсыздық, кенеттен келетін қайғы-қасіреттер, қазақ жерінің халқы үшін сынақтар басталып кетті. Ендігі кезек лауазымды пенделер мен бәрін ақшаға айырбастап жүргендерге де келіп қалды. Әрине бұл жаратушымыз бізге беріп жатқан нығметі, жақсылығы деп түсіну керек. Тозақта ұзақ жатып қалып ұрпақ азып, жойылып немесе басқа ұлтқа жанның ауысқанынан қиындық қыспақтармен өз нәсілдік белгі сақталғаны абзал. Жоғарғыдағы аят сан мәні 2531 болып хижра жыл санауымен сол уақытта жер бөлшектенеді яғни енді 1104 жылдан кейін үлкен апаттар басталады жер бетінде. Кіші мемлекеттер ішіндегі жеке пенделердегі сынақтар тоқтамайды жалғаса бермек. Қазір 16 млн. халқымыздың 70 мың адам жүрек ауруына шалдығып дүние жүзінде екінші орынға ие болдық. Сол аурулардың 70 пайызы «Ақ жол» ордалары арқылы жазылып қасиеттің қыспағы немесе бойдағы арам, лас істерден, сөздерден пайда болған шайтан лағы (қоздырғыштар) екендігіне әзір сендіру қиын. Бірақ Алла тағала ғана иман береді және бұйырғанын өзгертуші жоқ, тура жол бәрібір жемісін береді.

     Алдыңғы кітапта ескерткендей жүзден жүйрік мыңнан тұлпарлар шыға бастады, Ванга әжейден де  асып түсетін көріпкел ұл қыздарымыз пайда болып, халыққа шипасын тигізіп те жатыр. Болашақ миллиондаған қаражатқа алған күрделі дәрігерлік аспаптарға қарсы  бір ғана аққу, сұңқарымызды қойып адам мүмкіндігінің жоғары екенін дәлелдемек ойымыз бар, өкінішке орай қазақ ғылымдары өздері сынаққа түспей мойын бұра қоймас. Бар үміт шетел зерттеушілерін тарту ғана. Сол сияқты дүние жүзілік маңызы бар Отырар кітапханасы табылады. Аянмен көрдім жер астында сақтаулы тұр. Сол кітапханадан Тәураттың да Інжіл, Забурдың да түп нұсқалары болуы керек. Оған да белгілер бар қазақ жерінде. Ол үшін дін басыларынан бастап ғалымдарымыз, үкімет басшыларымыз құран үгітін мойындау керек. Бәрібір мойындатады, бірақ та жаза арқылы, сондықтан судың да сұрауы болса, халық тағдырының сұрауы одан да зор болар. «Тура жолдың да қисығы бар» деп ескерткендей әзір толық тура жолды тапқан адам жоқ, әлі тура ақ жолмен және  қисығымен келеміз, себебі тура жолдың толық қағидасы «Сәни дәптерде». Тура жол  бесінші аспан әлемімен байланысты болса, сол аспанда Яссауи бабамыз көтеріліп, намаз оқыған мешіт бар, енді соған тағы да  қазақ баласына аяғы тиюі керек, құр ойды қумай соған жарысайық дін танушы және қасиетті ағайындар. Сонда ғана қазақ халқы жаратушымыздың ризашылығына бөленіп әлем алдына шығары сөзсіз. Оған дейін халықты иманға шақыру үшін «ден саулық» құжырлы мекемесімен  «мәдени құжырлы» мекемесін бір мүддеге жұмылдырып арасын мешіт дін басқармасымен қосып ақыл-кеңес орталығына айналдырып, сол үш бұрыштың ортасын ақ жол ордаларымен толтырып, өліктерден ақыл-кеңес алып отырса, қазақ елі әлемнің жан саулығының үлгісіне айналары сөзсіз. Бірақ арман әзірше, себебі  қазақ ойшылдарымыз басы немен басталғанын білмей-ақ аяғын болжауға кірісіп кетті. «Қай ғылым да дінде сол жолдарда халықтың мұқтажынан туындап қажеттілігін өтеуі керек. Ертең не болатынын көріп біліп отырып керексіз нәрсеге тырбанушылық ақымақтық болмай ма?». (Әл – Фараби)

      Ақиқаттың жаршысы болып өз нысандарын қадап кеткен, сондай қазақ даналарын өмірге әкелген аналарымыздың алдында тағзым ете отырып, сол данышпан аталарымыздың кейінгі ұрпаққа қалдырған мирастарына, табиғи даналығына, бізге қалдырған құны жетпес салт-дәстүрін қайта жаңғыртып, екі жолдың тоғысында көш бастауға қазіргі ұрпақтарға аманат етті  әулие аталарымыз. Әулие бабамыз жүрген ізді қайталау мүмкін емес, сондықтан жаратушымыздың түсірген асыл кітабымен қайта қауыштыру парыз және аруақтар аманаты деп біліңіз. Сол аманатты жүктеген пенденің бірі болып, алдағы жоспар том-том тәпсірлермен бабамыздан қалған мұраны бір жағына қойып, құран аяттарын төреші қылып таразыға түсу мақсатым. Сондықтан да көкірегінде сәулесі бар ұлттық намысын жоғары ұстаған қазақ бауырларымды, құран аяттарының сыртқы сәнін іздемей ішкі мәніне үңіліп зерделеуге шақырамын. «Жалғыздың үні шықпайды» деген аталарымыз, әбден бойға әдетпен сіңіп, артын қорқынышқа айналдырып, Алланың хикмет болмысын ғылымсыз сипаттаумен танытып жатқан орташа топтың ішінен де қарсы болатындар табылар. Бірақ та алда әлі ғылымнан  хабары бар пендені бей жай қалдырмас, әлемдік мәні бар таңбалар мен сырлар бар айтылатын. Тек көңілі соқырлардан,  «білемдерден», тоң мойын сыңар езулерден ғана күдік бар, себебі алғашқы кітапты да таратуға қарсы болып көлденең тұрғандар жүр арамызда. Олар үшін де шындықты жазбақ ойда бар, алда мүмкін тәубеге де келер деген де үміт те жоқ емес.

     Абайды сабап, Шәкәрімді атып, талай асылдарды да сатқан әлі де сатып жатқан өзіміз. Әл-Фарабидей ғұламаны да елге сыйғызбаған надандар. Шайтан да пенде, өмір сүруге еркі бар. Жаратушымыздың адам баласына берген сынағы: Әуелі өзіңді таны, күрес сол үшін, жеңе біл, сонда ғана жаратушыға жақындайсың. Сол сынақтардан өтіп қана пенде баласы адам санатына қосылып көкжиекті көре бастайды. Бар үміт сөзіне берік, шындық үшін жан берер, адал да оқығанынан тоқығаны көп, жасынан көкжиекті көріп өскен, жігерлі шалдарымыз бен тектілігін сақтай білетін тәрбиелі  жастарымызға сенейік, ескіргенді жамап, тозғанды толықтырып ұстатайық ұрпағымызға, өсіп келе жатқан жастарымызға. Аманатқа қиянат жасамайық, ағайын! Ескертіп те жатыр әулие бабалар батаменен тылсымнан.

Мүмкін жеткізе алмаған жерлерім де кемістігі де болған шығар, сондықтан да бұрынғы өткен бабалар салтымен: Әуелі сол даналардан және келешек өсіп келе жатқан балалардан да кешірім сұрай отырып, келесі кітап жүзінде кездескенше мал жаның аман болсын, ағайын!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *